Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және ЛУКОЙЛ басшылары алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.02.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовмен кездесу өткізді.

Тараптар келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және қызметтің перспективті бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, компания басшылары Жеңіс пен Әл-Фараби – Каспий теңізінің акваториясындағы жаңа өндіру жобаларын игеру жоспарлары, сондай-ақ «Қаламқас-теңіз бен Хазар» жобасы бойынша бірлескен жұмыстың шарттары жөнінде пікір алмасты.

«ҚазМұнайГаз» және ЛУКОЙЛ Қазақстан Республикасының аумағында кейбір учаскелердің көмірсутек әлеуетін бағалау мақсатында жер қойнауын бірлесіп зерттеу туралы келісімі аясында стратегиялық серіктес болып табылады. Қос компания Қарашығанақ, Теңіз, Әл-Фараби, Жеңіс жобаларында, Каспий Құбыр Консорциумы мұнай тасымалдау жобасында, сондай-ақ Хвалынск және Орталық кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорындарға бірге қатысады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>