Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасы ресми түрде жабылды

29.08.2018

Дәстүрге айналып үлгерген осы жылғы Спартакиада кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні құрметіне арналды. Үш күн бойы Назарбаев Университетінің спорт алаңдарында және ҚМГ спорт кешенінде тартысты бәсекелер өтті. «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы өз өндірістік қызметін жүргізетін өңірлерде қиын іріктеу кезеңдерінен өткен үздік қатысушылар жеңіс тұғырына көтерілу үшін күш сынасты.

Астанаға ақтық спорттық бәсекелерге қатысуға «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 30 ұйымынан 350 спортшы келді. Спортшылар  үш күн бойы  спорттың шағын футбол, волейбол, шахмат, жүзу, баскетбол, тоғызқұмалақ, армрестлинг және үстел теннисі сияқты  8 түрінен  жарысқа түсті. Осы жылы ҚМГ бөлімшелерінің командалары корпоративтік спорт мерекесіне өте жақсы дайындалған – жарыс төрешілері қатысушылардың жоғары шеберлігі мен керемет жабдықталуын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрамына кіретін ұйымдарда спортқа деген сүйіспеншілік кеңінен дамыған, ал салауатты өмір салты корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Спартакиаданың жабылуында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев атап өткендей, компания қызметкерлердің салауатты өмір салтына деген ынтасын жан-жақты қолдайды. Көптеген құрылымдық бөлімшелерде спорт залдары жұмыс істейді, қызметкерлерге секцияларға бару үшін жағдай жасалған. Спортты қолдау шараларының арқасында көптеген еншілес мекемелерде мықты спорттық командалар жасақталған.

«Біз үш жыл қатарынан Спартакиаданың ақтық ойындарын Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының деңгейінде өткізіп отырмыз. Біз бәріміз – ҚМГ-ның біртұтас командасымыз», - деді Басқарма Төрағасы, - «Біз өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, биылғы Спартакиаданы бұдан да керемет, жарқын, қызықты, тартымды етіп өткізуге тырыстық. Жарысқа қатысушылардың өзінен және төрешілерден ойындарды өткізудің жағдайлары туралы, қатысушылардың тұратын жерлері, олардың бос уақыттарын ұйымдастыру жөнінде жылы сөздерін естіп жатырмын. Баршаңыздың көңілінен шыққанымызға қуаныштымын. Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын! Салуатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын қызметкерлеріміз өз әріптестеріне өмірге деген құштарлықтарын және көшбасшы болу ынтасын көрсетеді деп ойлаймын».

ҚМГ басшысы жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан медальдар мен дипломдар табыс етті. Ал,  ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы бекіткен көрермендер көзайымы жүлдесі Павлодар мұнай-химия зауытының командасына бұйырды.

Спартакиаданың салтанатты жабылуы достық пен қуаныш ахуалда өтті. Қатысушылар тамаша көңіл-күй мен жігер алды. Сондай-ақ, мұнайшыларға мерекелік дастарханнан бөлек арналған концерт ұйымдастырылды.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>