Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Жастар форумы: жаңашылдық жетістікке жетелейді

03.07.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр әлеуетін қалыптастыруға, жас мамандардың бойында көшбасшы қасиеттерін дамытуға баса назар аудара отырып, жастар бағдарламасын сәтті іске асырып келеді. «ҚазМұнайГаз» тобының кәсіпорындарында жас маман кеңестерін құру мен олардың қызметін жүргізу, жыл сайын жиындар мен семинар-тренингтер, үздік мамандарды іріктеу бойынша салалық байқаулар, қайырымдылық акциялар және компания жұмысын жүргізетін өңірлердегі тарихи жерлерде сенбіліктер ұйымдастыру – міне, мұның барлығы компанияны басқару ісіне жастарды жұмылдыру үшін жасалуда.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жастар форумының «НЕконференция» атты ерекше форматы да кездейсоқ таңдалған жоқ. Бірінші кезекте, бұл жиын корпоративті орталық пен еншілес компанияларда жұмыс істейтін жастар өкілдері арасындағы білім мен тәжірибе алмасуды, өзара байланысты нығайтуды ынталандыруға бағытталған. Белсенді мамандарды жинаған «НЕконференция» табысты болу, тұлға ретінде даму, кәсіби маман ретінде өсу және компанияның өркендеуіне үлес қосу сияқты өзекті мәселелерді бейресми жағдайда талқылауға мүмкіндік берді.

Еліміздің мақтанышына айналған және нағыз үлгі тұтарлық жас қазақстандықтар форумның спикерлері мен бизнес-тренерлері болды. Ірі халықаралық корпорацияларда елеулі жетістектерге жеткен – Азат Мырзабаев (Сүлейман Демирел атындағы университет, АҚШ, Twitter-де жұмыс істеген), Әлібек Датбаевтың (Нидерландтағы Booking.com компаниясында Team Lead) және басқа да танымал тұлғалардың сөздері форум қатысушылары арасында үлкен қызуғушылық тудырды.

Көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі шеберлік дәрісін еліміздің белгілі марафоншысы Марат Жыланбаев өткізді. Марат Жыланбаев – бұл жиынтықты ара-қашықтығы 160 мың шақырымды құрайтын, Азия, Африка, Аустралия және Американың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тарихындағы тұңғыш және бірегей спортшы.

Шараны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлар және әлеуметтік саясат жұмысы жөніндегі блок ұйымдастырды. Жиын қатысушыларының алдында сөз сөйлеген ҚМГ Адами ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов:

«Болашақ – жастардың қолында. Қазіргі ақпараттық, цифрлы заманда жастар тек білімді ғана болмай, бір-бірімен араласып, тығыз коммуникация орната білу керек. Компаниямыздың жас мамандарына еркін, бейресми пікір алмасу форматы ұнап, тренингтер мен бизнес-ойындар олардың кәсіби және жеке дамуына мүмкіндік беретініне сенімдімін» - деді.

Форум барысында ҚМГ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев ҚазМұнайГаз компаниясы жас мамандардың алдына қоятын мақсаттар туралы сөз қозғады. Ж. Марабаев ҚМГ-ның жас белсенділері еліміздің басты мұнай-газ компаниясының корпоративтік құндылықтарына ортақтаса отырып, корпоративтік идеологияны, инновациялық саясатты, өндіріс мәдениетін қалыптастырудың басты күшіне айналуға тиіс екенін атап өтті:

«Жастар форумы бағдарламасында ең маңыздысы команда жасақтау тренингтері болып табылады. Жетістіктерге жету үшін бірігіп жұмыс істеңдер. Адам жалғыз өзі табысқа жетіп, биіктерді бағындыра алмайды, сол үшін серіктес іздеу қажет. Бүгін сендер кем дегенде нақты бірыңғай мақсаттарды қоя білуді үйренесіңдер, сыртқы сын-қауіптерді жеңу үшін ортақ бағытты таңдайсыңдар. Ең көп дегенде бірлескен бизнесті басқару дағдыларын қалыптастырып, жаңа идеяларыңызбен бөлісесіздер».

Форумның қызықты бағдарламасы «НЕ хабар?», «НЕ зат?» «НЕ айтасың» деген сессиялармен жалғасты.

«НЕконференция» аясында қаржылық сауаттылық, әлеуметтік желілердегі жүріс-тұрыс және коммуникациялар ережелері бойынша тренингтер өтті. Форумға қатысушылардың жеке табыс жолы да талқыланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>