Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ПМХЗ зауытының модернизациясы аяқталды

07.11.2017

Бұл жөнінде «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директоры Данбай Шухрат ҚР Энергетика министрлігінде өткен МӨЗ-ді жаңғырту және ЖЖМ нарығындағы жағдай мәселелері бойынша өткен жиналыста атап өтті.

ПМХЗ басшыларының ақпараты бойынша зауытта күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін 26 қазанда мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы іске қосылды. 30 қазаннан бастап каталитикалық риформинг қондырғысы режимге шықты, ол 1-2 қарашада тәулігіне 1200 тонна көлемінде К2 класты жоғары октанды бензинді өңдеуді реттеуге мүмкіндік берді. Ал 3 қарашадан бастап өңдеу тәулігіне 2500 тонна болды. Жаңғырту жобасының шеңберінде  салынған каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылумен тәулігіне 4200 тоннаға дейінгі көлемде К4 экологиялық класты жоғары октанды бензиннің бірінші партиясы өндіріліп, тиелетін болады. 

Осылайша зауыттан бензин жөнелту белгіленген өндірістік көлемде іске асырылатын болады.

Барлық жаңа қондырғылар толық қуаттылығына енген кезде ашық түсті мұнай өнімдері 2016 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда жылына 300 мың тоннадан астамға артады.

Күрделі жөндеу шеңберінде кәсіпорынның арттырылған жөндеуаралық циклге көшуі жөнінде кең ауқымды жұмыстар атқарылды. Осылайша 2018 жылдан бастап ПМХЗ ұзақмерзімді жөндеуге үш жылда бір рет тоқтайтын болады. Соның нәтижесінде жыл сайын зауыттың 35-40 өнімділік күні үнемделетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>