Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖЖМ ұлттық операторына 5 жыл толды

04.05.2014

Осыдан тура 5 жылбұрын, 2009 жылдың 28 сәуірінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату нарығында ұлттық оператор ретінде мемлекет атынан әрекет ететін жаңа компания пайда болды. Өзінің құрылған күнінен бастап алғашқы мерейтойын «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС ерекше атап өтті.

Көктемнің шуақты күні «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» жол бойындағы қызмет көрсету кешені аумағындағы бақта ағаштарды отырғызумен айналысты. Бар-жоғы бір сағаттың ішінде компанияның жеке аллеясы бой көтерді. Кешен аумағы бұрынғыдан да ажарлана түсті – теректер, қарағайлар мен талдар бой көтеріп, елорда тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналатын болады.

Жол бойындағы қызмет көрсету кешендері ҚР Премьер-министрінің өкіміне сәйкес Астана – Петропавл автожолында: Астана қаласынан шығар жолда 7 км, Ақкөл кентінің жанында 97 км және Щучинск қаласына кірер жолда 223 км-де салынды. «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС осындай нысандарды салу саласының көшбасшысына айналды. Жол бойындағы кемпингтерге жанар-жағар май құю станциялары, дөңгелек жөндеу объектілері, қонақ үйлер, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары, демалуға арналған скверлеренеді. Аталған нысандар әлемдік стандарттар деңгейінде салынған және Қазақстанда бұған ұқсас нысандар жоқ.

Компания Қазақстанның барлық өңірлерінде ЖМҚС желісін кеңейту және өзінің өндірістік нысандарының техникалық жарақтандырылуын жақсарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Сонымен, 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде 117 ЖМҚС (оның ішінде 6 АГҚС) салынды, 53 ЖМҚС жаңартылды, 198 ЖМҚС-ға, Өскемен және Қарағанды қалаларындағы мұнай базаларына күрделі жөндеу жүргізілді. ЖМҚС желісін жаңарту аясында операторлық ғимараттар қайта жоспарланды, ЖМҚС персоналының еңбек жағдайлары жақсартылды, ілеспе қызметтер сұрыпталымы артты. Бұлардың барлығы мұнай өнімдерін өткізу көлемдерін арттыруға ғана емес, сондай-ақ клиенттердің ниеттестігіне, компанияның сенімді және тұрақты имиджіне оң ықпал етті.

Компания әрдайым алдыңғы қатарлы технологиялар мен заманауи жұмыс әдістерін қолданып отырады. Осы жылдары Компания жұмысы түрлі сыйақылармен және наградалармен бағаланды. Атап айтқанда, ЖЖМ-ді бөлшек сауда арқылы өткізудің жалғыз қазақстандық операторын республикамыздан тыс елдерде де көпшілікке танылды – Компания Франкфуртте өткен «InternationalArchofEuropeAward» халықаралық конференция аясында «Алтын» санатында «Еуропа аркасы» сапасы саласында әйгілі халықаралық наградаға ие болды, «ҚазМұнайГаз» бір ЖМҚС-ы ТМД және Балтық елдері аумағында орналасқан жанар-жағар май құю станциялары арасында «2011 жылдың үздік ЖМҚС» халықаралық конкурсында жеңімпаз атанды.

«ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС Бас директоры (Басқарматөрағасы) Геннадий Морозов атап өткендей, «Компанияның 5 жылда қол жеткізген жетістіктері – бұл әрбір қызметкердің үлесі және еңбегі. Бір жолға қойылған жұмыстың арқасында соңғы үш жылда біз «Қазақстандағы № 1 жылтаңдауы» қазақстандық конкурсында «№ 1 ЖМҚС желісі», «№ 1 отын» номинацияларында жеңіске сенімді қол жеткіздік.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>