Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ақтауда мұнайшылар көнерген кен орындарының игерілу мәселесі мен болашағын талқылады

16.05.2019

16 мамыр күні Ақтауда «Көнерген кен орындарды игерудің ахуалы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Екі күн бойы шараға қатысушылар көнерген кен орындарды игеруде күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылап, өңдеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды дамыту, енгізу және кен орындарды цифрлық жүйеге көшірудегі тәжірибелерімен бөліседі. Конференция жұмысына ғылыми институттар, университеттер, Қазақстан, Ресей, Қытай, Әзірбайжан елдерінің мұнай-газ саласының мамандары, сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлері, Маңғыстау облысы әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының өкілдері қатысуда.  

Ұйымдастырылған конференция жұмысының аясында  «ҚазмұнайгазҒЗЖИ»-ның жаңа әкімшілік ғимараты және зертханалық корпус ашылды. Салтанатты шараға «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев қатысты.

- «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» тарихы Маңғыстаудағы көптеген мұнай және газ кен орындарының өнеркәсіптік өңделуі, игерілуі және іске қосылуымен тығыз байланысты» деді Ұ.Қарабалин. «Көптеген кен орындарын ашу үшін ғылыми-зерттеу мен жобалау-іздеу жұмыстарын жүргізу керек болды. «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ұжымы сол маңызды жұмысты қазір де жалғастырып келе жатқаны қуантады. Менің ойымша, осындай барлық мүмкіндік қарастырылған кеңседе институт ұжымы бұдан да үлкен жеткістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін» - деді Ұ.Қарабалин.  

Өз кезегінде Жақып Марабаев институттың 50 жылдығы қазақстандық мұнай тарихымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Маңғыстау мұнай кен орындарының ашылуынан бүгінгі күнге дейін зерттеу жұмыстары жалғасып келеді. Институттың ғалымдары осы уақытқа дейін қазақстандық мұнай қорын дұрыс игеруде айтарлықтай үлес қосып келеді.

Жаңадан бой көтерген әкімшілік ғимарат пен зертханалық корпус екі гектар жерді алып жатыр. Заманауи қондырғылармен жабдықталған ғылыми-зертханалық орталық екі блоктан тұрады: мұнай үлгісінің қоймасы және зертхана. Ал ауданы 11 мың шаршы метр болатын сегіз қабатты ғимаратта қызметкерлердің нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>