Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС мұнай өнімдеріне байланыссыз төлем жасау технологиясын енгізуде

24.07.2018

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінің клиенттері автомобильден шықпай жанармайға төлем жасай алады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның жаңа цифрлық шынайылығына бейімдеу саласындағы тапсырмасын іске асыру аясында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «Цифрлық ЖМҚС» жобасын іске қосты. 

Қазақстанда алғаш рет «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында   мұнай өнімдерін босату кассирдің қатысуынсыз жүргізіледі – автоәуесқой тек қана мобильді қосымша орнатып, оған банктік картаны бекітсе жеткілікті.

ЖМҚС-ға келгенде, мобильді интернет сенімді қамтылған аймақта, мобильді қосымшада смартфондағы геопозиция көмегімен клиент автоматты түрде өзінің тұрған жерін анықтайды. Тек отын-тарату бағанының нөмірі, отын түрі және литрмен қажетті көлемі немесе ақшалай түріндегі сомасын теру ғана қалады. Бұдан кейін жүйе автоматты түрде ОТБ қосады және автомобиль жанармайдың тапсырыс берілген көлемі құйылатын болады. Құюды жүзеге асырғаннан кейін жүйе фискалды деректерімен электрондық чекті жолдайды. Автокөлік иелері үшін басты артықшылық  - ол кез-келген басқа қаладан жанармайға қашықтан төлем жасау мүмкіндігінің болуы.

Сондай-ақ мобильді қосымшада толық бак құю түрі мұқият пысықталған және көлем кем құйылған жағдайда клиенттің картасына соманы қайтаруға кепілдік берілген.

Бұрыннан стратегиялық әріптестер - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» мен ForteBank бірлескен жаңа жобасы жетекші мұнай компанияларының тәжірибесін, сондай-ақ банк саласындағы алдыңғы қатарлы технологиялар, классикалық ритейл және электронды коммерция тәжірибесін алды. Оған жанармайды бөлшек сауда арқылы сату саласында алғаш қолданылатын бірқатар инновациялық шешімдер енеді.

«Біз клиенттерге көрсетілетін қызметтердің ыңғайлы, оңай және сапалы болуы үшін жаңа технологияларды енгізуге ұмтыламыз, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директорының операциялық басқару жөніндегі орынбасары Асқар Кәрібаев. – Жаңа жоба электрондық талондар жүйесін енгізумен және штрих-кодтардың көмегімен төлем жасауды бірлесіп пайдаланумен басталған цифрлық өнімдерді дамыту бойынша біздің жұмысымыздың жалғасы болды.  Қазақстандық автоәуесқойлар біздің жаңа өнімнің артықшылығын бағалайды деп сенеміз».

- Біз әріптестік дамып келе жатқандығын және Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру аясында өз үлесімізді енгізуге біз мүмкіндік алғандығымызға қуаныштымыз. Атап өтілген қосымша автокөлік иелері арасында кең тарайды деген сенімдеміз. Ал ForteBank пластикалық карталарын ұстаушылар үшін жағымды бонус, ол 5% СashВack мобильді қосымшадағы сатып алу үшін де есептеледі, - деп атап өтті  ForteBank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов.

Цифрлық технологиялар – қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, еліміздің экономикасының тиімділігін арттыру, ынтымақтастықтың анық және түсінікті ережелері есебінен бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етудің пәрменді құралы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>