Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ҰК-нің 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

04.06.2018

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ ҰК, Компания) Қазақстандағы тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы 2018 жылғы 31 наурызда аяқталған 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелерді жариялады.

2018 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық көрсеткіштер [1]:

  • 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кіріс 32% артып, 784 млрд. теңгені (2 245 млн. АҚШ долларын) құрады;
  • 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табыс 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 98%, 204 млрд. теңгеге (632 млн. АҚШ долларына) дейін өсті;
  • күрделі шығындар 82 млрд. теңгені (253 млн. АҚШ долларын) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 44% төмен;
  • EBITDA көрсеткіші [2] 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 52% артып, 402 млрд. теңгені (1,246 млн. АҚШ долларын) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 1 913 млрд. теңгені (6 008 млн. АҚШ долларын) құрайды.

2018 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық көрсеткіштер [3]:

  • мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2% артып, 5862 мың тоннаны құрады (тәулігіне 495 мың баррель [4]);
  • табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% артып, 2,076 млн. м3 құрады;
  • мұнай тасымалдау көлемі 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 3%, 18424 мың тоннаға дейін өсті;
  • газ тасымалдау көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5% артып, 26,8 миллиард текше метрді құрады;
  • ҚМГ ҰК-нің операциялық үлесін ескере отырып, көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4 846 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13% артық. Бұл көрсеткіш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделетін 3,242 мың тонна және ҚМГ халықаралық («KMG I») зауыттарында өңделетін 1 603 мың тонна көлеміндегі өңделетін мұнайды қамтиды.

Корпоративтік оқиғалар мен есеп беру күнінен кейінгі оқиғалар:

2018 жылдың бірінші тоқсанында Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 79% артты және 2 866 мың тонна мұнайды немесе орташа алғанда, тәулігіне 252 мың баррельді құрады (ҚМГ ҰК үлесі - 237 мың тонна ). Бұл өсім 2017 жылдың тамызында шикі газды қабатқа қайта айдау жүйесін пайдалануға беруге, теңіздегі және құрлықтағы кешендерде технологиялық жабдықтарды іске қосу мен реттеу және пайдалануға беру бойынша жұмыстардың аяқталуымен, сондай-ақ өндіру деңгейін тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға байланысты болды;

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары 2017 жылы аяқталды. Сынақтар және іске қосу мен реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін толық операциялық қызметке 2018 жылдың бірінші жартысында қол жеткізілетін болады деп күтілуде. МӨЗ жеңіл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайтты және мұнай өнімдерінің себетінің құны өсті;
  • 2018 жылдың қаңтарында Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары K4 және K5 экологиялық класты отын стандарттарына көшті;
  • 2018 жылғы 10 мамырда ҚМГ БӨ Лондон мен Қазақстан қор биржаларын шығару туралы жариялады. Қазіргі уақытта ҚМГ ҰК мен ҚМГ ӨФ қарапайым акциялардың шамамен 99,6% құрайды;
  • 2018 жылдың сәуірінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі - Басқарма төрағасының активтерді басқару жөніндегі орынбасары Алик Серікұлы Айдарбаев Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды;
  • 2018 жылдың қаңтарында 2017 жылғы желтоқсанда қол қойылған шикі мұнайды жеткізу шартына қосымша келісімге сәйкес, ҚМГ ҰК 250 млн. АҚШ доллары сомасында қосымша алдын-ала төлем алды және 2018 жылдың 1-тоқсанында 250 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі алдын-ала төлемді ішінара жапты;
  • 2018 жылдың сәуірінде ҚМГ ҰК ТШО-дан 102 млн. АҚШ доллары мөлшерінде дивиденд алды;
  • 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында ҚМГ ҰК өтеу мерзімдері 2020, 2021, 2025 және 2043 жылдарына белгіленген, жиынтық номиналды мөлшері 3,1 млрд. АҚШ доллары болатын төрт еурооблигациялар сериясын толық жаба отырып, өзінің міндеттемелерін басқару бойынша өз жұмысын аяқтады, ол (i) өтеу мерзімі 2025 жылға белгіленген 4,75% 500 млн. АҚШ долларынан, (іі) өтеу мерзімі 2030 жылға белгіленген 5.375% 1230 млн. АҚШ долларынан; жəне (iii) өтеу мерзімі 2048 жылға белгіленген 6.375% 1500 АҚШ долларынан тұратын үш сериямен 3,25 млрд. АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияларды шығару арқылы қаржыландырылды.

2018 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелер

2018 жылдың бірінші тоқсанындағы пайда 784 млрд. теңгені (2 245 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңінен 32% жоғары. Өсу Брент маркасының орташа бағасының 24% өсуіне және мұнай мен сұйытылған газды жеткізуге арналған ұзақмерзімді шарт шеңберінде мұнай сату көлемінің өсуіне байланысты болды [5]. 2018 жылдың бірінші тоқсанында осы келісім бойынша іске асырылатын сома 373 млрд. теңгені (1 155 млн. АҚШ долларын) құрады (2017 жылдың осы кезеңіне қарағанда + 35%).

Есепті кезеңде сатудың өзіндік құны 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 56% артты және 797 млрд. теңгені (2 465 млн. долл.) құрады. 223 млрд. теңге (690 млн. АҚШ доллары) және 21 млрд. теңге (66 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі өзіндік құн динамикасына мұнай мен сұйытылған газды жеткізудің ұзақмерзімді шартының шеңберінде Теңізшевройлдан («ТШО») сатып алынған мұнай құнының ұлғаюы және газ және, тиісінше, газ бен газды өңдеу өнімдерін әрі қарай Қытай мен Өзбекстанға экспортты сату үшін сатып алынған көлемдердің ұлғаюы ең көп кері әсер тигізді.

2018 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ ҰК операциялық залалы 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы 9 миллиард теңге (28 миллион АҚШ доллары) мөлшеріндегі операциялық залалмен салыстырғанда, 127 миллиард теңгені (394 миллион АҚШ доллары) құрады. Операциялық пайдаға KMG I мұнай және мұнай өнімдерін сату кірмейді, себебі KMG I сатылым процесінде және ҚМГ ҰК шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ХҚЕС стандарттарына сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде жіктеледі. Алайда, KMG I трейдингі үшін мұнайды сатып алу бойынша өзіндік құнның бір бөлігі 2017 жылдың үшінші тоқсанынан бастап мұнайды сатып алу схемасының өзгеруіне байланысты ҚМГ ҰК операциялық пайдасы құрамында танылады. Нəтижесінде операциялық пайданың төмендеуі байқалады. Өз кезегінде, KMG I таза пайдасы ҚМГ ҰК шоғырландырылған пайдасында тоқтатылған қызметтен түскен пайда ретінде ескеріледі [6].

Қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындардың таза пайдасындағы ҚМГ ҰК үлесі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 92% артты және 165 млрд. теңгені (510 млн. АҚШ долларын) құрады. Есепті кезеңде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 63% өскен ТШО пайдасы артудың негізгі факторы болып табылады. ҚМГ ҰК үлесі 105 млрд. теңгені (324 млн. АҚШ доллары) құрады.

Есепті кезеңде Компанияның таза кірісі 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 98% өсті және 103 млрд. теңгенің (319 млн. АҚШ доллары) орнына 204 млрд. теңгені (632 млн АҚШ долларын) құрады.

Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша төлемдер 290 млрд. теңгені (898 млн. АҚШ доллары) құрады.

Есепті кезеңде күрделі шығындар 82 млрд. теңгені (253 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 44% төмен. Бұл төмендеу қарқынды күрделі салымдар (мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобалары) кезеңінің аяқталуымен байланысты.

Компанияның 2018 жылдың бірінші тоқсанының соңындағы таза қарызы 1 913 млрд. теңгені (6,008 млн. АҚШ долларын) құрады.

Есепті кезеңде ақшалай қаражат пен олардың баламалары, оның ішінде депозиттер түріндегі ақшалай қаражат 2,282 млрд. теңгені (7 168 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың соңындағы көрсеткіштен 23% төмен.

2018 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық нәтижелер

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ ҰК компаниялар тобының шоғырландырылған мұнай және газ конденсатын өндіру 2018 жылдың бірінші тоқсанында 5,862 мың тонна мұнайды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% жоғары.

2018 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ ҰК Қашаған кен орнындағы (Норт Каспиан Оперейтинг Компани НВ - НКОК) өндіру көлеміндегі үлесі  237 мың тонна мұнай және 138 млн. м3 газды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 79% жоғары. 2017 жылдың тамызында пайдалануға берілген шикі газды қабатқа айдау жүйесі, теңіз және құрлықтағы кешендерде технологиялық жабдықтарды іске қосу мен реттеу және пайдалануға беру, сондай-ақ өндіру деңгейін тұрақтандыру бойынша шараларды орындау кен орнында мұнай мен газды өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Мұнай мен газ өндіру көлемінің аздап өсуін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) көрсетті. ҚМГ ҰК-нің ТШО-дағы үлесі 1460 мың тонна мұнай мен 815 млн. м3 газды құрады, бұл өндірістік қондырғылардың сенімді жұмысының арқасында 2017 жылдың бірінші тоқсанындағыдан 2% артық.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі 70 мың тонна мұнайды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% төмен. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуі 2018 жылы газды жағуға лимиттің азаюына, сондай-ақ Әлібекмола мен Қожасай кен орындарында газды тұтыну бойынша техникалық шектеулерге байланысты. Бұл фактілер 2018 жылдың бірінші тоқсанында газ өндірудің 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 29%  төмендеуіне де әсер етті.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да мұнай мен конденсат өндіру көлемі 1,352 мың тоннаға жетті, бұл жүргізіліп жатқан геологиялық-техникалық шаралардың арқасында 1% өсуді көрсетті. Бұл ретте, газ өндіру 146 млн. м3 құрады, бұл жетілген кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты өткен жылдың осы кезеңі деңгейінен 7% төмен. «ҚазГӨЗ» ЖШС конденсат және табиғи газ өндіруі жер қойнауын пайдалану құқығының берілуіне байланысты «Өзенмұнайгаз» АҚ көлемдерінде ескеріледі.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 92 мың тонна мұнай немесе 12% аз өндірді. Газ өндіру 39% төмендеп, 49 млн. м3 құрады. Өндіру көлемдерінің осы азаюы Толқын газды кешенді дайындау қондырғысында газды қабылдау көлемінің техникалық шектеулеріне байланысты.

2018 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру көлемінің табиғи азаюына және сулану деңгейінің өсуіне байланысты өндіру көлемдерінің төмендеуі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсес» ЖШС және «Торғай Петролеум» АҚ жетілген кен орындарында байқалады.

А, В, С1 санаттарындағы дәлелденген көмірсутек қоры

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның стандарты бойынша ҚМГ ҰК сұйық көмірсутектерінің қоры (операциялық үлесті қоса есептегенде) 683 млн. тоннаны құрады (7 954 млн. баррель мұнай [8]) .

ҚМГ ҰК дәлелденген көмірсутек қоры өткен жылмен салыстырғанда 4% немесе 29 млн. тоннаға (300 млн. баррель мұнай) азайды. Мұнай мен газ конденсаты қорының  осылай төмендеуі, негізінен, жылдық өндірістің есебінен, сондай-ақ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) кен орнының қорын қайта бағалауға байланысты орын алды:

2017 жылы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия мұнайды шығару коэффициентін қайта бекітті, соның нәтижесінде қор  2017 жылдың соңында 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 24% (11 млн. тонна) төмендеді.

Мұнай және газ тасымалдау

ҚМГ ҰК магистралды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2018 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2% артты және 16 711 мың тоннаны құрады (ҚМГ ҰК үлесін қоса алғанда) [9].

Өсудің басты себебі 2018 жылдың бірінші тоқсанында жүк жөнелтушілердің «Каспий Құбыр Консорциумы» (КТК) және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ККП) магистралды мұнай құбырлар жүйесіне тапсыратын мұнай көлемінің ұлғаюы болып табылады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында КҚК мен ККЗ магистралды мұнай тасымалдау көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі 3 102 мың тонна және 1,999 мың тонна құрады, бұл, тиісінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15% және 3% жоғары.

Мұнайды теңіз көлігімен тасымалдау 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14% артып, 1713 мың тоннаны құрады. Бұл өсім бағыттарды қайта бағыттаумен, сондай-ақ 2017 жылдың осы кезеңінде Ақтау-Махачкала бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ құбыр желісіне келіп түсетін көмірсутегі шикізатындағы күкірт құрамы жөніндегі нормативтердің қатаюымен байланысты бірқатар факторлардың арқасында орын алды. Осы нормативтердің жеңілдеуіне байланысты қазақстандық өнім берушілер көмірсутегі шикізатының ауыр сұрыптарын тиеу-түсіру көлемдерін 2018 жылы ұлғайтуға келісті.

ҚМГ ҰК магистралды құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5% артты және 26,8 млрд. м3 құрады. Газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдаудың жалпы көлемінің ұлғаюы өндіруші компаниялардың газды тапсыру көлемінің өсуіне және Қазақстанның ішкі нарығы үшін жеткізу сұранысының артуына, сондай-ақ экспортқа газ тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты.

Экспорттық бағыт бойынша газ тасымалдау көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 40% артып, 5,6 млрд. м3 құрады. Өсу ҚХР бағытында тасымалдау көлемінің артуының, оның ішінде ҚТГ мен PetroChina International Company Limited арасында жасалған экспорттық келісімге сәйкес 2017 жылдың қазанынан бастап ҚХР-ға қазақстандық газды өткізудің арқасында орын алды.

Өңдеу

 2018 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ ҰК-нің операциялық үлесін ескере отырып, көмірсутек шикізатын өңдеудің шоғырландырылған көлемі 4 846 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13% артық.

2018 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ ҰК-ның операциялық үлесін ескере отырып, қазақстандық МӨЗ-дегі көмірсутегі шикізатын өңдеу көлемі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 7% артты және 3,242 мың тоннаға жетті:

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 1,277 мың тонна (100%), берушілер тарапынан мұнай жеткізу көлемінің артуының арқасында 5% артты;
  • Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) 1 314 мың тонна (100%), бекітілген өндірістік бағдарламаларға сәйкес 5% өсім;
  • 2017 жылдың бірінші тоқсанында ПҚОП күрделі жөндеуден өткізу есебінен, сондай-ақ 2018 жылдың бірінші тоқсанында берушілер тарапынан мұнай жеткізуді ұлғайтумен байланысты Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП) 597 мың тонна, 50%дейін;
  • Caspi Bitum-да мұнайды жеткізудің ұлғаюы есебінен 56 мың тонна (50%), айтарлықтай өсім 117% құрады.

KMG I зауыттарында өңдеу 1 603 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 27% жоғары:

  • 2018 жылдың бірінші тоқсанында қолайлы ауа райына байланысты, сондай-ақ 2017 жылдың ақпанында реформинг қондырғысының жоспардан тыс тоқтауына байланысты Петромидия зауытында (Румыния) 1 527 мың тонна (100%);
  • Петромидия зауытынан өңдеуге арналған шикізат жеткізілімінің артуының арқасында Вега зауытында (Румыния) 77 мың тонна (100%), бұл өсу 26% құрады.

[1] Сомасы тиісті кезең үшін орташа айырбастау бағамы бойынша ыңғайлы болу үшін АҚШ долларында көрсетілген (2018 және 2017 жылдардың бірінші тоқсанындағы орташа бағам тиісінше 323,22 және 322,46 теңге/АҚШ доллары; кезеңнің аяғында 2018 жылғы  31 наурыз бен 2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша бағамдар тиісінше 318,31 және 332,33 теңге/АҚШ доллары).

Пайыздар, салықтарды, амортизацияны және амортизацияны (EBITDA) пайдаға дейінгі пайда пайыз, салықтар, амортизация және амортизацияға жұмсалатын шығыстарды шегергенге дейін пайда көлеміне тең көрсеткіш болып табылады.

[3] Операциялық көрсеткіштер ҚМГ ҰК тиісті активтеріндегі үлесін ескерумен  көрсетілген.

[4] Тек ақпараттық мақсаттар үшін бір тоннаға 7,6 баррель мұнай мен газ конденсатын қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Баррельдердің нақты саны осы жерде ұсынылған мұнай баррелінің баламаларына қарай өзгеруі мүмкін.

[5] 2016 жылы Компания шикі мұнай мен сұйытылған газды жеткізуге арналған ұзақмерзімді шарт жасасты. Шарттың талаптарына сәйкес шарт жасалған сәттен бастап 2021 жылғы наурызды қоса алғанға дейінгі кезеңде Компания мұнай мен сұйытылған газдың шамамен тиісінше 38 млн. тонна және 1 млн. тоннаға тең ең төменгі көлемін жеткізеді.

[6] ҚМГ Интернешнл Н.В. акцияларының 51% сату аяқталғаннан кейін қалған 49% жалғасатын операциялар ретінде ҚМГ ҰК шоғырландырылған қаржылық есептілігінде үлестік қатысу әдісін пайдаланумен есепке алынады.

[7] «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» қорының ҚМГ ҰК КСШ шоғырландырылған қорындағы үлесі 8,44% мөлшерінде ескеріледі.

[8] Тек ақпараттық мақсаттар үшін төмендегі болжам пайдаланылады: 1 мың м3 газ = 6,6 баррель мұнай эквиваленті,

 1 тонна = 7,6 барр.

[9] Мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі ҚМГ операциялық үлесін есепке ала отырып, әрбір жекелеген құбыр компаниясының тасымалдау көлемін ескереді. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш мұнай құбыры компаниясы тасымалдайды, бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бірнеше реттен көп есептеледі.

Толығырақ ақпаратты www.kmg.kz сайтынан алуға болады.

Байланыс деректері:         

ir@kmg.kz

тел: +7 7172 78 62 27

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ: 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) Қазақстандағы тігінен интеграцияланған жетекшң мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ ҰК көмірсутегін барлау мен өндіруден бастап тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мемлекет мүддесін білдіреді.

Анықтама

ҚМГ ҰК бірлесе бақыланатын және қауымдасқан компаниялардағы үлесі: «Теңізшевройл» ЖШС (20%), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (10%), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (50%), «Қазгермұнай» БК, «Қаражанбасмұнай» АҚ (50%), «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (33%), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани н.в.» (8,44%), «Торғай Петролеум» АҚ , «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (50%), «Каспий Құбыр Консорциумы» (20.75%), «МұнайТас» ҰЭТ» АҚ (51%), «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «Азия газ құбыры» ЖШС (50%), «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (50 %), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (50%), «CASPIBITUM» БК» ЖШС (50%).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>