Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Салалық кәсіподақ күшейтілуде

07.03.2014

Жуырда Астана қаласында «Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» мен «Қаражанбасмұнай»АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестіктері арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөнінде келісімге қол қойылды.

Салалық Кәсіподақ орталық аппаратының кеңсесінде аталмыш құжатқа Салалық кәсіподақ төрағасы  Сұлтан Қалиев және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» мен «Қаражанбасмұнай»АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестіктерітөрағалары   Санатбай Масатов  пен Төремұрат Көбен қол қойды.

Келісім «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындары кәсіподақтарының қызметін үйлестіруді күшейтуге бағытталған.  Аталмыш құжатқа қол қойғандар тараптардың әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісім арқылы реттеуді жақсарту, салалық келісім мен ұжымдық келісім-шарттың орындалуына қоғамдық бақылау, кәсіпорындар мен ҚМГ өндірістік бөлімшелерінің әлеуметтік-экономикалық табанды дамуына мұрындық болу, өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, еңбек қорғау мен қауіпсіздігі, еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, еңбек дауларының алдын алу сияқты бағыттарда ынтымақтастықта болуына келісті.

Сонымен таяуда ғана Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген«Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы ірі өндірістік бөлімшелерінің кәсіподағы есебінен біршама күшейтілді.  Еліміздің батысында орналасқан шалғайдағы екі кәсіпорынның кәсіподағы салалық кәсіподаққа ең алғашқылардың бірі болып кіріп отыр. Қазіргі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымы 6 мыңнан астам адамның, «Қаражанбасмұнай»АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымы 2 мыңға жуық адамның басын құрайды. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>