Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Біздің күшіміз – бірлікте»: Алматыда «ҚазМұнайГаз» ҰК жастарының құрылтайы өтті

18.10.2018

Қазанның 12-15 күндері Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ жастарының құрылтайы өтті. Құрылтайға «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақтеңізкөлікфлоты», «ҚазТрансГаз», «ҚазТрансОйл», «Урал Ойл энд Газ» компанияларының және «ҚМГ» - өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Павлодар мұнай өңдеу зауыты», «Caspi Bitum зауыты»,  «Су өндіру және тасымалдау», «ӨзенМұнайСервис», «Oil Construction Company», «АмангелдіГаз», және басқа да еншілес мекелемелерден 100-ден аса жас маман қатысты.

Дәстүрлі шараның ашылу салтанатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Әбденов сөз сөйлеп,  жастарға ізгі тілегін тілегін білдіріп, құрылтай жұмысына табыс тіледі. «Биыл біздің дәстүрлі құрылтай Алатау баурайындағы Алматы қаласында өтіп отыр. «ҚазМұнайГаз» компаниясының болашағы – жастардың қолында. Жас мамандар кеңестері – корпорация қызметінің ажырамас бөлігі.  Сол себепті Компания басшылығы жас мамандардың идеялары мен ұсыныстарын ұдайы қолдап келеді. Сіздер компанияның дамуына, өркендеуіне зор үлесіп қосып келесіздер. Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтылған міндеттерін, бастамаларын толық қолдаймыз. Бұл - салауатты өмір салты, мәдениет және әлеуметтік салалар, жастардың дамуы. Жыл сайынғы бас қосудың мақсаты  - әр кәсіпорында жұмыс жасайтын жастардың бірлігі мен ынтымағын нығайту, жас қызметкерлердің өсуі мен кемелденуі үшін жағдай жасау. Баршаңызға сәттілік тілеймін, құрылтайдың нәтижесі мол болсын!» – деді Серік Әбденов.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы жастардың бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келеді.  Биылғы дәстүрлі құрылтай да осының бір дәлелі.  Саят Кайгельдинов төрағалық етіп отырған Ұлттық компанияның Жас мамандар кеңесі құрылтайдың мазмұнды, танымдық тұрғыдан тартымды өтуіне жан-жақты белсенді атсалысты.

 Алатау баурайында болған үш күнді жастар мазмұнды және қызықты өткізді. Өзара тәжірибе, пікір алмасты және алдағыжылға жұмыс жоспарларымен бөлісті. Жаңа ақпарат мен білім алды.

Құрылтайдың бірінші күні еліміздің әр аймағынан  келген жас мамандар кеңестерінің мүшелері өткен жылдың және биылғы жартыжылдықта атқарған жұмыстарын, қол жеткен жетістіктерін ортаға салды.Сондай-ақ, құрылтайға қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап көрсетілген жастардың дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына көмек көрсетуге бағытталған тапсырмалары мен міндеттеріне ерекше назар аударды.

Ал, шараның екінші күні ҚМГ жас мамандары таңғы 9:00-де Алматының орталық көшесінің бірінде жиналып,  қалалық әкімдік ұйымдастырған велошеруге қатысты. 100-ден астам қызметкерге әрқайсысына бір-бір велосипед берілді. Велошеру 7,5 шақырымға созылды. Велошеру ынтымақ және достық ахуалында өтті. Жалпы, Компания қызметкерлері арасында спорт додалары үнемі ұйымдастырып тұрады.

Веложарыстан кейін жастар тауға шығып, серуендеуге мүмкіндік алды. Ол жерде түрлі интеллектуалдық ойындар ойнап, рухани дүниелерін байытты. Жастар топқа бөлініп, 2019 жылға арналған жоспар мен міндеттерді талқылады. Жиынның негізігі тақырыбы қызметкерлерді, жалпы компанияны дамыту жөнінде болды. Жас мамандарды шетелге оқуға жіберу үшін қандай талаптарды енгізу керектігі жөнінде үздік идеялар мен ұсыныстар таңдап алынды. Олар хаттама түрінде ресімделді. Бұл құжат басшылыққа ұсынылатын болады.

Шараның соңғы күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесу өтті. Әкім жас мамандарға өзінің өмірлік ұстанымы, қызметтегі басшылыққа алар қағидаттары және жетістікке жету жолдары төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Әкім жастарды білім алуға және ұдайы дамып, ізденімпаз болуға шақырды. Бақытты болудың үш шартын атады: білім, сүйікті жұмысы және отбасы. Бұның барлығы біздің елде қолжетімді екенін айтты. Бауыржан Байбек отбасы мен жақындарына көбірек уақыт бөлу қажеттілігіне де баса назар аударды. Отбасы – әрбір адамның тірегі, табысқа жетудің кілті. Кездесу барысында жастар өз сұрақтарын қойып, оларға қала басшысы тұщымды жауап берді.

Құрылтай жұмысы Республика сарайында өнерпаз мұнайшылар қойған үлкен гала-концертпен тәмәмдалды. Концертті қарттар үйіндегі қариялар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер, мұнайшы ардагерлер тамашалауға мүмкіндік алды. Мұнайшы жастар күшімен ұйымдастырылған концерт жоғары деңгейде өтті. Кеш соңында мұнайшы ардагерлерге дастархан жайылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Бүгінгі күні «ҚМГ» компаниялар тобындағы жас мамандар кеңестері шамамен 17,5 мың жасты қамтиды. Компания бойынша 42 жас маман кеңесі жұмыс істейді.  Олардың барлығы жауапкершілігі жоғары қыз-жігіттер. Мысалы, биылғы жылы Маңғыстау және Атырау облыстарының жас мамандары 31 тарихи және мәдени ескерткіштердің  аумағын тазалап, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетуге бағытталған шаралар да тұрақты өткізіліп тұрады. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларын мектепке даярлауға, Атырау облысында ардагерлерге арналған баспананың құрылысына және Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем берілді. Жалпы, осы жылы ҚМГ жастары шамамен 25 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.    

Үш күнге созылған «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жастар құрылтайы мазмұнды және қызықты өтті.  Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың  халыққа Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланды. Осыған байланысты жастардың алға қойып отырған мақсат-міндеттері, іске асыратын жобалары көп.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>