2025 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелер
30.10.2025
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2025 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2024 жылғы тоғыз аймен салыстырғанда 2025 жылғы тоғыз айдағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру 10,0% артып, 19 843 мың тоннаны құрайды;
- Мұнай тасымалдау 1,1% төмендеп, 62 503 мың тонна болды;
- Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 11,7% ұлғайып, 15 770 мың тоннаны құрады.
| 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|
| Өндіру: | |||
| Мұнай және газ конденсаты, мың тонна | 19 843 | 18 047 | +10,0% |
| Газ, млн м3 | 8 652 | 7 202 | +20,1% |
| Тасымалдау, мың тонна | 62 503 | 63 197 | -1,1% |
| Өңдеу, мың тонна | 15 770 | 14 122 | +11,7% |
Өндірістік көрсеткіштер, егер басқаша көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелік ету үлесіне және толық шоғырландырылатын еншілес ұйымдардың 100% көрсеткіштеріне сәйкес берілген. Есеп көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеп көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез келген ықтимал түзетулер операциялық нәтижелерге материалдық тұрғыдан әсер етпеуі керек.
Көмірсутек шикізатын өндіру
ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2025 жылғы тоғыз айда 19 843 мың тоннаны (тәулігіне 553 мың баррель) құрады, бұл 2024 жылғы тоғыз айдағы деңгейден 10,0%-ға жоғары. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 20,1%, яғни 8 652 млн м³ дейін ұлғайды.
| Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна | 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| «Өзенмұнайгаз» АҚ | 3 811 | 3 809 | +0,03% |
| «Ембімұнайгаз» АҚ | 2 111 | 2 077 | +1,6% |
| «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ | 2 300 | 2 302 | -0,1% |
| Өзге де операциялық активтер | 2 447 | 2 460 | -0,5% |
| Операциялық активтер жиыны | 10 667 | 10 647 | +0,2% |
| Теңіз | 6 093 | 4 296 | +41,8% |
| Қашаған | 2 259 | 2 306 | -2,0% |
| Қарашығанақ | 823 | 798 | +3,2% |
| Мегажобалар жиыны | 9 176 | 7 400 | +24,0% |
| Жиыны | 19 843 | 18 047 | +10,0% |
Операциялық активтердегі өндіру
2025 жылдың тоғыз айында Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз бен Маңғыстаумұнайгазда мұнай өндіру өткен кезеңнің нәтижелерімен шамалас деңгейде. Бұл ретте есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Ембімұнайгазда газ өндіру 10,5% өскені байқалады. Бұл көрсеткіштің өсуі газ факторы жоғары ұңғымалардың пайдалануға берілуімен байланысты болды.
Мегажобалардағы өндіру
Теңіз кен орнында мұнай мен газ конденсатын өндіру 41,8% артып, 6 093 мың тоннаны (тәулігіне 179 мың баррель) құрады. Ілеспе газ өндіру 49,5% артып, 3 499 млн м3 құрады. Өсу Болашақ кеңейту жобасы аясында үшінші буын зауытында өндірістің басталуына байланысты болды (2025 жылғы қаңтар).
Қашағанда өндірілген мұнайдағы газ факторының жоғарылауына байланысты мұнай мен газ конденсатын өндіру 2 259 мың тоннаны (тәулігіне 66 мың барр.) құрап, 2,0%-ға төмендегенін көрсетті. Газ өндіру 1 479 млн м3 құрады, мұны өткен кезеңдегі нәтижелерімен салыстыруға болады.
Қарашығанақта мұнай және газ конденсатын өндіру 3,2%-ға артып, 823 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың барр.) құрады. Өсім Қарашығанақтың өндірістік қондырғыларында шикі газды қабатқа кері айдау көлемдерінің ұлғаюымен байланысты. Бұл ретте қабатқа кері айдауға дейін газ өндіру 10,8%-ға өсіп, 1 888 млн м3 құрады.
Көмірсутек шикізатын тасымалдау
Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 1,1%-ға, 62 503 мың тоннаға дейін азайды.
| Мұнай тасымалдау[1], мың тонна | 2025 ж. 9А (100%) | 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 33 223 | 33 223 | 33 653 | -1,3% |
| «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС | 14 484 | 7 242 | 6 916 | +4,7% |
| «МұнайТас» СБТК» ЖШС | 4 436 | 2 263 | 2 160 | +4,8% |
| Каспий құбыр консорциумы (КҚК) | 55 504 | 11 517 | 10 059 | +14,5% |
| Құбырлар арқылы тасымалдау жиыны | - | 54 246 | 52 788 | +2,8% |
| Каспий теңізі | 1 403 | 1 403 | 1 633 | -14,1% |
| Ашық теңіздер[2] | 6 854 | 6 854 | 8 776 | -21,9% |
| Теңіз арқылы тасымалдау жиыны | - | 8 257 | 10 409 | -20,7% |
| Барлығы | - | 62 503 | 63 197 | -1,1% |
Мұнайды магистралды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 2,8%-ға ұлғайып, 54 246 мың тоннаға жетті. Негізгі өсім Теңіз кен орнында Болашақ кеңейту жобасын іске асыру есебінен КҚК жүйесі бойынша Теңіз мұнайын тасымалдау көлемдерінің ұлғаюына, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары бағытында ішкі нарыққа жеткізу көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 20,7%-ға азайып, 8 257 мың тоннаны құрады, бұл Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырындағы технологиялық шектеулерге байланысты Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай жеткізуді уақытша тоқтатылуы, сондай-ақ «Тараз» және «Лива» танкерлеріне инертті газ жүйесін орнату үшін олардың жоспарлы жаңғыртуға шығарылуы себеп болды.
Ашық теңіздерде тасымалдау көлемінің азаюы 2025 жылғы наурыздан бастап Каспий құбыр консорциумы тарапынан Афрамакс үлгісіндегі танкерлерге партиялар санын бөлу жоспарын қайта қарауымен байланысты болды.
Жүк айналымы
| Жүк айналымы, млн тонна*км | 2025 ж. 9А (100%) | 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 26 495 | 26 495 | 26 197 | +1,1% |
| «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС | 12 941 | 6 470 | 6 219 | +4,0% |
| «МұнайТас» СБТК» ЖШС | 1 874 | 956 | 884 | +8,0% |
| Каспий құбыр консорциумы | 75 364 | 15 638 | 13 119 | +19,2% |
| Жиыны | - | 49 559 | 46 419 | +6,8% |
Мұнайдың жүк айналымы 6,8% өсіп, 49 559 мың тоннаны құрады, бұл өсім КҚК жүйесі бойынша экспорт көлемдерінің және мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнайды ішкі тасымалдау көлемінің өсуімен байланысты.
Көмірсутек шикізатын сату
ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 8,6%-ға артып, 19 922 мың тоннаны құрады, оның 66,6%-ы экспортқа жөнелтілді. Өткізу көлемінің артуы Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын іске асыру есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты.
Ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне сұранысын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын жеткізу 6 661 мың тоннаны құрады.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
| Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна[3] | 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| АМӨЗ | 4 417 | 4 422 | -0,1% |
| ПМХЗ | 4 169 | 3 973 | +4,9% |
| ПҚОП | 2 319 | 2 067 | +12,2% |
| Caspi Bitum | 253 | 297 | -14,6% |
| Қазақстандық МӨЗ жиыны | 11 159 | 10 758 | +3,7% |
| Петромидия | 4 330 | 3 162 | +37,0% |
| Вега | 281 | 203 | +38,8% |
| KMG International МӨЗ жиыны | 4 611 | 3 364 | +37,1% |
| Жиыны | 15 770 | 14 122 | +11,7% |
КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға өсіп, 15 770 мың тоннаны құрады:
- Қазақстандық МӨЗ-де өңдеу көлемі 3,7%-ға, яғни 11 159 мың тоннаға дейін өсті. Өсім негізінен өткен жылдың ұқсас кезеңінде жоспарлы жөндеуден өткен ПҚОП-тың 2025 жылғы үздіксіз жұмысына байланысты.
- Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 37,1%-ға ұлғайып, 4 611 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің едәуір өсуі жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілген және жеңіл гидрокрекинг қондырғысының іске кеш қосылуы тіркелген 2024 жылдың 9 айынан айырмашылығы – есепті кезеңде «Петромидия» МӨЗ-дің тұрақты операциялық қызметімен түсіндіріледі.
Мұнай өнімдерін шығару
| Мұнай өнімдерін шығару, мың тонна | 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|---|
| Қазақстандық МӨЗ | Бензин | 3 441 | 3 157 | +9,0% |
| Дизель | 3 918 | 3 369 | +16,3% | |
| Өзгелері | 2 920 | 3 218 | -9,3% | |
| Жиыны | 10 278 | 9 744 | +5,5% | |
| KMG International МӨЗ | Бензин | 1 219 | 827 | +47,4% |
| Дизель | 1 852 | 1 439 | +28,7% | |
| Өзгелері | 1 458 | 1 037 | +40,7% | |
| Жиыны | 4 530 | 3 303 | +37,1% | |
| Жиыны | Бензин | 4 660 | 3 984 | +17,0% |
| Дизель | 5 770 | 4 808 | +20,0% | |
| Өзгелері | 4 378 | 4 255 | +2,9% | |
| Жиыны | 14 808 | 13 047 | +13,5% | |
Қазақстан және Румынияның зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 13,5% ұлғайып, 14 808 мың тоннаны құрады:
- Қазақстандық МӨЗ мұнай өнімдерін өндіруді 5,5%-ға, яғни 10 278 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі ұлғайып: бензин мен дизель отынын өндіру тиісінше 9,0% және 16,3%-ға өсті. Бұл өсімге өндірістік процестерді оңтайландыру және басқа да мұнай өнімдерін (мазут, вакуумдық газойл және т.б.) шығаруды 9,3%-ға төмендету есебінен қол жеткізілді.
- KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 37,1%-ға артық мұнай өнімдерін өндіріп, 4 530 мың тоннаны құрады, бұл зауыттарда өңдеу көлемінің қалпына келуіне байланысты болды.
ҚМГ өз мұнай өнімдерін сатуы, мың тонна
| 2025 ж. 9А | 2024 ж. 9А | % | |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ішкі нарық | эксп. | барлығы | ішкі нарық | эксп. | барлығы | ішкі нарық | эксп. | барлығы | |
| Бензин | 1 395 | 9 | 1 404 | 1 178 | - | 1 178 | +18,4% | - | +19,2% |
| Дизель[4] | 1 750 | - | 1 750 | 1 297 | - | 1 297 | +34,9% | - | +34,9% |
| Өзгелері | 960 | 402 | 1 362 | 994 | 505 | 1 499 | -3,4% | -20,4% | -9,1% |
| Жиыны | 4 105 | 411 | 4 515 | 3 469 | 505 | 3 973 | +18,3% | -18,7% | +13,6% |
Қазақстанда өндірілген ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 13,6% ұлғайып, 4 515 мың тоннаны құрады. Өсім ішкі нарықта жеңіл мұнай өнімдерін өндіру мен сатудың ұлғаюымен қамтамасыз етілді: бензин мен дизель отынын сату тиісінше 18,4% және 34,9% өсті.
Полипропилен: өндіру және сату
| Полипропиленді өндіру және сату, мың тонна | 2025 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 9А (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Өндіру | 135,0 | 80,1 | +68,4% |
| Сату: | |||
| Ішкі нарық | 13,7 | 7,4 | +84,8% |
| Экспорт | 114,9 | 75,7 | +51,7% |
| Өткізілген көлемнің барлығы | 128,6 | 83,1 | +54,7% |
KPI зауытында полипропилен өндіру 68,4%-ға, яғни 135,0 мың тоннаға дейін өсті. Көлемнің ұлғаюы зауыттың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зауыттың тұрақты жұмысымен байланысты.
Полипропиленді сатудың жалпы көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 128,6 мың тоннаны құрады:
- Полипропиленді ішкі нарыққа өткізу көлемі 84,8% ұлғайып, 13,7 мың тоннаны құрады.
- Полипропиленді экспортқа өткізу көлемі 51,7% ұлғайып, 114,9 мың тоннаны құрады, жеткізілімдер негізінен Еуропа елдері мен Түркия бағытына қарай ұлғайды.
Толық ақпаратты сілтеме арқылы оқи аласыз https://www.kmg.kz/investors/reporting/
Байланыс: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтеріне мыналар кіреді:
- Барлау және өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (УО) – 100%, Доңға[5] – 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) – 50%, PetroKazakhstan Inc. (ПКИ) – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) – 50%, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Орал Ойл энд Газ» ЖШС (ООГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ[6] – 10%, Қашаған[7] – 16,88%.
- Тасымалдау: «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ – 100%, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – 50%, «МұнайТас» СБТК» ЖШС – 51%, Каспий құбыр арнасы консорциумдары[8] – (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (ҚТКФ) – 100%.
- Өңдеу және өзгелері: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N. V. – 100%, Петромидия – 54,62%, Вега – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС-100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) – 49,72%, «CASPI BITUM» БК» ЖШС – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) – 49,5%, «Силлено» ЖШС – 40%.
- Өзгелері: «KMG Drilling&Services» ЖШС – 100%, «Oil Services Company» ЖШС – 100%, «Oil Construction Company» ЖШС – 100%, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems&Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%, Mangistau Power B. V. – 49%.