Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KAZENERGY қауымдастығы алаңында мұнайшы ардагерлермен кездесу өтті

11.02.2019

Ақпанның 7-сі күні ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мұнай-газ саласының дамуына зор үлес қосқан ардагерлермен кездесіп, пікір алмасты.

Тимур Құлыбаев атап өткендей, бұл кездесу – аға буын өкілдеріне, тәлімгерлерге көрсетілген үлкен құрметтің белгісі. Ол ардагерлеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған сала соңғы жылдары елеулі табыстарға қол жеткізгенін айтып, оларға өз алғысын білдірді. KAZENERGY төрағасы энергетикалық сектор Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары қарқынды дами түскендігін атап өтті. Өткен кезеңде республикамыз жетекші мұнай-газ өндіруші елдердің қатарына енді. Өткен жылдың өзінде мұнайдың рекордты көлемі 90 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді, сондай-ақ шамамен 56 млрд.м3 газ шығарылды. Тимур Құлыбаев мұнайшы жастар үшін тәлімгерлердің пікірі бұрынғыдай аса құнды екенін айтты. Осы кездесуде оларға ағымдағы жағдай, жобалар және оларды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының топ-менеджерлері сөз етті.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай-газ саласының ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Табысты аяқталған жобалар мен оқиғалар ретінде министр үш МӨЗ жаңғыртудың аяқталуын, мұнайдың экспорттық әлеуетінің 17%-ға, газдың 41%-ға өсуін, электр энергиясын өндірудің рекордтық 106,8 млрд кВт /cағат дейін арттуын атап өтті.  

Іс-шара барысында ардагерлер алдында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма  төрағасы Алик Айдарбаев та сөз сөйледі. Ол негізгі өндірістік көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын атап көрсетіп, 2018 жылы компания жұмысының қорытындысы туралы айтып берді. Өткен жылы компания 23 млн тоннадан астам мұнай өндірді, МӨЗ 16 млн тонна мұнайды қайта өңдеді, сондай-ақ автобензин, дизель және әуе отыны өндірісі ұлғайды, бұл Қазақстанға өзін қамтамасыз ету бойынша 100%-ға тәуелсіз болуына мүмкіндік берді.  

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев саланың ірі жобаларын дамыту мәселелеріне және Қазақстанда геологиялық барлау және өндіру перспективаларына жан-жақты тоқталып өтті.  

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов Қазақстанның үш МӨЗ-ін (Павлодар, Шымкент, Атырау) табысты жаңғырту қорытындыларын ұсынды.

«Астанагаз ҚМГ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Берлібаев қатысушыларды «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобаны іске асыру барысымен таныстырып, 2020 жылы елордаға, солтүстік және орталық өңірлерге газ жеткізілетінін атап айтты. Газ құбырының құрылысы айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді деп күтілуде: 171 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі, жаңа жұмыс орындары құрылады, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес дами түседі және Берлібаев атап өткендей, ең бастысы, газ құбырын өткізу – экологияның жақсаруына ықпалын тигізеді.

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин өз сөзінде салалық компаниялардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынды.

Ардагерлер Равиль  Тәжіғараұлы Чердабаев, Зейнолла Өтежанұлы Алшынбаев, Орал Ақшолақұлы Ақшолақов, Владимир Сергеевич Школьник және т.б. өзекті мәселелер бойынша бағалы ұсыныстарын енгізе отырып, KAZENERGY қауымдастығына және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына мұнайшылардың аға ұрпағына көрсеткен құрметтері үшін алғысын айтып, өндірістің бұдан әрі дамуына табыс тіледі.

Кеш соңында ардагерлерге мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар мен наградаларды табыстау салтанаты болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>