Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ. 2013 жылдың қаржылық нәтижелері

21.02.2014

Астана, 20 ақпан  2014 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың топтастырылған қаржылық есебін жариялайды.

·      2013 жылы түсім 816,7 млрд. теңгені (5 368 млн. АҚШ доллары) [1]бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 2% артық. 2013 жылы Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 2012 жылғымен салыстырғанда 3% арзандады. Экспорттық сатылымдар көлемі 1% азайды, ал ішкі нарыққа сатылымдар көлемі 20% артты, бұл Компанияның ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерінде белгіленген көрсеткіштен аспайды.

·      2013 жылы таза пайда 141, 8 млрд. теңгені (932 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 12%-ға кем. Таза пайданың азаюы кіріс салығынан басқа салықтардың 14%-ға, өндірістік шығынның 15%-ға көбеюіне, сонымен қатар бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардан түскен кірістің 25%-ға, қаржылық кірістің 40%-ға кемуіне байлансты болды.

·      2013 жылы өндірістік шығындар 162 млрд. теңгені (1 065 млн.  АҚШ долларын) құрады, бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 15% артық, қызметкерлерге төленетін еңбекақы, ұңғыларды жөндеу және қызмет көрсету шығындары мен электр энергиясына жұмсалатын шығындар артты. 

Өндірістік көрсеткіштер

 2013 жылы ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (бұдан әрі – ПҚИ) және «ҚазГӨЗ» ЖШС компанияларындағы үлестерін есептегенде,   12 397 мың тонна (тәулігіне 251 мың баррель) мұнай мен газ конденсатын өндірді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға немесе 2%-ға артық.

 «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ)  5 208мың тонна (тәулігіне 105 мың баррель) өндірді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ)  2 841 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1% артық.  ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі  8 049 мың тоннаны құрады (тәулігіне 162 мың баррель), бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4%  артық.

 ҚМГ БӨ-дің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2013 жылы 4 339 мың тоннаны (тәулігіне 89 мың баррель) құрады, бұл 2012 жылмен  салыстырғанда 2 % кем, көрсеткіштердің төмендеуі негізінен ПКИ өндіріс көлемінің  5% кемігеніне байланысты.

2013 жылы ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 6 017 мың тоннаны (тәулігіне 119 мың баррель) немесе мұнайды сату жалпы көлемінің 75% құрады. Ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 967 мың тоннаны (тәулігіне 39 мың баррель) немесе жалпы мұнай сатылымы көлемінің 25% құрады.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі  4 319мың тонна мұнайды (тәулігіне 88 мың баррель) құрады, оның 3 829 мың тоннасы (тәулігіне 78 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 89%-ын құрайды.

2013 жылдың соңындағы мұнай қорын бағалауға Компания Miller and Lents Ltd. компаниясын тәуелсіз аудитор ретінде тағайындады. 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қор есебі дайын болғанда Компания қосымша ақпаратты жариялайды.

Есепті кезеңдегі таза пайда

2013 жылы таза пайда  141,8 млрд. теңгені (932 млн. АҚШ доллары) құрады,  бұл 2012 жылмен салыстырғанда 12%-ға төмен.  Негізінен таза пайданың азаюы кіріс салығы және өндірістік шығыстардан басқа  салықтардың  ұлғаюымен, сондай-ақ  бірлескен және  қауымдасқан кәсіпорындардағы қаржылық кірістің төмендеуіне байланысты.

Ақша түсімі

2013 жылы қаржы түсімі  816,7  млрд. теңгені (5 368 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда  2%-ға артық.  Мұнайдың Брент маркасы үшін бағаның 3%-ға төмендеуі және 61 мың тоннаға экспорттық сатылымдар көлемінің азаюы мұнайдың ішкі жеткізілімдер көлемінің 330 мың тоннаға ұлғаюымен және ішкі нарыққа жеткізілмдер бағасының тонна үшін 38-ден 40 мың теңгеге дейін өсуімен өтелді.

Кіріс салығынан басқа салықтар

Табыс салығынан басқа салықтар,  2012 жылмен салыстырғанда 2013жылы14%-ға, 312 млрд. теңгеге дейін (2 049 млн. АҚШ доллары) өсті, бұл негізінен пайдалы қазбаларды  өндіру салығының  және ,экспорттық кеден салығының өсуімен байланысты.  Экспорттық кеден салығы бойынша шығыстардың өсуі 2013 жылдың 12 сәуірінен бастап экспорт бажының бір тонна үшін 40 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына  дейін өсуіне байланысты.

Өндірістік шығыстар

2013 жылы өндірістік шығындар 162 млрд. теңгені (1 065 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық, бұл негізінен қызметкерлерге төлемдер бойынша шығыстардың артуымен, электр қуатына шығыстармен және ұңғыларды жөндеу және қызмет көрсету шығыстарымен түсіндіріледі.

Қызметкерлерге еңбекақы төлемдері бойынша шығыстар 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы  11%-ға артты, негізінен өндірістік қызметкерлер еңбекақысының 2013 жылдың қаңтарынан бастап 7%-ға индексациялануы нәтижесінде, сондай-ақ екі жаңа сервистік бөлімшелер өндірістік қызметінің басталуымен байланысты.  2012 жыл бойына аталған бөлімшелердің қызметкрелер бойынша шығыстарының негізгі бөлігі әкімшілік шығыстар құрамында есептелді.  2012 жылмен салыстырғанда, 2013 жылы ұңғыларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтерге шығыстар 25%-ға өсті, негізінен ұңғыларды күрделі жөндеу операциялары санының және ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстарының артуымен, қабаттардың мұнай беруін көтеруге бағытталған басқа да шараларға байланысты.

2013 жылы электр қуатына  шығыстар 23%-ға артты, негізінен электр қуатына орташа бағаның ӨМГ-да 2013 жылдың қаңтарынан бастап 25%-ға және ЕМГ-да 17%-ға  көтерілуі есебінен.

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

2012 жылмен салыстырғанда, 2013 жылы сату шығындары және әкімшілік шығындар 1% -ға төмендеді және 92 млрд. теңгені (607 млн. АҚШ доллары) құрады. 2012 жылмен салыстырғанда көлік шығыстарының 16%-ға ұлғаюы  негізінен, Өзен-Атырау-Самара бағыты бойынша  және ҚазТрансОйл құбыр желісі жүйесінің ішкі бағытымен бағалардың өсуі айыппұлдар  және өсімпұлдар бойынша шығыстардың  және басқа жалпы және әкімшілік шығыстардың  төмендеуімен өтелді.

Барлау және бағалау бойынша шығыстар

Барлау және бағалау бойынша шығыстар  2012 жылдағы 6,1 млрд. теңгемен (41 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 2013 жылы13,1 млрд. теңгені (86 млн. АҚШ доллары) құрады.  2013 жылы Компания Уайт Беар барлау блогында бұрғыланған, 6,2 млрд. теңге (40 млн.АҚШ  доллары) көлеміндегі құрғақ ұңғыларға, Шығыс Жарқамыс барлау блогында бұрғыланған, 2,9 млрд. теңге (19 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі құрғақ ұңғыларға және Қаратон-Сарқамыс барлау блогында бұрғыланған, 1,3 млрд. теңге (9 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі құрғақ екі ұңғыға шығыстарды есептен шығаруды мойындады.

Активтердің құнсыздануы

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2013 жылдың бірінші тоқсанында Компания басшылығы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның  56 млрд. теңге  (370 млн. АҚШ долларына жуық) мөлшеріндегі өтелетін бағасының құнсыздануы бойынша шығыстарды мойындады.  Құнсыздану шығыстары негізінен 2013 жылдың 12 сәуірінен бастап экспорттық кеден салықтарының өсуімен байланысты.

Операциялық қызметтен ақша ағымдары

Операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 2013 жылы  98 млрд. теңгені (647 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмен. Бұл негізінен өндірістік шығындардың артуымен, кіріс салығынан басқа салықтардың көбеюімен және дебиторлық қарыздың ұлғаюымен байланысты. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ромпетролға («Қазмұнайгаз Трейдинг» арқылы сату) шикі мұнай үшін төлем мерзімі 60 күннен 90 күнге дейін ұзартылды, бұл Компанияның айналымдағы капиталына әсер етуі мүмкін.

Күрделі салымдар

2013 жылы күрделі салымдар[2]144 млрд. теңгені (946 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 18%-ға жоғары. Бұл көрсеткіш бұрғыланған ұңғылар санының 256-дан 311-ге дейін жетуіне, өндірістік объектілердің салынуына, құрылғыларды сатып алуға,  және модернизация бағдарламасын іске асыруға байланысты. 2013 жылы модернизация бағдарламасына жұмсалған инвестиция 14 млрд. теңгені (90 млн. АҚШ доллары) құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш 9,5 млрд. теңге (63 млн. доллар) болатын.

 Ақша қаражаттары және займдар

2013 жылдың  31 желтоқсанында ақша қаражаттары мен олардың баламаларының сомасы 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы 155 млрд. теңгемен (1,0 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 119  млрд. теңгені (0,8 млрд. АҚШ доллары) құрады.

2013 жылдың 31 желтоқсанындағы басқа да қаржы активтерінің сомасы 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы 522 млрд. теңгемен (3,7 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 504 млрд. теңгені (3,3 млрд. АҚШ доллары) құрады.

2013 жылдың маусым айында ҚМГ ҰК Облигацияларды түгел өтеді, олардың өтелмеген сомасы және есептелген сыйақысы 137 млрд. теңгені (909 млн. АҚШ доллары) құрады. ҚМГ БӨ 2010 жылдың маусым айында ҚМГ ҰК Облигацияларын 222 млрд. теңгеге (1,5 млрд. АҚШ доллары) сатып алған, өтеу мерзімі 2013 жылдың 24 маусымы болатын.

2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша   ақша қаражаттары және қаржылық активтердің 82% шетел валютасында, ал 18% теңгеде қайта номинацияланды. Ақша қаражаттары және қаржы активтері бойынша есептелген қаржы кірісі 2013 жылы 20,6 млрд. теңгені (135 млн.АҚШ доллары) құрады. 2012 жылы бұл көрсеткіш 34,5 млрд. теңге (232 млн. АҚШ доллары) болатын (соның ішінде ҚМГ ҰК Облигациялары бойынша кіріс).

2013 жылдың 31 желтоқсаны күнгі займдардың сомасы 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 7,3 млрд.теңгемен (48 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 6,8 млрд. теңгені (44 млн. АҚШ доллары) құрады.

Таза ақша қаражаттарының соммасы[3] 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы  699 млрд. теңгемен (4,6 млрд.АҚШ доллары) салыстырғанда, 2013 жылдың 31 желтоқсанында   616 млрд. теңгені (4,0 млрд. АҚШ доллары)  құрады.

Стратегиялық сатып алулардан кіріс

2013 жылы қауымдасқан компаниялардағы және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2012 жылғы 67 млрд. теңгемен (452 млн. АҚШ доллары)  салыстырғанда 51 млрд. теңгені (334 млн. АҚШ доллары)  құрады.

 Қазгермұнай

ҚМГ БӨ 2013 жылы ҚГМ компаниясының қатысуындағы  үлесінен 28 млрд. теңге (187 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебіне енгізді. Бұл сомма лицензиялардың әділ құнының амортизациясының ықпалын санамағанда және 18 млрд. теңге (116 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі шегерілген салық бойынша экономияны санағанда 46 млрд. теңгені құраған  (303 млн. АҚШ доллары) ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50% үлесі.

2013 жылы ҚГМ таза табысы өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға төмендеді, бұл негізінен экспорттық кеден бажының көбеюі мен 2007-2012 ж.ж. салық тексерістері және экологиялық аудит нәтижесінде есептелген төлемдерге байланысты, бұл шығындар экспорттық сатылымдардың өсуімен жартылай өтелді.

2013 жылы ҚМГ БӨ ҚГМ-дан 200 млн. АҚШ доллары көлемінде дивиденд алды.

ПетроҚазақстан Инк.

2013 жылы ҚМГ БӨ ПҚИ компаниясының қатысуындағы өзінің үлесінен 22 млрд. теңге (145 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебіне енгізді. Бұл сомма 5 млрд. теңге (31 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі лицензиялардың әділ құнының амортизациясының ықпалын санамағанда 27 млрд. теңгені құраған  (177 млн. АҚШ доллары) ПҚИ таза пайдасындағы Компанияның 33% үлесі.

2013 жылы ПҚИ таза пайдасы  өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеді, бұл негізінен ПҚИ өндіріс көлемінің азаюына, сатылатын мұнай өнімдерінің кемуіне, экспорттық кеден бажының артуына және салық және экологиялық тексерістердің нәтижесінде міндеттелген айыппұлдар мен өсімпұлдардың көбеюіне байланысты.

2013 жылы ҚМГ БҚ 219 млн. АҚШ долларын ПҚИ-дан дивиденд ретінде алды.

CCEL

Компания 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша өзінің балансында 17,2 млрд. теңге соманы (112 млн. АҚШ доллары)  CITIC Resourses Holdings Limited атты Қытай компаниясымен бірлесіп бақылайтын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2013 жылы ҚМГ БӨ  26,87 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кіріске қатысты, 2,8 млрд. теңге мөлшеріндегі (18,1 млн. АҚШ доллары) пайыздық кірісті есептеді.

Салықтық және экологиялық тексерулер

2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша салықтық және экологиялық тексерістер нәтижесінде берілгендерге Компанияның бірнеше талаптары бар.

2006-2008 Салық аудиті. Салық тексерулері бойынша Компанияға 2006-2008 жылдар үшін салық органдарымен  16,9 млрд. теңге (112 млн. АҚШ  доллары) мөлшерінде қосымша есептеме жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта Компания ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің тексеру нәтижелеріне шағымдануда.  2013 жыл ішінде  Компания қосымша есептемені  1,8 млрд. теңге (12 млн.АҚШ  доллары) мөлшерінде азайтуға қол жеткізді.  Нәтижесінде салық бойынша қолданыстағы резерв 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша  14,6 млрд. теңгеге  (96 млн. АҚШ доллары) дейін төмендеді.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салық. Салық органдары пайдалы қазбаларды өндіруге салық бойынша салықтық есептілік пен ҚР Мұнай және газ министрлігінің 2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығына  берген мәліметтерінде анықталған алшақтық үшін Компанияға 8,8 млрд. тенге (58 млн. АҚШ доллары) соммасында хабарлама жолдады.  Компания жоғарыда аталған хабарламамен келіспейді және өз ұстанымын жазбаша жолдады. Салық органдары аталған мәселе бойынша әлі Компанияға аудиторлық тексеру жүргізген жоқ. Соған қарамастан, егер салық органдары салықтық тексерулер жүргізу туралы шешім қабылдайтын болса, Компания сөз жоқ, әлеуетті салық есептемелеріне қарсылық білдіреді. Осы орайда, басшылық табысты шағымдану мейлінше ықтимал деп есептейді, аталған мәселеге байланысты ешқандай да есептемелер 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікте жүргізілген жоқ.

ПетроҚазақстан Құмкөл Реморсиз (ПҚҚР) салық аудиті. ПҚҚР-де өткен 2009-2012 жылдар үшін салық тексерісінің нәтижесінде салық органдары қоршаған ортаны ластау бойынша 10,7 млрд. теңге (69 млн. АҚШ доллары) көлемінде хабарландыру, және 8,8 млрд. теңге (57 млн. АҚШ доллары) көлемінде айыппұлдар мен  өсімпұлдарды төлеуге міндеттеді. ПҚҚР тексеріс қорытындысымен келіспейді, және аппеляцияға беруді жоспарлап отыр. ПҚИ басшылығы бұл шағым қанағаттандырылмауы мүмкін деген есеппен 19,4 млрд. теңгені (126 млн. АҚШ доллары) (ҚМГ БӨ-дің 33% үлесі 6,4 млрд. теңгені (41,7 млн. АҚШ доллары) құрайды) 2013 жылдың топтастырылған қаржылық есебінде шығындар деп көрсетті. ПҚИ басшылығы 2009-2012 ж.ж. салық аудитінің нәтижесінде шығуы мүмкін басқа талаптарға қатысты ПҚҚР қарсы қояр дәлелдері салмақты деп санайды.

2011-2012 ж.ж.  «Өзенмұнайгаз» АҚ экологиялық тексеру. 2011 жылдың тамыз айы мен 2012 жылдың қараша айы аралығындағы кезең бойынша тексеріс нәтижесі бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-на Маңғыстау облысы Экология департаментінен экологиялық зиян келтіргені үшін 59,3 млрд. теңге (392 млн. теңге) көлемінде айыппұл төлеу туралы хабарлама келіп түсті. «Өзенмұнайгаз» АҚ инспекция заңсыз, есептеу нәтижелері қате болды деп қарсы шағым түсірді. Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ тексеріс нәтижелерін даулап, өз ұстанымын дәлелдейді деп санайды, сол себепті 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша топтастырылған қаржылық есепте бұл мақсатта қосымша қаражат қарастырылмаған.

2012-2013 ж.ж. «Өзенмұнайгаз» АҚ экологиялық тексеру. 2013 жылдың екінші жартысындағы салық тексерісінің нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы Экология департаменті қоршаған ортаға кететін эмиссиялар көлемін шектен асыру кесірінен экологияға зиян келтіргені үшін  «Өзенмұнайгаз» АҚ-на 212,6 млрд. теңге айыппұл төлету туралы қаулы шығарды. «Өзенмұнайгаз» АҚ бұл қаулымен келіспейді, және бүгінгі күні Маңғыстау облысы Экология департаментінің талабына наразылық шағым түсіру бойынша іс-әрекет етіп жатыр. Басшылықтың пікірінше, бұл мәселе бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның айғақтары анық, себебі инспекция кезінде Қазақстан Республикасының инспекциялау тәртібіне қатысты заңнамалары бұзылды. Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ тексеріс қорытындыларын даулап өз позициясын дәлелдейді деп санайды, сол себепті 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша топтастырылған қаржылық есепте бұл мақсатта қосымша қаражат қарастырылмаған.

«Эмбамұнайгаз» АҚ экологиялық тексеру. 2013 жылдың маусым-шілде айларында өткен экологиялық тексерістің нәтижесінде «Эмбамұнайгаз» АҚ үш кен орнында газ утилизациясы кенішті игеру бойынша бекітілген техникалық жобаларға сәйкес емес деген хабарлама алды. Кен орнындарындағы жұмысты тоқтатпау мақсатында «Эмбамұнайгаз» АҚ  кеніштерді игеру жобаларына өзгертулер енгізіп, Экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің мемлекеттік экологиялық экспертизасының оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта аталған кеніштер қалыпты жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе бойынша заңдық процедуралар тәмамдалған.

«Эмбамұнайгаз» АҚ газды жағуы. 2014 жылдың 15 қаңтарында «Эмбамұнайгаз» АҚ экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін, соның ішінде ілеспе газды жаққандағы ауаға кететін қалдықтардың шектен шығуына байланысты 37,2 млрд. теңге көлемінде айыппұл төлеу туралы хабарлама алды. Бұл талапты даулау мақсатында Компания қазір іс-әрекет етіп жатыр. Компания тексеру қорытындысы мен қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін талап етіліп отырған айыппұлға қатысты шағымы қанағаттандылады деп санайды. Осылайша, 2013 жылдың 31-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл мәселе бойынша қосымша қаражат қарастырылған жоқ.

 ***

2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған топтастырылған қаржылық есебі, сондай-ақ қаржылық жағдайға талдау мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланатын болады.

ҚОСЫМША

Жиынтық кіріс туралы топтастырылған есеп

Миллион тенгемен

31 желтоқсанда аяқталған жылға

2013

             2012

Кірістер

816.712

797.170

Қауымдасқанкомпанияларменбірлескенкәсіпорындардыңнәтижелеріндегіүлес

50.866

67.442

Қаржылық кіріс

20.577

34.528

Түсім мен басқа да кірістердіңжиыны

888.155

899.140

Өндірістік шығыстар

(162.035)

(140.362)

Сатужәнеәкімшілікшығыстар

(92.360)

(93.088)

Барлау шығыстары

(13.125)

(6.104)

Ескіру, тозу және амортизация

(47.144)

(53.747)

Табыс салығынан басқа салықтар

(311.688)

(274.171)

Негізгі қаражаттың құнсыздануы

(60.099)

(77.012)

Негізгіқаражаттыңшығуынанболғаншығын

(4.475)

(3.189)

Қаржыландыру шығындары

(8.085)

(7.231)

Бағамдықайырмашылықкірістері, таза

11.216

9.513

Салық салғанға дейінгі табыс

200.360

253.749

Табыс салығы шығындары

(58.531)

(92.926)

Кезеңдегі пайда

141.829

160.823

Шетелдікопреациялардықайтасанауданбағамдықайырмашылық

4.500

3.655

Келесі кезеңдерде кіріс немесе шығынға қайта классификацияланатын басқажиынтықкіріс

4.500

3.655

Салықтардышегергендегікезеңдегіжиынтықкірістіңжиыны

146.329

164.478

БірАКЦИЯҒАПАЙДА – мыңтеңгемен

Базалықжәнемолайтылған

2,08

2,32

Қаржылықжағдайтуралытоптастырылғанесеп

Миллионтенгемен

 31желтоқсанға

2013

2012

АКТИВТЕР

Ұзақмерзімдіактивтер

Негізгі құралдар

350.675

325.520

Материалдық емес активтер

12.064

19.584

Бірлескен кәсіпорындардағы инвестициялар

88.967

89.252

Қауымдасқан компанияларға инвестициялар

107.095

118.959

Бірлесіпбақыланатынкәсіпорындардыңдебиторлыққарызы

13.222

14.326

Бірлескенкәсіпорындарданалынатынзаймдар

18.402

13.150

Басқа да қаржылық активтер

21.711

1.085

Кейінге қалдырылған салықтар бойынша активтер

34.356

31.968

Басқа даактивтер

19.542

17.200

Ұзақ мерзімді активтер жиыны

666.034

631.044

Ағымдағы активтер

Тауар-материалдық қорлар

27.422

25.058

Табыс салығы бойынша алдын ала төлеу

43.684

17.806

СалықтаржәнеҚҚСөтеугеалдыналатөлем

72.169

56.257

Пайдалықазбалардыөндіругесалықбойыншаалдыналатөлем

1.967

8.073

Алдағы кезеңдердің шығындары

22.067

15.539

Саудажәнебасқа да дебиторлыққарызы

153.219

101.168

3.969

3.895

Бірлескенкәсіпорындардың займы

3.933

Басқа да қаржылық активтер

482.006

550.556

Ақшақаражаттарыжәнеолардыңэквиваленттері

119.036

154.705

Ағымдағы активтердің жиыны

929.472

933.057

Активтер жиыны

1.595.506

1.564.101

КАПИТАЛ

Жарғылықкапитал

162.969

162.952

Басқарезервтер

2.482

2.474

Бөлінбеген пайда

1.185.815

1.154.335

Басқа капитал құрамы

22.509

18.009

Капитал жиыны

1.373.775

1.337.770

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Ұзақмерзімді міндеттемелер

Займдар

4.291

4.848

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

881

Резервтер

34.203

36.927

Ұзақмерзімді міндеттемелер жиыны

39.375

41.775

Ағымдағы міндеттемелер

Займдар

2.503

2.462

Резервтер

20.067

17.319

Төлемге кіріс салығы

29.341

32.103

Төленетінпайдалықазбалардыөндірусалығыжәнеренталықсалық

61.956

50.417

Саудажәнебасқа да кредиторлыққарыздар

68.489

82.255

Ағымдағы міндеттемелер жиыны

182.356

184.556

Міндеттемелер жиыны

221.731

226.331

Міндеттемелер мен капитал жиыны

1.595.506

1.564.101

Ақшақаражаттарыныңқозғалысытуралыжиынтықесеп

Миллионтенгемен

31 желтоқсанда аяқталған жылға

2013

2012

Операциялық қызметтен ақша қаражатының ағымдары

Табыс салығына дейінгі пайда

200.360

253.749

Ақшалайемесбаптардықосу  (алу) үшінтүзетулер

Ескіру, тозу және амортизация

47.144

53.747

Қауымдасқанкомпанияларжәнебірлесіпбақыланатынкәсіпорындардыңнәтижелеріндегіүлес

(50.866)

(67.442)

Негізгіқұралдардышығарушығындары

4.475

3.189

Негізгіқұралдардыңжәнематериалдықемесактивтердіңқұнсыздануы

60.099

77.012

Барлаужәнебағалаубойыншаактивтержөніндегінәтижесізбарлауұңғыларыныңшығындары

10.971

4.321

Үлестесқұралдарданегізделгентөлемдердітану

145

354

Үлестік құралдарды алу

(137)

(4)

Операциялыққызметтенемесбағамдықайырмашылықтыңжүзегеаспағанкірістері

(5.533)

(6.835)

Басқа да ақшалайемескірістер мен шығыстар

7.898

420

Қаржыландыруға плюс шығыстар

8.085

7.231

Минусқаржылық кірістер

(20.577)

(34.528)

Айналымдағы капиталды түзетулер

Басқа активтердегі өзгерістер

376

101

Тауарлық-материалдыққорлардағыөзгерістер

(549)

(2.267)

ӨтелетінҚҚСжәнесалықбойыншаалдыналатөлемдегіөзгерістер

(16.436)

(33.519)

Болашақкезеңдердіңшығындарындағыөзгерістер

(6.525)

(3.577)

Саудажәнебасқададебиторлыққарыздардағыөзгерістер

(51.906)

(16.599)

Саудажәнебасқа да кредиторлыққарыздардағыөзгерістер

(20.371)

13.925

Пайдалықазбалардыөндірусалығыменренталықсалықтыңтөлеміндегіжәнеалдын-алатөлеміндегіөзгерістер

11.128

(8.564)

Резервтердегі өзгерістер

(1.805)

10.663

Төленген табыс салығы

(77.544)

(96.498)

Операциялыққызметтеналынғанақшақаражатыныңтазаағымдары

98.432

154.879

Инвестициялыққызметтенақшаағымдары

Негізгі құралдарды сатып алу

(140.402)

(99.240)

Негізгіқұралдардысатыпалудантүскентүсім

582

1.054

Материалдық емес активтерді сатып алу

(8.628)

(8.874)

Бірлескен кәсіпорындарға берілген займдар

(11.252)

(5.081)

Табыссалығышегерілген, бірлескенжәнеқауымдасқанкомпанияларданалынғандивиндендтер

64.138

114.207

ҚМГҰКүлестікқұралынаинвестициядан алынғансыйақы

4.734

11.280

ҚМГҰКүлестікқұралдарынаинвестициялардытөлеудентүсімдер

135.243

Сатыпалу) / өтеугедейінұстапқалынатынқаржылықактивтердісатып алу

(78.520)

(85.257)

Басқадақаржылықактивтердісатудантүсімдер

5.546

Байланысқан тараптар займдарын өтеу

4.088

7.657

Еншілесұйымдардысатуда (сатыпалу) алынғанақшақаражаттарыншегеріптастағанда

3.601

Алынған сыйақылар

7.130

2.976

Инвестициялыққызметтеналынған (пайдаланылған) ақшақаражаттарыныңтазаағымдары

(22.887)

      (52.131)

Қаржылыққызметтенақшаағымдары

Өзіндік акцияларды сатып алу

(36.203)

Займдарды өтеу

(1.079)

(81.406)

Компания акционерлеріне төленген дивидедтер

(109.979)

(33.971)

Төленген сыйақылар

(2.975)

Қаржылыққызметкепайдаланылғанақшақаражаттарыныңтағаағымдары

(111.058)

(154.555)

Ақшақаражаттары мен олардыңбаламаларын таза өзгерту

(35.513)

(51.807)

Жылбасындағыақшақаражаттарыжәнеолардыңбаламалары

154.705

206.512

Ақшақаражаттарыжәнеолардыңбаламаларыбойыншаоңбағамдықайырмашылық

(156)

Жылсоңындағыақшақаражаттарыжәнеолардыңбаламалары

119.036

154.705

Төменде 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған, жылдағы көліктік және басқа да шығыстар есептеле отырып, мұнай және мұнай өнімдерін сату бағалары туралы деректер келтірілген.

2013ж. (АҚШ доллары/барр)

ӨАС

КҚК

Ішкі.

Жарияланатыннарықтықбаға

108,7

 108,7

 -  

Сапабанкі

-

(7,6)

-

Баға түсуі

(2,1)

(0,8)

-

Сатылғанбаға

 106,6

 100,3

 36,8

Ренталықсалық

 (23,9)

 (24,9)

 -  

Экспорттықкедендіксалық

 (7,3)

 (6,9)

 -  

Көліктікшығындар

 (9,1)

 (7,4)

 (1,8)

Нетбэк

 66,3

 61,1

 35,0

Баррелизациякоэффициентібойыншасыйақы

-

8,3

 -  

Баррелизациякоэффициентін ескергендегі нэтбэк

 66,3

 69,4

 35,0

2013ж. (АҚШ доллары/барр3)

ӨАС

КҚК

Ішкі.

Жарияланатыннарықтықбаға4

 111,7

 111,7

 -  

Сапабанкі

-

(7,4)

-

Баға түсуі

(2,9)

(1,9)

-

Сатылғанбаға

 108,8

 102,4

 35,5

Ренталықсалық

 (23,5)

 (23,6)

 -  

Экспорттықкедендіксалық

 (5,6)

 (4,9)

 -  

Көліктікшығындар

 (7,9)

 (7,0)

 (1,0)

Нетбэк

 71,8

66,9

 34,5

Баррелизациякоэффициентібойыншасыйақы

-

8,0

 74,9

 34,5

Анықтамалықақпарат

2013ж.

2012ж.

Кезеңгеорташабағам US$/KZT

152,14

149,11

Кезеңсоңындағы US$/KZT бағамы

153,61

150,74

ҚМГ БӨ үшінбаррелдердімұнайтоннасынақайтаесептеукоэффициенті (өндіру)

7,36

ҚМГ БӨ үшінбаррелдердімұнайтоннасынақайтаесептеукоэффициенті (сату)

7,23

Қазгермұнайүшінбаррелдердімұнайтоннасынақайтаесептеукоэффициенті

7,70

CCEL  үшінбаррелдердімұнайтоннасынақайтаесептеукоэффициенті

6,68

ПҚИ үшінбаррелдердімұнайтоннасынақайтаесептеукоэффициенті

7,75

АНЫҚТАМА 

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2012 жылдың соңындағы жағдай бойынша 204 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Эмбамұнайгаз» АҚ еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдыңқыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтанастам АҚШдолларынтартты. 2013 жылдыңмамырайындахалықаралықStandard&Poor’sагенттігі ҚМГ БӨ несиелікрейтингін «ВВВ-» деңгейіндерастады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)

ЕленаПак

e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)

AndrewMitchell

e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

[1]Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін, жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтықесептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2013 және 2012 жылдары орташа курс сәйкесінше 152,14 және 149,11 теңге/АҚШ долларын құраған; 2013 жылдың 31 желтоқсаны және 2012 жылдың 31 желтоқсаны кезеңінің соңында курс сәйкесінше 153,61 және 150,74 теңге/АҚШ долларын құраған) бойынша ауыстырылды.

[2]Компания күрделі салымдарды есептеу әдісін қайта қарады. 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтердің түсімі болып көрсетілген. Бұған дейін олар қаржы ағымдары есебіне сәйкес негізгі қаражат пен материалдық емес активтерді сатып алу болып көрсетілген болатын.

[3]Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша займдардың сомасын алып тастағанда ақша қаражаттары, олардың баламалары және басқа да қаржы активтерінің (Облигацияны қосқанда) сомасы ретінде есептеледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>