Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Татарстанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қатысуымен жұмысшы кәсіптерінің форумы өтті

06.09.2019

Альметьевск қаласында (Татарстан Республикасы) «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы кәсіптерінің форумы өтті. Бұған қоса, татарстандық әріптестер отандық мұнайшылар үшін шеберлік сыныптарын өткізді.

«ҚазМұнайГаз» 2016 жылдан бері жұмысшы кәсіптерді ілгерілетуге бағытталған «Үздік маман» дәстүрлі кәсіби шеберлік байқауын өткізуде. Биыл отандық мұнайшылар алғаш рет халықаралық деңгейде өнер көрсетті. Оның басты мақсаты – тәжірибе алмасу және мамандарды оқыту, компаниялар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту.

Төрт күнге созылған байқаудың барысында «ҚазМұнайГаз» тобына кіретін 26 компанияның 182 қызметкері сайысқа түсті. Айта кетейік, олар бірінші кезеңде өз ұжымдарында үздік атанған болатын.

Қазақстандық мамандар газ бен мұнайды өндіру операторы, жер қабатындағы қысымды сақтау операторы, технологиялық қондырғының операторы, слесарь-жөндеуші, тауар операторы, компрессорлық қондырғының машинисті, технологиялық қондырғылардың машинисті, токарь, цементтеу қондырғысының машинисті, химиялық талдау лаборанты, электр-газбен дәнекерлеуші, электр қондырғыларды жөндеу мен қызмет көрсету бойынша электр монтері, ұңғыларды жер асты жөндеу бригадасы, ұңғыларды күрделі жөндеу бригадасы және т.б. секілді 18 номинация бойынша бақ сынады.

Әділ қазылықты «Татнефть» ЖАҚ мамандары жүзеге асырды. Қазылар алқасы қатысушылардың дағдылары мен теориялық білімдерін бағалады.

Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Татарстан Президенті Рустам Минниханов пен «Татнефть» ЖАҚ басшысы Наиль Мағановқа қазақ мұнайының 120-жылдығына арналған медальдарды тапсырды.

«Шараны сапалы өткізу үшін барын салған ағайындарға шексіз алғысымызды білідіреміз. Байқаудың нәтижесі бойынша корпоративтік рух күшейеді, жұмысшыларымыз кәсіби шеберлігін арттырады және тәжірибесін молайтады деген сенімдемін» - деді Д. Қарабаев.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық дерлік компаниялар жақсы нәтиже көрсетті. Татарстандық әріптестер жерлестеріміздің жоғары кәсібилігі мен дайындық деңгейін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілдесінде «ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Құжатта Қазақстан мен Ресей аумағында геологиялық зерттеу және бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; мұнай өндірудің жаңа технологияларын енгізу және өндірісті цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықтың болжамды бағыттары айқындалған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>