Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин «CASPI BITUM БК» ЖШС-не барды

17.07.2019

2019 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «CASPI BITUM БК» ЖШС-не (Ақтау битум зауыты) жұмыс сапарымен барды. Аталған зауыт жол құрылысы саласының жоғары сапалы жол битумына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған.

Ақтау битум зауыты 2013 жылғы желтоқсан айында пайданалуға берілді және техникалық сипаттамалары бойынша сапасы жоғары жол битумын шығару үшін ең оңтайлы шикізат болып табылатын «Қаражанбас» кен орнының мұнайын жылына 1 млн тоннаға дейін өңдей алады.

Зауыт жұмысының нәтижесінде және басқа отандық өндірушілердің өнімін қоса алғанда, бүгінде елдің жол битумына деген қажеттілігі толық қамтылып отыр. Салыстыратын болсақ, 2013 жылы Қазақстанға әкелінетін битум импорты 200 мың тоннадан астамды құрады. 2018 жылы зауыт өнімі елдің ішкі нарығы қажеттілігінің 37%-ын қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта Ақтау битум зауытында жоғары сапалы, оның ішінде бұған дейін Қазақстанда шығарылмаған полимерлі-түрлендірілген битум өндіріледі. Полимерлі-түрлендірілген битум жылуға, аязға және тозуға төзімділігі бойынша жақсартылған сипаттамалары есебінен асфальт-бетондық жабындылар қызметінің мерзімін 1,5-2 есеге ұзартады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры Мұратжан Мұсайбеков зауыт іске қосылған уақыттан бастап 3,52 млн. тонна мұнай өндіріліп, 1 млн. тоннадан астам жол битумы немесе 3 500 шақырымға жуық жол шығарылғанын атап өтті. Ақтау битумы Қазақстан Республикасының барлық дерлік стратегиялық автожолдарын, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының құрылысы кезінде пайдаланылды. Ақтау зауытының битумы барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>