Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Абай» учаскесінде көмірсутектерді барлау мен игеру туралы келісімшартқа қол қойылды

29.07.2019

 2019 жылғы 26 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ), Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және «Эни С.п.А.» компаниясы «Абай» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру туралы келісімшартқа қол қойды.

Келісімшарт Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Абай» теңіз учаскесінде кем дегенде бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуді көздейді.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы шілде айының басында Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған болатын. Соған сәйкес тараптар Қазақстан пайдасына қол қою бонусын төлеу (жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлем – ҚР Салық кодексі) және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті үлесті қамту бойынша міндеттемелері жөнінде келісті.

Бұл жоба қос компанияның ресурстық базасын кеңейтуде маңызды қадам болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>