Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және ЛУКОЙЛ компаниялары «I-P-2» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойды

10.06.2019

 2019 жылғы 7 маусымда Петербор халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Президенті Вагит Алекперов «I-P-2» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, екі компания ынтымақтастықтың негізгі шарттарын келісті және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «I-P-2» жобасын бірлесіп іске асыруға дайын екендерін білдірді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тараптар «I-P-2» теңіз учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен келіссөздердің келесі кезеңін өткізуді жоспарлап отыр. Келесі кезең көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге келісімшарт жасау және учаскеде жұмыс істеу үшін бірлескен кәсіпорын құру болады деп жоспарлануда.

 «I-P-2» лицензиялық блогы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан. Блок маңындағы судың тереңдегі 300-ден 400 метрге дейін, жағаға дейінгі қашықтық – 130 шақырым. Блок маңында әр жылдары 2D сейсмикалық жұмыстар жүргізілген еді.

«Серіктестеріміз – «ЛУКОЙЛ» компаниясының Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеруде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен ынтымақтастықты кеңейту туралы бастамасын құп көреміз. I-P-2 жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылуы біздің екіжақты серіктестік қарым-қатынасымыздың одан әрі дамуына серпін беретініне сенімдімін», - деп атап айтты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ ынтымақтастығы стратегиялық болып табылады. Компаниялар Қарашығанақ, Теңіз, Құмкөл ірі жобалары, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдау жобасы бойынша серіктестік орнатқан.

2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ арасында «Жеңіс» теңіз учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге келісімшарт жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>