Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 1,6 млрд. АҚШ доллары сомадағы Еурооблигацияларды уақытында өтегені туралы хабарлайды

03.07.2018

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) өзінің қысқамерзімді Еурооблигацияларын ұзақмерзімді құралдарға қайта қаржыландыру бастамасы шеңберінде 2018 жылғы 2 шілдеде 1,6 млрд. АҚШ доллары сомасына Еурооблигацияларды (шығарылған күні 2008 жылғы 02 шілде, айналым мерзімі 10 жыл) толық және уақытында өтегені туралы хабарлайды.

Осы Еурооблигациялар ҚМГ-нің борыштық бағалы қағаздарының ең ірісі болып табылады. Шығарылымның сомасы негізінен Солтүстік Каспий жобасының шеңберінде (Қашаған) үлестерді сатып алуды және күрделі шығындарды қаржыландыруға жұмсалды.

Еурооблигацияларды өтеу ҚМГ-ге жалпы қарыздың көлемін азайтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте таза қарыздың көлемі (жалпы қарыз минус ақша қаражаты) өзгерген жоқ.

Сондай-ақ 2018 жылғы мамырда ҚМГ 3,25 млрд. АҚШ доллары сомасына Еурооблигацияларды қайта қаржыландырған болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>