Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KMGI мен Румынияның Энергетика министрлігі Қазақстан-Румыния инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойды

29.10.2018

2018 жылғы 26 ​​қазанда і «KMG International» (KMGI немесе Топ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) және Румынияның Энергетика министрлігіне тиесіл Energie Sociotatea de Administrare Energy компаниясы (SAPE) энергетика саласындағы бірлескен Қазақстан-Румыния инвестициялық қорын (Қор) құру туралы келісімге қол қойды.

Келісім бұрын KMGI (бұрынғы Rompetrol тобы) мен Румыния Үкіметі арасында қол қойылған және Румыния аумағында Топтың жобаларына қосымша қаржыландыру  тартуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумның ережелеріне сәйкес жасалды. Бұл құжатта, сондай-ақ, Румыния мемлекетінің «Rompetrol Rafinare» компаниясындағы өзіне тиесілі акцияларды жекешелендіру тетігі мен энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық қор құру тәртібі жазылған.

Осылайша, келісімге қол қою кезінде айтылғандай, Қор құру тараптар арасындағы тарихи мәселелерді түпкілікті шешуге бағытталған өзара тиімді стратегиялық қадам болып табылады. Атап айтқанда, бұрынырақ хабарлағандай, Меморандум KMGI тобының Румыния үкіметінен өзіне тиесілі Rompetrol Rafinare 44% акцияларының 26,7% 200 млн. АҚШ долларына сатып алуды көздейді.

Сонымен қатар, тараптардың пікірінше, бірлескен инвестициялық қор құру жөніндегі мақсаттарға жету KMGI-дің қазіргі қазақстандық басшылығы жұмысының Румын үкіметінің тарапынан жоғары бағаланатындығын, осы өзара әрекеттестікті кеңейтуге ниет білдіріп, KMG International стратегиялық бастамаларды дербес жүзеге асыруға және Румыниядағы негізгі нарықтағы басты мүдделі тараптармен ұзақмерзімді әріптестікті қалыптастыруға дайын және қабілетті екендігін дәлелдейді.

Тараптардың мәлімдеуінше, бірлескен қор 7 жыл ішінде 1 млрд. долларға дейін инвестиция құюды көздейді. KMGI тарапынан Қор жобаларына салынатын бастапқы инвестициялар көлемі 150 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.

Жобаларды қаржыландыру тек соңғы жылдары қазақстандық менеджменттің келуімен қаржылық және операциялық нәтижелердің тұрақты өсуін көрсететін «КМG International» меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Сонымен бірге, Қордың инвестициялық саясатына сәйкес, жобаларды қосымша қаржыландыру көзі ретінде Қор деңгейінде қарыз капиталын тарту мүмкіндігі де көзделеді.

Бұл ретте, Қордың шеңберінде энергетикалық жобаларды іске асыру ҚМГ ҰК акционерінің тарапынан қандай да бір қосымша инвестицияларды немесе қаражатты тартуды көздемейді. Бұдан басқа, ортамерзімді және ұзақмерзімді кезеңде Топтың перспективалы даму жобаларын қаржыландырудың жаңа механизмін іске қосу компанияның табыстылығын арттыруға және КМG International қызметінен түскен инвестицияларды қайтаруды жылдамдатуға септігін тигізетін болады.

Жергілікті энергетикалық секторды дамытуға бағытталған энергетикалық жобаларды іске асыру, сондай-ақ Румыниядағы негізгі қатысу нарығында KMGI позициясын одан әрі нығайту Қордың басымдығы болып табылады.

«Қазақстан-Румыния бірлескен қорын құру - бұл «KMG International» үшін де, Румыния мемлекеті үшін де өзара тиімді шешім. Қордың инвестициялық саясаты екі тарапқа да нақты пайда әкелетін энергетикалық жобаларды іске асыруға бағытталған. Бұл жобалар, сондай-ақ, KMGI қызметінің рентабельділігін арттыруға бағытталады.

«Бұл ретте, Қордың негізгі міндеттерінің бірі қосымша коммерциялық пайда алу және акционерлерге дивидендтер төлеу болып табылады», - деді «KMG International» бас директоры Жанат Түсіпбеков.

Бекітілген акционерлік құрылымға сәйкес инвестициялық қордағы KMGI үлесі 80%-ды, Румын үкіметінің үлесі, тиісінше, 20% -ды құрайды.

«Бірлескен инвестициялық Қор құру Румынияның энергетикалық секторына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар осы өнеркәсіп саласын дамыту қарқынын күшейту үшін маңызды сигнал болады. Бұл - ірі энергетикалық жобаларды іске асырудың тиімді механизмі. Қордың инвестициялары, сондай-ақ, өңірдің энергетикалық секторындағы өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал ететін болады», - деді SAPE басқармасының президенті Константин Вадува.

Қазіргі кезде тараптар қаржыландыруға арналған екі перспективалық жобаны анықтады, олар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн. АҚШ долларынан асады. Осы жобаларды жүзеге асыру компания үшін стратегиялық маңызы мол Қара теңіз аймағындағы энергетикалық секторды дамытуға жаңа серпін береді, сонымен қатар Румынияда да, компания жұмыс істейтін басқа елдерде де KMGI және Rompetrol бренді қызметінің рентабельділігін арттырады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Қор шеңберінде іске асыруға ұсынылатын жобалардың бірі аралас электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін Petromidia МӨЗ алаңындағы когенерация режиміндегі ЖЭО құрылысы болып табылады. Бұл когенерациялау қондырғысы  Petromidia мұнай өңдеу зауыты мен Наводари қаласын энергиямен қамтамасыз етуге арналған әлеуетке ие болады. «Uzina Termoelectrică Midia» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылатын жобаға салынатын инвестициялардың көлем 120 млн. АҚШ долларын құрайды. Сарапшылардың пікірінше, ЖЭО құрылысы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаннан кейін 4 жыл ішінде аяқталатын болады.

Екінші жоба Румыния нарығында шамамен 80 жаңа жанармай құю станцияларының нөлдік циклдан бастап («greenfield» күрделі қаржы салымы) салу арқылы Rompetrol жанармай құю желісін кеңейтуді көздейді. Осы жобаның жалпы бюджеті 100 миллион АҚШ долларынан асады деп күтілуде.

Қордың қызметі инвестициялық жобаларды бағалаудың анық критерийлері мен тетіктерін сақтауды көздейтін ашық инвестициялық саясатқа негізделетін болады. Бұл ретте, Румыния үкіметі мен КMGI қаржыландыруға арналған жобалар бойынша ұсыныстарды енгізу үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болады.

Анықтамалық ақпарат:

Бірлескен Қазақстан-Румыния қоры 2013 жылы тараптар қол қойған және Румынияның аумағында Топтың жобаларына қосымша қаржыландыруды тартуды көздейтін KMGI мен Румыния Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін іске асыру шеңберінде құрылды. Бұл құжатта, сонымен қатар, Румыния мемлекетіне  тиесілі «Rompetrol Rafinare» акцияларын жекешелендіру тетігі және энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық қор құру тәртібі жазылады.

«KMG International N.V.» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес кәсіпорны болып табылады және 11 негізгі нарықта мұнай өңдеу,  мұнай өнімдерін іске асыру, өнеркәсіптік қызметтерді көрсету секторындағы операцияларды жүзеге асыратын біріктірілген халықаралық мұнай компаниясы саналады. Компанияның жанар май станциялары желісі Грузия, Болгария, Молдова және Румынияда орналасқан 1000-нан астам жанармай станциялары мен сауда нүктелерін қамтиды. Онда Топтың Наводарьдағы «Petromidia» және Плоештидегі «Vega» екі мұнай өңдеу зауыты, сондай-ақ Petrochemicals petrochemical мұнай-химия кешені бар. Компанияның негізгі қызметі Қара теңіз аймағында шоғырланған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>