Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Геологиялық барлау: заман үндеулері және келешек

06.12.2017

2017 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғаш өткізіп отырған «Геологиялық барлау: заман үндеулері және келешек» тақырыбы бойынша конференция өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының барлаушы және өндіруші кәсіпорындарының қызметкерлері, ҚМГ-ның ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері және ҚМГ қызметкерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты – тәжірибе және пікір алмасу алаңын құру, геологиялық барлау саласында перспективті және стандарттан тыс идеяларды анықтау болып табылады. Бұл конференция – команда құрудағы, ҚМГ-ның геологиялық барлау индустриясын дамыту бағытын құрудағы алғашқы қадам болып табылады.

Қазақстанның қолданыстағы мұнай өндіруші өңірлеріндегі ресурстық базаның азаюына байланысты көмірсутек қорларының өсімі есебінен оның орнын толтыру мәселесі өткір тұр, ол өз кезегінде түпкілікті барлау жұмыстарын жүргізу, жаңа аумақтарды іздестіру және игеру қажеттілігін білдіреді.

Геологиялық  барлау жұмыстары (бұдан әрі – ГРР) стратегиясы шеңберінде ҚМГ Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерінің көмірсутекті әлеуетін бағалауға бағытталған жұмыстардың белгілі бір түрлерін орындайды және бес жылдық кезеңге арналған барлау және барлау және түпкілікті барлау бағдарламасын дайындайды.

Осы бағдарламаның нәтижесінде әртүрлі себептермен (су басып кету, апаттар, аз дебиттілік және т.б.) пайдаланудан шығарылған, қолданыстағы қордың ұңғымаларын пайдалану мүмкіндігін бағалай отырып, 3Д сейсмикалық барлауды және жаңа ұңғымаларды бұрғылауды қоса алғанда, таңдап алынған кен орындары бойынша түпкілікті барлау жөніндегі қажетті іс-шараларды іске асыру мерзімдері, түрлері, көлемдері бойынша ұсыныстар дайындауды жоспарлайды.

Және одан басқа, ҚМГ жер қойнауын пайдалануға арналған перспективті блоктар портфелін дайындау үшін Каспий маңы, Үстірт-Бозашы және Маңғыстау бассейндерін өңірлік зерттеу бойынша ТДБ ҒЗИ-мен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Қазіргі заманғы жағдайда барлау жобаларын табысты түрде іске асыру үшін және мұнай-газ кен орындарын тиімді игеру үшін өзекті ақпаратты және ілеспе деректерді жедел алу керек. Осындай себеп бойынша деректерінің көлемі үлкен ақпараттық жүйелерді тиімді түрде орталықтан басқару бойынша міндеттерді шешу және бүкіл ақпаратты бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіру, веб-портал түрінде интерфейсі бар бүкіл геологиялық-геофизикалық, кәсіпшілік ақпаратқа - Орталықтандырылған  Деректер Банкіне (бұдан әрі – ОДБ) кірудің бірыңғай нүктесін құру қажеттілігі туындады.

ОДБ құрудың міндеті – барлық ақпаратты бірыңғай архивке шоғырландыру және бүкіл жинақталған ақпаратқа ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің оперативті қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда айтылғаннан басқа, ҚМГ барлауға және өндіруге жаңа лицензиялық блоктарды алу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заңы 2010 жылы қабылданғаннан кейін ҚМГ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен Қансу, Өркен, Бектұрлы Восточный, Исатай, Өлі Қолтық (Үстірт), Самтыр және Прибрежное жер қойнауын пайдалануға арналған жеті келісімшарт жасасты.

Геологиялық  барлауға арналған шығындарды оңтайландыру жүргізілгеніне қарамастан, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын және тиімділігін арттыруға ерекше көңіл қойылып отыр. Осыған байланысты ҚМГ жаңа жобалар мен бағыттарды анықтау және дамыту мақсатында өңірлердің геологиясын зерттеу  бойынша талдамалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде, «олар болашақта өз әлеуетін алып келеді және еліміздің мұнай-газ саласына жаңа тыныс береді» деп атап көрсетті өз баяндамасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың барлау жөніндегі аға вице-президенті-бас геолог Мұхит Саурамбаев.

Конференцияда өз баяндамаларымен ҚМГ-ның еншілес компанияларының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де шығып сөйледі, олар қазіргі заманғы технологиялардың пайдаланылуы және сейсмикалық барлау әдістері, перспективті кен орындары және т.б. туралы баяндады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>