Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және «Атамекен» ҰКП Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

13.11.2017

2017 жылғы  10 қарашада  Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында құқықтық мәселелер  жөніндегі Ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Ынтымақтастық туралы келісімге  ҚМГ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Ардақ Мұқышов  және  «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов қол қойды. 

Келісім заңнаманы жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға, арбитраждағы коммерциялық даулардың шешілуін кеңейтуге және т.б. бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу сияқты құқықтық қызметтің маңызды бағыттарда тараптардың өзара іс-қимыл жасауын көздейді.

ҚМГ заң блогының басшысы А. Мұқышов ҰКП өз жұмысы кезеңінде бизнестің проблемалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсететін тиімді диалогтік алаң ретінде  өзін көрсеткенін атап өтті. Келісімге қол қою  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және ҰКП өзара қарым-қатынастарына оң жағынан әсер етеді, сондай-ақ бірлескен құқықтық жұмысты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.   Келісімді іске асыруда ҚМГ және ҰКП  құқықтанудың өзекті мәселелеріне дөңгелек үстелдерді, семинарларды, конференцияларды бірлесіп өткізеді.

Рустам Жүрсінов өз тарапынан Келісім заңнаманы дамыту және бизнес бастамаларды қолдау бойынша өзара іс-қимыл жасаудың берік негізін орнату мақсатында жасалатынын атап өтті. Бұл ретте, Жер қойнауы туралы кодекстің әзірленген жобасы ҚМГ және ҰКП тиімді өзара іс-қимыл жасауының үлгісі болып табылады. Ол   арбитраждың артықшылықтары туралы да қысқаша айтты және арбитражға  квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуы үшін заңнамалық  шектеулерді жою бойынша жұмысты бірлесіп жасауды ұсынды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>