АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ
19.08.2014
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 23-бабын орындау үшін ҚМГ Жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2014 жылғы 12тамызда 2013 жылғы қызмет қорытындылары бойынша ҚМГ жай акциялары бойынша дивиденттер төлеу жөнінде шешім қабылдағанын хабарлайды.
1) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «А» блогы;
Банк деректемелері: БСН 020240000555, ЖСК KZ356010111000002033, БСК/SWIFT HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы;
2) дивиденттер төленетін кезең – 2013 жыл;
3) біржай акцияға есептелген дивидент мөлшері – 158 (бір жүз елу сегіз) теңге 08 (сегіз)тиын;
4) дивиденттер төлеу күні – 2014 жылғы 01қыркүйек;
5) дивиденттер төлеу тәртібі және нысаны – Жалғыз акционердің банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы ақшалай нысанда дивиденттер төлеуді жүргізу.