Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Абай» жобасы бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды

04.07.2019

2019 жылғы 4 шілдеде Шетел инвесторлары кеңесінің аясында ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «Эни С.п.А.» компаниясының басшылары арасында үшжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында Энергетика министрлігі, ҚМГ және «Эни Исатай Б.В.» (бұдан әрі – Эни) арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Абай» теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіру құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан пайдасына қол қою бонусын төлеу (жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлем – ҚР Салық кодексі) және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелері туралы келісті.

Ынтымақтастықтың келесі кезеңі «Абай» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарына келісімшарт жасасу болады.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы наурыз айында ҚМГ және Эни компаниясы «Абай» учаскесі жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру шеңберінде Бірлескен қызмет туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>