Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау облысында газ-химиялық кешеннің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды

28.12.2021

Атырау облысындағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-нің газ-химиялық кешенінде полипропиленнің 65 түрлі маркасын өндіретін зауыттың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды.

27 желтоқсанда жаңа зауыт Теңіз кенорнынан жеткізілетін пропанның алғашқы партиясын қабылдады. Қараша айында зауытқа азот пен құрғақ сығылған ауа берілді. Шілдеде зауыт «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нен  басты қосалқы станцияға электр энергиясын, кейін бастапқы тұзсыздандырылған, минералсызданған және техникалық суды сәтті қабылдады. Осылайша, зауыт іске қосу-реттеу жұмыстарына, іске қосу және өндіріске қажетті барлық ресурстарды қабылдауды аяқтады.

Жобаны жүзеге асыра отырып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жаңа бағыт – көмірсутекті терең өңдеуді игере бастады. Осылайша еліміз бен Атырау өңірі үшін жоғары экономикалық және әлеуметтік маңызы бар жаңа мұнай-газ химиясы саласы дами түседі. Бұл салаға салынған әр доллар экономикада қосымша 2-3 доллар пайда әкеледі және іргелес салаларда 7 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Зауыт іске қосылған соң кәсіпорында шамамен 500 жұмыс орны ашылады.

Құрылыс барысында 29 мың тоннадан астам металл құрастырылым монтаждалып, 165 мың текше метрден астам бетон құйылды, 2,5 мың километр кабель мен 261 километр технологиялық құбыр желісі тартылды. Бас мердігер - қытайлық CNCEC компаниясы, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 40-тан астам қазақстандық компания қатысты.

«Құрылыс қызған уақытта коронавирус пандемиясы басталып, карантиндік шектеулер енгізілді. Шекаралар жабылып, жабдық дайындаушы зауыттар жұмыстарын тоқтатты, дегенмен біз құрылысты тоқтатқан жоқпыз. Қабылданған шешімдер арқасында, сонымен қатар Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры басшылығының қолдауымен бөлінген қаржыны жеткізіп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпедік», - дейді басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дамир Әшімов.

Пропан кешен аумағына темір жол арқылы вагон-цистерналармен жеткізіледі. Эстакадада америкалық EMCO WHEATON компаниясының саңылаусыз пропан құю жабдығы орнатылған, ары қарай шикізатты италиялық SIAD компаниясының компрессорлары айдайды. Орташа алғанда тәулігіне жалпы көлемі 2 300 тонна болатын 72 вагон құйылады.

«Теміржол эстакадасында операторлар шикізатты құйып алады, кейін ол газ қауіпсіздігін анықтайтын жүйемен жабдықталған пропанды сақтау паркіне айдалады. Әрі қарай пропилен алу үшін пропанды дегидрлеу қондырғысына жіберіледі. Ал полимерлеу қондырғысында соңғы өнім – полипропилен алынады», - дейді зауыттың бас инженері Денис Козырев.

Кешеннің қуаты – жылына 500 мың тонна полипропилен. Ол машина құрастыру, медицина, электроника салаларында негізгі шикізат болып саналады, қаптау материалдарын, ыдыстарды, жіптерді, құбырлар, кеңсе және тұрмыстық электроника, халық көп тұтынатын тауарлар, жиһаз өндіру үшін қолданылады.

Пропанды сақтау паркінде Оңтүстік Кореяда жасалған үлкен төрт резеруар бар. Олардың әрқайсысының ұзындығы 42 метр, сыйымдылығы 2500 текше метр.

Жобаны жүзеге асыруға Siemens, MAN, SGS, Air Liquide, Mitsubishi сияқты әлемдік көшбасшы компаниялар қатысты. Жоғары технологиялық жабдықтарды іске қосу, зауыт операторларын ол жабдықтармен жұмыс жасауға оқыту үшін Атырауға дайындаушы зауыттардың бас инженерлері келді.

KPI жобасында енгізілген заманауи технологиялар кәсіпорынның толықтай цифрланған зауытқа айналуына мүмкіндік береді. Қоймада жүргізілетін операциялар, өнімді қаптау, сақтау, автокөлікке немесе темір жол көлігіне тиеу сияқты жұмыстар адамның қатысуынсыз арнайы робот техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Мамандандырылған ақпараттық технологиялық шешімдер мен корпоративті жүйелер дайын өнімді соңғы тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық мәліметтерді жоғары дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өкілдері зауыттың барлық экологиялық талаптарға сай екенін атап өтті. Барлық зиянды қоспалардан тазартылған пропан алдымен пропиленге, кейін өндірістік тізбек бойынша полипропиленге айналады. Бұл процестер барысында күкіртсутек, күкірттік ангидрид және хош иісті көмірсутек тәрізді зиянды заттар пайда болмайды.

Су пайдалану жағынан да экологиялық таза кәсіпорында технологиялық процестерге қажетті айналма сумен қамту жүйесі қолданылады. «Karabatan Utility Solutions» ЖШС тазарту қондырғысы кешенімен бірігу нәтижесінде ағындарды толықтай тазалау және қайта пайдалану жүйесі есебінен суды пайдалану көлемі азайып келеді.

Мұнай химиясы саласының ірі өкілі СИБУР компаниясымен жобаны жүзеге асыру бойынша қол жеткен стратегиялық серіктестік маңызды қадам болып табылады. Серіктес компанияның тәжірибесі мен құзыреті «ҚазМұнайГаз» компаниясына қазақстандық өнімді жаңа нарыққа шығаруға жол ашады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>