Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Лондондағы инвестициялық форумға қатысты

03.10.2018

2 қазан күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ портфельдік компаниялары ішінде инвесторлардың назарына компанияның мұнай және газды барлау, өндіру, тасымалдау, мұнай өңдеу саласындағы қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ қызметінің қаржылық нәтижелерін ұсынды. 

Мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қатысатын ҚМГ-ның еншілес компаниялары, соның ішінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК және «Қазақ-Британ техникалық университеті» туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

«Жекешелендіру шеңберінде сатылымға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК-ға қатысу үлесінің 51%-ы шығарылды. Компания ұлттық теңіз операторы болып табылады. Каспий өңірінде, Қара және Жер Орта теңіздерінде шикі мұнайды теңіз арқылы тасымалдаумен айналысады. Қазіргі таңда түрлі үлгідегі 27 кемесі бар. ҚБТУ туралы айтатын болсақ, оның 4 әкімшілік ғимараты, 4 жатақханасы, сондай-ақ бұрғылау орталығы мен теңіз академиясы бар. ҚБТУ бойынша сауда-саттық 2018 жылдың 6 қарашасында ҚР Қаржы министрлігінің электронды алаңында электронды конкурс тәсілі арқылы өткізілетін болады», - делінген компанияның таныстырылымында.

Инвестициялық форумның ұйымдастырушылары - «Kazakh Invest» АҚ және Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі. Форумға өндіріс, агроөнеркәсібі, қаржы қызметтері, химия өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі мен металлургия, баламалы энергетика, инфрақұрылым, логистика және қаржы сияқты салалардың 150 жоғары буын басшылары жиналды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>