Денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеялар және тәжірибелер
21.12.2017
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеялар және тәжірибелер» конкурсының қорытындыларын шығарды.
Ұсынылған жұмыстарды іріктеу үш деңгейлік комиссиямен жүргізілді, оның құрамына еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлерімен қатар, ҚМГ қызметкерлері де кірді. Және де, комиссия құрамына міндетті түрде кәсіподақтардың өкілдері де енгізілді.
Конкурсқа ҚМГ-ның 30-дан астам еншілес және тәуелді ұйымдары қатысты. Жұмыстарды іріктеудің басты критерийі – ҚМГ компаниялар тобында идеяларды енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеяларды және тәжірибелерді пайдалану болып табылады. Жеңімпаздарды марапттау салтанатты рәсімнің қорытындысы болып табылады, жеңімпаздарға Құрмет грамоталары және ақшалай сыйақылар берілді.
Бірінші орынға «ҚазМұнайГаз» ТДБ ҒЗИ» ЖШС жетекші инженері - Күлимбаев Ардақ Жұмабайұлы ие болды. Оның идеясының мәні мынадай - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың компаниялар тобының автокөлік құралдарын жылдамдық датчигі, жол белгілерін қадағалау датчигі және басқа айлабұйымдар, сондай-ақ жүргізушінің қауіпсіз жүргізіп келе жатқаны туралы компанияға хабарлау үшін телефон нөмірін көрсете отырып, «Am I driving safe? Мен қауіпсіз жүргізіп келемін бе?» тәрізді қауіпсіздіктің белсенді жүйелерімен жарақтандыру болып табылады, ол өз кезегінде Жол-көлік оқиғасының азаюына алып келеді.
Екінші орынға «Урихтау Оперейтинг» ЖШС-тың орталық инженерлік-техникалық қызметінің инженер-технологы Кемешов Нұрлыхан Бердіханұлы ие болды. Өндірістік объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді компания логотипі бар тиісті түстегі сигнальдық жилеттермен қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл сигнальдық жилет ЕҚ, ҚТ бөлімінің қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа инженерлік-техникалық қызметкерлерге алыс қашықтықтан жұмыстардың қандай түрері жүргізіліп жатқанын әрі бұл учаскеде бұл жұмыстарды кімдердің жүргізіп жатқанын, сонымен қатар қызметкердің өзінің функциональдық міндеттерін бұзбағандығын, өзінің тікелей міндетін атқарып жатқандығын байқауға әрі анықтауға мүмкіндік береді.
Үшінші орынға «Мангистаумунайгаз» АҚ-тың еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы Ләтіп Бауыржан Бергенұлы ие болды. Оның идеясының мәні мынадай - ПП-0,63; ПН-70 қыздыру пештерінің иректүтіктерін монтаждау және бөлшектеу үшін механикаландырылған жаңа айлабұйымдарды қолдану болып табылады, олар өз кезегінде Қаламқас кен орнында практика жүзінде қолданылды және сол арқылы мұндай жұмыстарды орындау кезінде адам өміріне және денсаулығына келетін қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озат инновациялық идеялар және тәжірибелер» конкурсы жыл сайын өткізіледі. Бастама сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуде кәсіпорындардың (ЕТҰ-лардың) уәждемесін және материальдық мүдделілігін арттыруға, өндірістік жарақаттануға жол бермеуге, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша тұрақты дамуды және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру үшін олардың қоршаған ортаға теріс әсер деңгейін кемітуге бағытталған.