«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ. 2014 жылдың алғашқы үш айындағы қаржылық нәтижелері
30.04.2014
Астана, 30 сәуір 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың 31 наурызында аяқталған мерзімге арналған аралық қысқартылған топтастырылған қаржылық есепті жариялайды.
· 2014 жылдың алғашқы үш айында түсім 220,8 млрд. теңгені (1 301 млн. АҚШ доллары)[1] құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9% артық. 2014 жылдың алғашқы үш айында Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% арзандады, бір баррельге 112,6 АҚШ долларынан 108,2 АҚШ долларына дейін түсті.
· 2014 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 123,5 млрд. теңгені (727 млн. АҚШ доллары) құрады, көбіне салықты алып тастамай тұрғындағы 2014 жылдың ақпан айында болған теңге девальвациясы кезіндегі бағам айырмашылығынан түскен пайданың есебінін.
· 2014 жылдың алғашқы үш айында өндірістік шығындар 43,8 млрд теңгені (258 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% артық, бұл өндірістік құрылым қызметкерлерін марапаттау шығындарының көбеюімен түсіндіріледі.
Өндірістік көрсеткіштер
2014 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» ( ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есептегенде 3 048 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық.
«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 301 мың тонна (тәулігіне 106 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5% көп. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 684 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда1%кем. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3% артып, 1 985 мың тонна (тәулігіне 162 мың баррель) құрады.
ҚМГ БӨ-дің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2014 жылдың алғашқы үш айында 1 063 мың тоннаны (тәулігіне 88 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегімен салыстырғанда 1 %-ға кем.
Мұнай мен мұнай өнімдерін сату
2014 жылдың алғашқы үш айында ӨМГ және ЕМГ мұнай сатылымының экспорттық көлемі 1 063 мың тоннаны (тәулігіне 88 мың баррель) немесе мұнай сатылымы жалпы көлемінің 74% құрады. Ішкі нарыққа 519 мың тонна (тәулігіне 42 мың баррель) немесе мұнай сатылымы жалпы көлемінің 26% жөнелтілді.
ҚМГ БӨ компаниясының CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының мұнай сатылымындағы үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 57% құрайтын, экспортқа шығарылған 598 мың тоннаны (тәулігіне 49 мың баррель) қоса есептегенде, 1 051 мың тоннаны (тәулігіне 87 мың баррель) құрады.
Кезеңдегі таза пайда
2014 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 123,5 млрд. теңгені (727 млн. АҚШ доллары) құрады, 2013 жылдың осындай кезеңінде 0,7 млрд. теңге (4 млн.АҚШ доллары) таза шығын болған.2014 жылдың алғашқы тоқсанында Компания 2014 жылдың ақпан айында болған теңге девальвациясы кезіндегі бағам айырмашылығынан түскен 108 млрд. теңгені (637 млн. АҚШ доллары) түсім деп мойындады, ал «Өзенмұнайгаз» АҚ орны толтырарлық құнының 27 млрд. теңгеге (162 млн. АҚШ доллары) құнсыздануын шығын деп мойындады.
Ақша түсімі
2014 жылдың алғашқы үш айында ақша түсімі 220,8 млрд. тенгені (1 301 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%жоғары. Теңгедегі ақша түсімінің өсуі 2014 жылдың ақпан айындағы девальвацияға байланысты теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 13% артуына, және 2014 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайдың бір тоннасының бағасы 40 000 теңгеден 48 000 теңгеге дейін қымбаттауына байланысты.
Кіріс салығынан басқа салықтар
Кіріс салығынан басқа салықтар 2014 жылдың алғашқы үш айында 80,3 млрд. теңгені (473 млн. АҚШ доллары) құрады, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 5%-ға артық. Салықтың көбеюі 2013 жылдың 12 сәуірінен бастап кедендік экспорттық баж салығының (тоннасына 40 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін) көтерілуіне және 2014 жылдың ақпан айындағы девальвацияға байланысты теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 13% артуына байланысты. 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап экспорттық кедендік баж тоннасына 60 доллардан 80 долларға көтерілді.
Өндірістік шығындар
2014 жылдың алғашқы үш айында өндірістік шығындар 43,8 млрд. теңге (258 млн. АҚШ долларын) құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% артық, бұл негізінен қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының артуымен түсіндіріледі.
Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындары 2014 жылдың алғашқы үш айында 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% артты. Бұл көрсеткіш негізінен 2014 жылдың қаңтарынан бастап өндірістік жұмыскерлердің айлық жалақысын 7%-ға индексациялау және өндірістік қызметкерлердің айлық табысынан 5% деңгейінде міндетті зейнетақы төлемдерінің енгізілуіне байланысты.
Бұған дейін хабарланғандай 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесінің енгізілуі және теңге девальвациясына байланысты жалақының 10% артуына байланысты өндірістік қызметкерлердің еңбекақы қоры ұлғаяды.
Сату шығындары және әкімшілік шығындар
2014 жылдың алғашқы үш айында сату шығындары және әкімшілік шығындар 22 млрд. теңгені (131 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық. Бұл айыппұлдар мен өсімпұлдардың азаюымен теңгерілген көлік шығындарының артуына байланысты. Көлік шығындары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі жеткізілімдер тарифінің 7% көтерілуіне және теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамының көтерілуі мен жеткізілімдер көлемінің артуына қатысты КТК бағытындағы шығындардың көбеюіне байланысты. КТК бағытымен тасымалдау тарифі АҚШ долларында деноминацияланды.
Активтердің құнсыздануы
2014 жылдың бірінші тоқсанында Компания басшылығы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өтеу құнының 27 млрд. теңге (162 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі құнсыздануы жөніндегішығынды мойындады. Құнсыздану шығындары негізінен 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап экспорттық кедендік баж салығының бір тоннаға 60 АҚШ доларынан 80 АҚШ долларына дейін артуына және сыйақы шығындарының көбеюіне байланысты.
Бағам айырмашылығынан түскен кіріс
2014 жылдың ақпан айында теңгенің 19% девальвациялануына байланысты 2014 жылдың бірінші тоқсанында бағам айырмашылығынан 108 млрд. теңге (637 млн. АҚШ доллары) таза кіріс болды.
2014 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) теңге бағамын бұрынғы деңгейде ұстап тұрудан бас тартып, теңге бағамының қалыптасуына араласуды қысқартып, валюталық интервенция көлемін төмендету туралы шешім қабылдады. Ел экономикасы мен қаржы нарығының тұрақсыздануына жол бермеу үшін ҚРҰБ теңгенің долларға қатысты бағамын 185 теңге плюс/ минус 3 теңге деген жаңа деңгейде бекітті және айырбас бағамынның қысқа мерзімді волатильдігін және күрт өзгерістерді болдырмау саясатын жалғастырады.
Операциялық қызметтен ақша ағымдары
Операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 2013 бірінші тоқсанындағы 30 млрд. теңгемен (200 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 2014 жылдың алғашқы үш айында 98 млрд. теңгені (597 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіш негізінен 2014 жылдың 1 тоқсанында бағам айырмашылығынан түскен кіріске байланысты.
Күрделі салымдар
2014 жылдың алғашқы үш айында күрделі салымдар[2]23 млрд. теңгені (134 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 осындай кезеңіндегіден 3 %-ға көп.
Акционерлерге төлемдер
2014 жылдың 18 наурызында Директорлар кеңесі 2013 жылдың таза пайдасынан төленетін ҚМГ БӨ-нің бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына дивиденд мөлшерін анықтады. Акционерлердің жалпы жиналысы бұл шешімді бекіткен жағдайда бір қарапайым және артықшылықты акцияға төленетін дивиденд 1 976 теңге (ҚР заңнамасына сәйкес ұсталатын салықтарды қосқанда) болмақ, бұл 135 млрд. теңгені[3] (шамамен 730 млн. АҚШ доллары[4]) құрады.
Ақша қаражаттары және займдар
2013 жылдың 31 наурызында ақша қаражаттары мен олардың баламаларының сомасы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 119 млрд. теңгемен (0,8 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 283 млрд. теңге (1,6 млрд. АҚШ доллары) құрады.
2014 жылдың 31 наурызындағы басқа да қаржы активтерінің сомасы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 504 млрд. теңгемен (3,3 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 481 млрд. теңге (2,6 млрд. АҚШ доллары) құрады.
2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша ақша қаражаттары мен қаржы активтерінің 86% шетелдік валютада, 14%-ы теңгеде қайта номинацияланды. Ақша қаражаттары мен қаржы активтері бойынша есептелген қаржылық кіріс2014 жылдың алғашқы үш айында 5,2 млрд. теңгені (31 млн. АҚШ доллары) құрады.
2014 жылдың 31 наурызында Компания займдарының сомасы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 6,8 млрд. теңгемен (44 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 7,9 млрд. теңгені (43 млн. АҚШ доллары) құрады.
Таза ақша қаражаттарының сомасы[5] 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 616 млрд. теңгеге (4,0 млрд. АҚШ доллары) қарағанда, 2014 жылдың 31 наурызында 756 млрд. теңге (4,2 млрд. АҚШ доллары) құрады.
Стратегиялық сатып алулардан түскен кіріс
2014 жылдың алғашқы үш айында қауымдасқан компаниялардағы және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2013 жылдың сәйкес кезеңінде алынған 21 млрд. теңгеге (137 млн. АҚШ доллары) қарағанда, 16 млрд. теңгені (95 млн. АҚШ долларын) құрады.
Қазгермұнай
2014 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ Қазгермұнай компаниясындағы үлесінен 10,5 млрд. теңге (62 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебіне енгізді. Аталған сома Қазгермұнайдың таза пайдасындағы Компанияның 11,5 млрд. теңге (68 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 50% үлесіненлицензияның әділ құнына амортизация ықпалы мен 0,9 млрд. теңге (5 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге шегерілген табыс салығын алып тастағанда шығады.
2014 жылдың алғашқы үш айында ҚГМ таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% кеміді, бұл негізінен, экспорттық көлемнің ішкі нарыққа қайта бөлінуі мен 2013 жылдың сәуір айынан бастап экспорттық кедендік баж салығының 40 доллардан 60 долларға артуына байланысты.
Меншік үлесіне қарай (ҚГМ-де 50% үлес) 2014 жылдың 25 сәуір күні ҚМГ БӨ 100 млн. АҚШ долларын ҚГМ-нен дивиденд ретінде алды.
ПетроҚазақстан Инк.
2014 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ ПҚИ компаниясындағы өзінің үлесінен 8,0 млрд. теңге (47 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті таныды. Аталған сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның 33% үлесін құрайтын 9,2 млрд. теңгеден (54 млн. АҚШ доллары) 1,2 млрд. теңге (7 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі лицензияның әділ құнының амортизация ықпалын алып тастағанда шығады.
2013 жылдың алғашқы үш айында ПҚИ таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% кеміді, бұл негізінен, экспорттық көлемнің ішкі нарыққа қайта бөлінуі мен 2013 жылдың сәуір айынан бастап экспорттық кедендік баж салығының 40 доллардан 60 долларға артуына байланысты.
CCEL
Компания 2014 жылдың 31 маусымындағы жағдай бойынша өзінің балансында 21,1 млрд. теңгені (116 млн. АҚШ долларын) қытайлық CITIC Resources Holdings Limited. компаниясымен бірлесіп бақылайтын кәсіпорын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2014 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ 26,87 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кірістің бір бөлігін білдіретін 0,7 млрд. теңге (4 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайыздық кірісті есептеді.
Салықтық және экологиялық тексерулер
2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша салықтық және экологиялық тексерулер нәтижесінде Компанияға қойылған бірнеше талап болды. Нақты ақпарат 2014 жылдың 31 наурызында аяқталған мерзімнің топтастырылған қаржы есебінде көрсетілген.
2006-2008 Салық аудиті. 2013-2014 жылдары Компания салық органдары талап еткен төлемдерді16,9 млрд. теңгеден (111 млн. АҚШ доллары) 12,2 млрд. теңгеге (71 млн. АҚШ доллары) дейін төмендетуге қол жеткізді. Нәтижесінде салық бойынша қолданыстағы резерв 2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 14,8 млрд. теңгені (87 млн. АҚШ доллары) құрайды.
ПетроҚазақстан Құмкөл Реморсиз (ПҚҚР) салық аудиті. ПҚҚР-де (ПҚИ-дің 100% еншілес компаниясы ) өткен 2009-2012 жылдар үшін салық тексерісінің нәтижесінде салық органдары10,0 млрд. теңге (54 млн. АҚШ доллары) көлемінде қосымша салық салған. ПҚҚР тексеріс қорытындысымен келіспейді, және Қаржы министрлігінің Салық Комитетіне аппеляцияға беруді жоспарлап отыр. 2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша қаржы есебіне бұл мәселе бойынша резервтерді есептеу енгізілмеген.
ПҚҚР қоршаған ортаны ластады деген айыппен талап етілген (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоса есептегенде) 19,4 млрд. теңге (105 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі хабарландыруды даулап жатыр. 2014 жылдың 12 ақпанында Қаржы Министрлігінің салық комитеті Қызылорда облыстық Салық департаментінің пайдасына қарай жауап берді. ПҚҚР Қаржы министрлігі Салық департаментінің шешімімен келіспейді және 20 ақпанда Қызылорда аймақтық экономикалық сотына шағымданды.
2011-2012 ж.ж. «Өзенмұнайгаз» АҚ экологиялық тексеру. 2014 жылдың ақпан айында Маңғыстау облыстық сотының кассациялық коллегиясының шешімімен қоршаған ортаны ластанды деген айыппен талап етілген 59,3 млрд. теңге (321 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі айыппұл күшін жойды, алайда Экология департаменті Жоғарғы сотқа шағымдануы мүмкін. 2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша жасалған топтастырылған қаржы есебінде бұл мәселе бойынша резерв төлеу есептелінбеген.
2012-2013 ж.ж. «Өзенмұнайгаз» АҚ экологиялық тексеру.2014 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) Маңғыстау облыстық Экология департаментінен 212,6 млрд. теңге (1 249 млн. АҚШ доллары) көлемінде айыппұл мен 11 шлам жинағышта топырақтың ластануына байланысты қоршаған ортаға зиян тигізді деген айыппен 327,9 теңгеге (1 926 млн. АҚШ доллары) претензия төлеу туралы хабарлама алды.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық Экология департаментінің 212,6 млрд. теңге (1 249 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі талабының күшін жою туралы сот шешімі шағымдануға жатпайды, алайда прокуратура органдары бұл шешімге наразылық білдіруі мүмкін деген қауіп бар. 2014 жылдың сәуір айында Маңғыстау облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы 327,9 млрд. теңге (1 926 млн. АҚШ доллары) талап бойынша соттың ӨМГ пайдасына шешілген үкімін өзгеріссіз қалдырды. 2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша жасалған топтастырылған қаржы есебінде бұл мәселе бойынша резерв төлеу есептелінбеген.
«Эмбамұнайгаз» АҚ газды жағуы. Компания қазір Атырау облыстық Экология департаменті табиғатты ластады деген айыппен талап еткен 37,2 млрд. теңге (201 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі айыппұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасы мен Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына шағымданып жатыр.2014 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша жасалған топтастырылған қаржы есебінде бұл мәселе бойынша резерв төлеу есептелінбеген.
2014 жылдың 31 маусымында аяқталған үш айдың қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есебі, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның Интернет-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.
ҚОСЫМША
Жиынтық кіріс туралы топтастырылған қысқартылған есеп (тексерілмеген)
Миллион тенгемен
|
31 наурызда аяқталған үш айға |
|
|
2014 |
2013 |
|
|
|
Кірістер |
220,824 |
202,185 |
Қауымдасқанкомпанияларменбірлескенкәсіпорындардыңнәтижелеріндегіүлес |
16,160 |
20,700 |
Қаржылық кіріс |
5,236 |
5,813 |
Түсімменбасқакірістердіңжиыны |
242,220 |
228,698 |
|
|
|
Өндірістік шығындар |
(43,793) |
(42,801) |
Сату және әкімшілік шығындары |
(22,244) |
(22,058) |
Барлау шығындары |
(258) |
(6,620) |
Ескіру, тозу және амортизация |
(15,056) |
(12,400) |
Табыс салығынан басқа салықтар |
(80,280) |
(76,239) |
Негізгі құралдардың құнсыздануы |
(27,448) |
(57,164) |
Негізгі құралдарды шығарудан болған шығындар |
(223) |
(656) |
Қаржыландыру шығындары |
(806) |
(1,954) |
Бағамдық айырмашылық кірістері/ (шығыстары) |
108,113 |
876 |
Салық салғанға дейінгі пайда |
160,225 |
9,682 |
Табыс салығы шығындары |
(36,767) |
(10,342) |
(Шығын) / кезеңдегі пайда |
123,458 |
(660) |
|
|
|
Шетелдік операцияларды қайта санаудан бағамдық айырмашылық |
52,334 |
160 |
Салықтарды шегергендегі кезеңдегі басқа жиынтық кірістер/ (шығыстар) |
52,334 |
160 |
Салықтарды шегергендегі кезеңдегі басқа жиынтық кірістердің жиыны |
175,792 |
(500) |
(ШЫҒЫНДАР) / БІР АКЦИЯҒА ПАЙДА– мың тенге |
|
|
Базалық және молайтылған |
1.81 |
(0.01) |
|
|
|
|
Қаржылық жағдай туралы қысқартылған аралық топтастырылған есеп
Миллион теңгемен
|
31наурыз 2014 жыл |
31 желтоқсан 2013 жыл |
|
(тексерілмеген) |
(тексерілген) |
АКТИВТЕР |
|
|
Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
Негізгі құралдар |
330,540 |
350,675 |
Материалдық емес активтер |
11,701 |
12,064 |
Бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар |
110,255 |
88,967 |
Қауымдасқан компанияларға инвестициялар |
131,769 |
107,095 |
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың дебиторлық қарызы |
16,352 |
13,222 |
Бірлескен кәсіпорындардан алынатын займдар |
22,555 |
18,402 |
Басқа да қаржылық активтер |
18,879 |
21,711 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер |
38,071 |
34,356 |
Басқа активтер |
18,660 |
19,542 |
Ұзақ мерзімді активтер жиыны |
698,782 |
666,034 |
Ағымдағы активтер |
|
|
Тауар-материалдық қорлар |
25,147 |
27,422 |
Табыс салығы бойынша алдын-ала төлеу |
35,032 |
43,684 |
Салықтар мен ҚҚС өтеуге алдын-ала төлем |
74,871 |
72,169 |
Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша алдын-ала төлем |
1,967 |
1,967 |
Алдағыкезеңдердің шығындары |
22,290 |
22,067 |
Сауда және басқа да дебиторлық қарыз |
145,970 |
153,219 |
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың дебиторлық қарызы |
4,704 |
3,969 |
Бірлескен кәсіпорындардан алынатын займдар |
5,355 |
3,933 |
Басқа да қаржы активтері |
462,306 |
482,006 |
Ақша қаражаттары мен олардың баламалары |
282,962 |
119,036 |
Ағымдағы активтер жиыны |
1,060,604 |
929,472 |
Активтер жиыны |
1,759,386 |
1,595,506 |
КАПИТАЛ |
|
|
Жарғылық капитал |
162,969 |
162,969 |
Басқа резервтер |
2,482 |
2,482 |
Бөлінбеген пайда |
1,309,273 |
1,185,815 |
Басқа капитал құрамы |
74,843 |
22,509 |
Капитал жиыны |
1,549,567 |
1,373,775 |
МІНДЕТТЕМЕЛЕР |
|
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
|
Займдар |
4,896 |
4,291 |
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер |
881 |
881 |
Резервтер |
34,968 |
34,203 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиыны |
40,745 |
39,375 |
Ағымдағы міндеттемелер |
|
|
Займдар |
2,994 |
2,503 |
Резервтер |
20,126 |
20,067 |
Төлеуге табыс салығы |
34,350 |
29,341 |
Төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен ренталық салық |
60,895 |
61,956 |
Сауда және басқа да кредиторлық қарыз |
50,709 |
68,489 |
Ағымдағы міндеттемелер жиыны |
169,074 |
182,356 |
Міндеттемелер жиыны |
209,819 |
221,731 |
Міндеттемелер мен капитал жиыны |
1,759,386 |
1,595,506 |
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы қысқартылған аралық жиынтық есеп (тексерілмеген)
Миллион тенгемен
|
31 наурызда аяқталған үш айға |
|
|
2014 |
2013 |
Операциялыққызметтенақшақаражаттарыныңағымдары |
|
|
Табыс салығына дейінгі пайда |
160,225 |
9,682 |
Ақшалайемесбаптардықосу/ (алу) үшінтүзетілер |
|
|
Ескіру, тозу және амортизация |
15,506 |
12,400 |
Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлес |
(16,160) |
(20,700) |
Негізгі құралдарды шығару шығындары |
223 |
656 |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы |
27,448 |
57,168 |
Барлау және бағалау жөніндегі активтер бойынша нәтижесіз барлау ұңғымаларына арналған шығындар |
46 |
6,215 |
Үлестік құралдарға негізделген төлемдерді растау |
− |
54 |
Үлестік құралдарды алып тастау |
− |
(8) |
Операциялық емес қызметтен түскен бағамдық айырмашылықтың жүзеге аспаған шығындары |
(57,640) |
(285) |
Басқа да ақшалай емес кірістер мен шығыстар |
(136) |
840 |
Қаржыландыруға плюс шығыстар |
806 |
1,954 |
Инвестициялық қызметке жататын минус қаржылық кірістер |
(5,236) |
(5,813) |
Айналымдағы капиталды түзету |
|
|
Басқа активтердегі өзгерістер |
14 |
230 |
Тауар-материалдық қорлардағы өзгерістер |
2,665 |
7,089 |
Өтелетін ҚҚС мен салықтар бойынша алдын-ала төлемдегі өзгерістер |
(2,702) |
(3,799) |
Болашақ кезеңдердің шығындарындағы өзгерістер |
(225) |
205 |
Сауда және басқа да дебиторлық қарыздардағы өзгерістер |
7,249 |
(14,250) |
Сауда және басқа да кредиторлық қарыздардағы өзгерістер |
(6,376) |
(14,540) |
Төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен ренталық салықтағы өзгерістер |
(1,061) |
10,163 |
Резервтердегі өзгерістер |
419 |
6,432 |
Төленген табыс салығы |
(26,278) |
(23,519) |
Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының таза ағымдары |
98,337 |
30,174 |
Инвестициялық қызметтен ақша ағымдары |
|
|
Негізгі құралдарды сатып алу |
(33,017) |
(34,279) |
Негізгі құралдарды сатудан түскен түсім |
247 |
10 |
Материалдық емес активтерді сатып алу |
(515) |
(2,634) |
Бірлескен кәсіпорындарға берілген займдар |
(519) |
(2,711) |
Өтелуге дейін ұсталатын қаржы активтерін сату / (сатып алу) |
97,077 |
26,111 |
Алынған сыйақы |
2,635 |
2,692 |
Инвестициялық қызметтен алынған (пайдаланылған) ақша қаражаттарының таза ағымдары |
65,908 |
|
Қаржылық қызметтен ақша ағымдары |
|
|
Займдарды өтеу |
(267) |
(267) |
Компания акционерлеріне төленген дивидендтер |
(29) |
(1) |
Қаржылыққызметтепайдаланылғанақшақаражаттарыныңтазаағындары |
(296) |
(268) |
Ақша қаражаттары мен мен олардың баламаларын таза өзгерті |
163,949 |
19,095 |
Жыл басындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары |
119,036 |
154,705 |
Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының оң/ (теріс) бағамдық айырмашылығы |
(23) |
16 |
Кезең соңындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары |
282,962 |
173,816 |
Төменде 2014 жылдың 31 наурызында аяқталған көліктік және басқа да шығыстар есептеле отырып, мұнай өнімдерін сату бағалары туралы деректер келтірілген:
2014 ж.1 т. |
|
|
|
(доллар /барр) |
ӨАС |
КҚК |
Ішкі. |
Жарияланатын нарықтық баға |
108,2 |
108,2 |
- |
Сапа банкі |
- |
(6,9) |
- |
Жеңілдіктер |
(3,2) |
(1,7) |
- |
Сатылған баға |
105,1 |
99,6 |
39,3 |
Ренталық салықг |
(23,1) |
(21,0) |
- |
Экспорттық кедендік баж |
(8,0) |
(7,3) |
- |
Көлік шығындары |
(8,5) |
(7,2) |
(2,1) |
Нетбэк |
65,4 |
64,1 |
37,2 |
Баррелизация коэффициенті бойынша сыйақы |
- |
8,4 |
- |
Баррелизация кэффициентін есептегендегі нетбэк |
65,4 |
72,5 |
37,2 |
|
|
||
2013 ж. 1 т. |
|
|
|
(доллар /барр) |
ӨАС |
КҚК |
Ішкі. |
Жарияланатын нарықтық баға |
112,6 |
112,6 |
- |
Сапа банкі |
- |
(7,8) |
- |
Жеңілдіктер |
(3,6) |
(2,4) |
- |
Сатылған баға |
108,9 |
102,4 |
37,2 |
Ренталық салық |
(24,8) |
(24,8) |
- |
Экспорттық кедендік баж |
(5,50) |
(5,1) |
- |
Көлік шығындары |
(9,0) |
(7,6) |
(1,8) |
Нетбэк |
69,7 |
64,9 |
35,4 |
Баррелизация коэффициенті бойынша сыйақы |
- |
8,4 |
|
Баррелизация кэффициентін есептегендегі нетбэк |
69,7 |
73,3 |
35,4 |
Анықтамалық ақпарат |
1кв. 2013г. |
1кв. 2014г. |
Кезеңге орташа бағамUS$/KZT |
150,67 |
169,77 |
Кезең соңындағы бағам US$/KZT |
150,84 |
182,04 |
ҚМГ БӨ үшін баррельді мұнай тоннасына қайта есептеу коэффициенті (өндіріс) |
7,36 |
|
ҚМГ БӨ үшін баррельді мұнай тоннасына қайта есептеу коэффициенті (сату) |
7,23 |
|
Казгермунай үшін баррельді мұнай тоннасына қайта есептеу коэффициенті |
7,70 |
|
CCEL үшін баррельді мұнай тоннасына қайта есептеу коэффициенті |
6,68 |
|
ПКИ үшін баррельді мұнай тоннасына қайта есептеу коэффициенті |
7,75 |
АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2013 жылдың мамыр айында халықаралық Standard&Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.
Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com
Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.
Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2014 жылдың 1 тоқсаны 169,77 теңге/ АҚШ долл., 2013 жылдың 1 тоқсанында 150,67 теңге/АҚШ долл, кезең соңында бағам: 2014 ж.31 наурызында 182,04 тенге/АҚШ долл., 2013 ж. 31 желтоқсанында 153,61 тенге/АҚШ долл.) бойынша және жиынтық кезеңнің соңындағы бағам бойынша ауыстырылды.
Компания күрделі салымдарды есептеу тәсілін өзгертті. 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар енгізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түсімі ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражаттарының қозғалысы есебіне сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетілетін.
2013 жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша айналымдағы акциялар санына негізделіп есептелген. .
185 теңге/АҚШ доллары бағамымен есептелген (ҚР Ұлттық банкі белгілеген индикативті диапазонның ортасы)
Есептегі кезеңнің соңында займ сомасын алып тастағанда ақша қаражаттары, олардың баламалары мен басқа қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.