Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Зерендіде шеберлік сағаты

17.07.2015

Бокстан Олимпиада чемпиондары Бақыт Сәрсекбаев пен Серік Сапиев Ақмола облысында Зеренді ауданында «Сұңқар» балалар лагерінде демалушылармен кездесті.

Бейжің және Лондон Олимпиадаларының жеңімпаздарымен кездесу балалар лагерінің үшінші маусымын ашу күні болып өтті. Даңқты боксшылар алдымен балаларға құттықтау сөздерін айтып, кейіннен арнайы шеберлік класын өткізді. Жас жанкүйерлер өздерінің пікірлерімен спарринг өткізіп, одан кейін бірге фотоға түсіп, қолтаңбаларын алды. Өз кезегінде «Сұңқарлықтар» қонақтарына шағын концерт көрсетіп, өздерінің шығармашылықтарымен қуантты.

Қазіргі уақытта елдің түрлі өңірлерінен мұнай саласы қызметкерлерінің отбасыларынан үш жүзден астам бала лагерьде демалып, жаңа достар табу мүмкіндігіне ие болды.

Серік Сәпиев, Бокстан Олимпиада чемпионы:

- Кездесу мақсаты балаларға біз жеткен жетістіктерге олардың да жете алатынын дәлелдеу, оларға спортпен айналысуға құлшыныстарын ояту және кездесумен қуанту. Балалармен кездесіп, олардың оттай жанған жанарларын көрген үлкен бір мәртебе. Осындай кездесулер өте маңызды. Біздің жеңістерімізге орай, олардың спортқа деген құлшынысы оянады. Мен лагерьде бала кезімде демалғанмын, әкем менің – шахтер. Бізге де жеңілдіктер болған. Ал бұл жерде «ҚазМұнайГаз» компаниясының жұмыскерлері үшін барлығы тегін.

Бахыт Сәрсекбаев, Бокстан Олимпиада чемпионы:

- Менің өзім бала кезімде лагерьде демалғанмын. Сондықтан мен үшін, осы балалар сияқты барлығы жаңаша. Барлығын өз көзіммен көрдім. Балалар лагері біздің балалар тәрбиесінде, олардың дамуында өте пайдалы деп санаймын. Сондықтан осындай іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын, балалар үшін осындай бір мереке ұйымдастырғандарға алғысымды білдіргім келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>