Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды

13.05.2014

Астана, 13 мамыр 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан былай – «ҚМГ БӨ», «Компания) Рожковское кен орнында  тас-көмір кезеңіндегі башқұрт шөгіндісінде жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды. Нақтылап айтқанда, 2013 жылы кен орнының  солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан U-24 ұңғымасында башқұрт шөгінділерінің қабаттарын сынау кезінде  максималды дебиті тәулігіне 1,9 мың  мбб болатын жеңіл, сусыз мұнай және тәулігіне 6 млн. текше фут болатын газдың өндірістік ағымы алынды, бұл штуцерде 24/64 (9,5 мм) тең. Осыған дейін бұл телімдегі барлау жұмыстары бобрик және турней қабатынан көмірсутек іздеуге бағытталған. Сол себепті, Miller and Lents, LTD компаниясы 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қоғамның шикізат қорларын бағалағанда жаңа шоғырдағы қорлар есепке алынбаған.

 Осылайша, башқұрт шөгінділеріндегі жаңа шоғырдан шикізат атқылауына байланысты, Рожковское кен орнының қорлары өсуі мүмкін. Қорлардың қаншалықты артатыны келешектегі геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша айқындалады.

ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов: «Федоровский блогындағы башқұрт шөгінділерінде жаңа мұнай шоғырының табылуы бұл активтің жоғарғы потенциалын дәлелдейді. Бұл жаңалық Компанияның қорларын толтыруға және арттыруға бағытталған ҚМГ БӨ геологиялық-барлау жұмыстары жоспарының біртіндеп іске асырылып жатқанының дәлелі»,-деп мәлімдеді.  

Халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген техникалық аудиттің нәтижесі бойынша Рожковское кен орнындағы ҚМГ БӨ компаниясының 2P санатындағы сұйық көмірсутектер қоры 2013 жылы 5,4 млн. тонна болса, 2013 жылы 7,9 млн. тоннаға дейін жетті. Рожковское кен орнын 2017 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.  

Рожковское кен орнында геологиялық-барлау жұмыстарын Федоровский блогында көмірсутектерді барлауға жер қойнауын игеру құқығы бар «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің 100% үлесінің иесі болып табылатын,  Ural Group Limited (UGL) компаниясы жүргізеді.   Блок Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданында, Орал қаласының шығысына қарай 70 шақырым жерде орналасқан. 2011 жылы ҚМГ БӨ Exploration Venture Limited (EVL) компаниясымен  UGL акцияларының 50% үлесін сатып алу туралы келісімді бекітті.   

 АНЫҚТАМА

 ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2013 жылдың мамыр айында  халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)

Елена Пак

e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)

Andrew Mitchell

e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>