Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Астанада мұнай ағымын реттейтін Диспетчерлік басқарма орталықтандырылды

04.07.2018

Қазақстанның мұнай ағыны тікелей елордадан басқарылатын болады. Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа Бас диспетчерлік басқармасын іске қосты. Сондай-ақ, БДБ сандық техонолгиялар арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесінің даму жобасының екінші кезеңі аясында қайта жөндеуден өткен Ақтөбе облысындағы «Кеңқияқ» (БМАС) бас мұнай айдау станциясын іске қосты.

ҚР аймақтарындағы диспетчерлік қызметтерді БДБ-ға ауыстыру арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау бойынша диспетчерлік басқаруды орталықтандыру жобасы 2018 жылы аяқталды. Енді «ҚазТрансОйл» компаниясы Астанадан тікелей Қазақстанның 11 аймағындағы мұнай ағымын басқара алады.

«ҚазТрансОйл» АҚ БДБ-дан компанияның барлық мұнай құбыр учаскелерінде мұнайды қабылдау, тапсыру, Ақтау портында және теміржол эстакадаларында мұнайды құю жұмысын онлайн режимде бақылап отыра алады. Бұған дейінгі «ҚазТрансОйл» АҚ диспетчерлік басқару құрылымы төрт деңгейлі болатын: жергілікті диспетчерлік бекеттер (ЖДБ), аудандық диспетчерлік бекеттер, орталықтандырылған диспетчерлік бекеттер және Астанадағы Бас диспетчерлік басқарма. Қазіргі таңда жаңа құрылымда екі деңгей көрсетілген - ЖДБ және БДБ.

Бұдан кейін «Кеңқияқ» БМАС-қа тікелей қосылу арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы Әліби Құлтумиев А. Есімовке қайта жөндеуден кейін «Кеңқияқ» БМАС жұмысқа дайын екендігін айтты, «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы БМАС-ты қосуға рұқсат берді.

– «Кеңқияқ» БМАС-ты қайта жөндеу және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры реверсі жобасын толық көлемде іске қосу арқылы біз қазақстандық мұнайдың ҚХР-ге экспортын арттырамыз және батысқазақстандық мұнайдың отандық МӨЗ-ге тасымалдануын қамтамасыз етеміз. Бұл еліміздегі МӨЗ қайта жаңғырту жұмысынан кейінгі отандық шикізаттың есебінен мұнай тұтынуды арттыру болжамын қанағаттандырады,- деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов.

Қайта жөндеу жобасы – бұл отандық мұнайдың ішкі және экспорттық жеткізілуін ұлғайтуда маңызды қадам, еліміздің өнеркәсіптік өрлеуіне және оның транзитті-экспорттық әлеуетінің дамуына қосып жатқан елеулі үлесі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>