Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ KASE-де артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды

19.11.2018

Астана, 19 қараша 2018 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2018 жылдың 2-сі мен 15-ші қараша аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөнінде арнаулы сауда-саттық жүргізілгенін хабарлайды.

Арнаулы сауда-саттық жүргізу қорытындысы бойынша Компания әр данасын 12 800 теңге бағамен 109 405 артықшылықты акцияны сатуға өтініштерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтық сомасы 1 400 384 000 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда бір акция үшін 12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алатыны туралы хабарлаған болатын. Акционерлерден келіп түскен өтініш санының көптігіне байланысты қарашаның 12-сі күні ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен артықшылықты акцияларын сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері Компания 13 547 046 400 теңге сомасына артықшылықты акцияның барлығы 1 058 363 данасын сатып алды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>