Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алматыда «Ақтау декларациясы: синергия және локализация» бірлескен форумы өтті

08.10.2015

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қоғамдастығы, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ), сондай-ақ Қазақстандағы үш ірі мұнай-газ кен орындарының операторлары - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (бұдан әрі - НКОК), «Теңгізшевройл» ЖШС (бұдан әрі - ТШО) және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» (бұдан әрі- ҚПО) 6 қазанда Алматы қ. «Ақтау декларациясы: синергия және локализация» Жеткізушілердің бірлескен форумын өткізді.

Аталған ынтымақтастықтың табысты аспектілерінің бірі «ҚР-да жергілікті қамтуды дамытудың тұжырымдамалық жобасын қолдауда» көрсетілген, 2012 жылғы қыркүйектегі «Бірлескен іс-әрекеттер туралы Ақтау Декларациясының» принциптерін енгізу және іске асыру болып табылады.

ҚПО бас директорының орынбасары, Марат Кәрімов атап өткендей, ҚПО жергілікті қамтуды дамыту бойынша ҚР Үкіметінің бастамаларын қолдайды, осы міндетке қол жеткізу үшін Республиканың өкілетті органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

«Тұрақты даму және озық тәжірибені беру арқылы жергілікті әлеуетті арттыру біздің қызметіміздің негізгі бағыты болып табылады. Аталған форум ҚПО жобаларында қазақстандықты қамтуды арттыру мүмкіндіктерін талқылау үшін алаң болып табылады, сондай-ақ барлық қатыстырылған тараптардың мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді», - деді Марат Кәрімов.

«Ақтау Декларациясында көрсетілген басымдықты бағыттар ТШО мен басқа компанияларға қазақстандық қамтуды дамыту бойынша әрекеттерді үйлестіруге мүмкіндік береді, бұл Қазақстан Республикасы үшін ұзақ мерзімді пайда әкеледі», - деп атап өтті ТШО бас директоры Тим Миллер.

Декларация Қазақстан Республикасының ірі мұнай-газ операторларының жергілікті қамтуға қатысты қызметінің келесі басымдықты бағыттарын дамыту ниеттерін көрсетеді: машина құрылысы саласын және қызметтер саласын дамыту, кадрлық әлеуетті және Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды дамыту (ҒЗТҚЖ), алдын-ала білікті бағалау процесін сәйкесдендіру және тендерлік рәсімдерді сәйкестендіру, сондай-ақ қазақстандық өнеркәсіптің бірыңғай деректер қорын құру. Декларация мақсаттарын орындау ҚР Энергетика министрлігі басқаруында және бақылауында.

НКОК Басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев, Ақтау Декларациясының ережелері 2015-2017 жж. жергілікті қамтудың дамыту бойынша әзірленген Орташа мерзімді жоспардағы негізгілердің біріне айналғандығын ерекше атап өтті. «НКОК жергілікті қамтуды одан әрі дамыту және Ақтау Декларациясы ережелері негізінде осы жұмысты жетілдіру үшін айтарлықтай әлеует көруде», - деді Жақып Марабаев .

Форумның негізгі мақсаты– бұл Декларацияны орындау мәртебесі туралы индустрияны таныстыру, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер өндірісі бойынша отандық нарықты дамытуға жәрдемдесу және мұнай-газ секторы үшін талап етілетін басымдықты тауарлық топтарды оқшаулау.

Форум жұмысына 70-тен астам қазақстандық машина жасау және инжиниринг кәсіпорындары, 30-дан астам шетел өндірісшілері, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Инвестиция және даму министрлігі өкілдері қатысты.

Форум ұйымдастырушылары Қарашығанақ, Солтүстік-Каспий және Теңгіз кен-орындары жобаларына шолу жасады және қатысушыларды ұзақ мерзімді және орташа мерзімді келешекте басымдықты тауарлар категориялары бойынша қажеттіліктермен таныстырды. Сондай-ақ жеткізушілер жабдық стандарттары және спецификациялары бойынша операторлардың техникалық талаптарымен танысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті қолдау бойынша Басқарушы директоры Серік Кеулімжаевтың айтуынша, бүгінгі іс-шара - жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді, өндірістерді құру мәселелерін талқылау, бизнесті кеңейту, мемлекет және ірі, орта бизнес тарапынан нарықтың барлық өкілдерімен байланыс орнату үшін тиімді алаң.

Іс-шара ұйымдастырушылары аталған форум шетел инвестицияларын да, ішкі күрделі қаржы жұмсалымдарын да тартуды, жаңа технологияларды беруді ынталталандыратындығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы қазақстандық қамтуды дамытуға жаңа күш беретіндігіне сенеміз.

Форум қорытындылары бойынша келесі Өзара түсіністік және мақсаттар туралы меморандумдарға қол қойылды:

1. Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі мен «Теңгізшевройл» ЖШС арасында

2. «ҚазТурбоЖөндеу» Сервистік орталығы ЖШС мен Magnatek арасында

3. Wood Group, KING және ҚазСтройСервис арасында

4. СТАМКОМ және Bolt&Nut manufacturing Limited (UK) арасында

Ұйымдастырушылар туралы

“KAZENERGY” қауымдастығы

2005 жылы құрылған және энергетикалық компаниялар, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогқа жәредемдесе отырып, шамамен 50 заңды тұлғаларды біріктіреді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компания –Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекет мүдделерін ұсынушы көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа, акцияларының 10 пайызы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі.

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» әріптестері келесі компаниялар болып табылады: “Би Джи Груп” (29,25 пайыз), “Эни” (29,25 пайыз), “Шеврон” (18 пайыз), “ЛУКОЙЛ” (13,5 пайыз) және "ҚазМұнайГаз" (10 пайыз). 1997 жылы бірлескен кәсіпорын бойынша әріптестер мен Қазақстан Республикасы үкіметін ұсынушы Уәкілетті орган Қарашығанақ кен орнын игеру мақсатында компанияны құрды. 2038 жылға дейін Қарашығанақты бірлесіп дамыту шарттарын анықтаған Өнімді бөлу туралы қорытынды келісімге қол қойылды (ӨБҚК).

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» 1997 ж. 18 қарашадағы түзетулермен және толықтырулармен Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу келісімі шеңберінде он бір теңіз блоктарында көмірсутек қорларын бағалау және әзірлеу бойынша Оператор ретінде консорциумның жеті қатысушысы атынан әрекет етеді. Консорциум мүшелері келесі акция үлестеріне ие: «ҚMГ» - 16,88%, «Эни» 16,81%, «ЭксонМобил» - 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» - 16,81%, CNPC – 8,33%, «ИНПЕКС» - 7,56% .

«Теңгізшевройл» ЖШС

«Теңгізшевройл» ЖШС шикі мұнай, газ және күкірт өндірісін және өтімін жүзеге асырады. Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сәйкес жүргізіледі. «Теңгізшевройл» 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды. Қазіргі уақытта «Теңгізшевройл» ЖШС әріптестері келесілер болып табылады: «Шеврон» корпорациясы - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>