Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ҰК-ның 2017 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс көрсеткіші

07.06.2017

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ (бұдан әрі «ҚМГ ҰК», «Компания») 2017 жылдың 31 наурызында аяқталған алғашқы үш айдағы операциялық және қаржылық нәтижелерін жариялайды.

Мұнай және газ конденсатын өндіру

ҚМГ компаниялар тобы бойынша 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жинақталған мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 5 761,2 мың тонна, бұл 2016 жылдың осы кезеңіндегіден (ЖсЖ) 0,3%-ға көп.

«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ - 2 904,0 мың тонна мұнай, бұл ЖсЖ-дан 4,6%-ға аз.

«Теңізшевройл» ЖШС ҚМГ үлесін есептегенде (20%) – 1 460,1 мың тонна мұнай, бұл ЖсЖ-дан 1%-ға аз.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ҚМГ үлесін есептегенде (50%) – 774,2 мың тонна немесе ЖсЖ-дан 1,1%-ға аз.

ҚМГ Қашаған Б.В. ҚМГ үлесін есептегенде (8,44%) – 132,3 мың тонна. 2016 жылдың 1-тоқсанында мұнай өндірілген жоқ.

«KMG Karachaganak» ЖШС ҚМГ үлесін есептегенде (10%) – 289,1 мың тонна немесе ЖсЖ-дан 2,5%-ға көп.

«Казахойл Актобе» ЖШС ҚМГ үлесін есептегенде (50%) – 87,9 мың тонна, ЖсЖ-дан 12,1%-ға аз.

«Казахтуркмунай» ЖШС – 105,2 мың тонна мұнай немесе ЖсЖ-дан 90,3%-ға көп. 2016 жылдың екінші жартысында қосымша геологиялық-техникалық шаралар бағдарламасы жасалып орындалды, бұл мұнай өндіруді молайта түсті.

Табиғи және ілеспе газ өндіру

Жинақталған табиғи және ілеспе газ өндіру 2 029,6 млн. м3 (+4,9% ЖсЖ), оның ішінде:

«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ («КазГПЗ» ЖШС) – 74,6 млн. м3, яғни, 1,5%-ға ЖсЖ төмен. Бұл газ өндірудің табиғи азаюына негізделген (кенді игерудің кейінгі кезеңі).

«Теңізшевройл» ЖШС ҚМГ үлесін есептегенде (20%) – 799,1 млн. м3, яғни, ЖсЖ-дан 0,4% аз.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ҚМГ үлесін есептегенде (50%) – 98,1 млн. м3, яғни, ЖсЖ-дан 0,5% аз.

«KMG Karachaganak» ЖШС - 499,9 млн. м3 – бұл ЖсЖ-дан 2,1% көп. Мұндай ауытқушылық 2016 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарына байланысты болды.

«Казахойл Актобе» ЖШС ҚМГ үлесін есептегенде (50%) – 75,3 млн. м3, яғни, ЖсЖ-дан 3,1% аз.

«Казахтуркмунай» ЖШС 48,7 млн. м3 өндірді немесе ЖсЖ-дан 22,2% көп. 2016 жылдың екінші жартысында қосымша геологиялық – техникалық шаралар бағдарламасы жасалып жүргізілді, ол мұнай өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«ҚазТрансГаз» АҚ («Амангелдігаз» ЖШС) 95,5 млн. м3 өндірді немесе ЖсЖ-дан 4,3% көп. Мұның себебі Амангелді кен орнында жаңа ұңғымаларды іске қосу және Жарқұм кен орнындағы өндіру көлемін үйлестіруге байланысты болды.

Мұнай және газ тасымалы

2017 жылы 1 тоқсанда магистралды құбыр бойынша мұнай тасымалдау көлемі – 14 264 мың тонна (-0,6% ЖсЖ). Ең көп мұнай тасымалы «ҚазТрансОйл» АҚ құбырлары арқылы жүргізілді – 11 170 мың тонна, бұл ЖсЖ-дан 0,9% жоғары. «Қазақстан- Қытай мұнай құбыры» ЖШС – 1 932 мың тонна немесе ЖсЖ-дан 2,9% пайыз көп. «МұнайТас» СБКК АҚ-қа ҚМГ ҰК-ның 51% үлесін ескере отырып, 1 006 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл ЖсЖ-дан 14,1%-ға төмен. Батуми терминалы бойынша 649 мың тонна мұнай тасымалданды.

Теңіз қатынасы («Казмортрансфлот» ҰКҚТК) арқылы мұнай тасымалдау 1 500 мың тонна құрады, ЖсЖ-дан 5 % көп.

Есепті кезеңде магистралды газ құбыры арқылы газ тасымалдау көлемі – 25 608 млн. м3, ЖсЖ-дан 2,5% аз. Оның ішінде халықаралық газ тасымалы 15 145 млн. м3 құрады немесе ЖсЖ-дан 13,2% төмен. Экспортқа 4 021 млн. м3 газ шығарылды немесе ЖсЖ-дан 24% көп. Ішкі газ тасымалы 6 442 млн. м3 құрады немесе ЖсЖ-дан 16% жоғары.

Өңдеу және маркетинг

2017 жылдың 1 тоқсанында 3 032,5 мың тонна шикізат өңделді (+31% ЖсЖ), оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында - 1 210 мың тонна (+50% ЖсЖ), Павлодар мұнайхимия зауытында – 1 300 мың тонна (+30% ЖсЖ), Шымкент мұнай өңдеу зауытында ҚМГ үлесін есептегенде (50%) – 497 мың тонна (-2% ЖсЖ). Caspi Bitum ҚМГ үлесін есептегенде (50%) – 25,5 мың тонна мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бес есе артық.

Қазіргі таңда үш МӨЗ-да жарақтандыру және қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық зауытта құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп, қажетті жабдықтар қайта жасақталуда, бірқатар жаңа қондырғылар іске қосылды. Жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2017-2018 жылдары аяқталады.

КМG I-дегі өңдеу 1 161 мың тонна құрады, бұл ЖсЖ-дан 16% жоғары.

Қаржылық көрсеткіштер
ҚМГ ҰК АҚ 2017 жылы 31 наурызда аяқталған алғашқы үш айдағы негізгі қаржылық көрсеткіші:

2017 жылдың бірінші тоқсанында кірген кіріс 591 млрд. теңге құрады, бұл ЖсЖ-дан 124% көп. Бұл BRENT мұнай маркасының орташа бағасының +58% ЖсЖ өсуіне, сондай-ақ 2016 жылы қол қойылған шикі мұнай мен сұйық газды жеткізу («Мұнай жеткізу келісімі») шеңберінде мұнай жеткізіп, өткеруге байланысты болды. Осы келісім бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанында өткеру сомасының көлемі 270,8 млрд. теңге құрады.

Өзіндік құн да жоғарылай бастады, сөйтіп 510 млрд. теңге құрады, бұл ЖсЖ-дан 70% көп. Бұл өсу мұнайды жеткізу келісіміне сәйкес алғынған мұнайдың құнына байланысты болды. Ол 2016 жылдың 1 тоқсанына қарағанда (0 теңге) 2017 жылдың 1 тоқсанында 189,7 млрд. теңгеге тең болды.

Басқа операциялық шығындар 91,1 млрд. теңге құрады (2016 жылы 1 тоқсанда 76,3 млрд. теңге болған). Оның себебі ренттік салықтың көлемі 18,6 млрд. теңге құрады (2016 жылы 1 тоқсанда 0 теңге). Бұл салық ставкасының 0%-дан 11%-ға дейін ұлғаюы Брент маркасының орташа бағасының өсуіне байланысты болды.

Қауымдасқан компаниялар мен БК кірісі – 85,9 млрд. теңге құрады, бұл ЖсЖ-дан 72% жоғары. Өсудің негізгі себепшілері Теңізшевройл мен КТК компаниялары болды. Олардың өсімі тиісінше 21,9 млрд. теңге және 10,8 млрд. теңге құрады.

2017 жылы 1 тоқсанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағасының 5,6% төмендеуінің нәтижесінде ( 333,29-дан 313,73 тенге/долл) 25,6 млрд. теңге бағамдық айырмашылықтар негізіндегі шығын тіркелді.

Компанияның таза пайдасы – 103 млрд. теңге (+228 ЖсЖ) құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде ол 31,4 млрд. теңге болған.

Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер төлеу - 114,7 млрд. теңге болды. Күрделі шығындар – 128 млрд. теңге, бұл 2016 жылдың осы есепті кезеңіндегіден 11,3% төмен.

2017 жылдың 1 тоқсанының соңында компанияның таза қарызы 1 063 млрд. теңге (несиелер мен қарыздық құнды қағаздар минус ақшалай қаражат және депозиттер) болды. Мұның өзінде қаржы мен оның эквивалентіне депозиттегі ақшаны қосқанда 2 081 млрд. теңге құрады. Бұл 2016 жылғы 31 желтоқсандағы соммамен салыстырғанда 3% пайыз аз.

Байланыс:
ir@kmg.kz
Тел: 8 (7172) 78 62 27
press@kmg.kz
Тел: 8 (7172) 78 62 42, 8 (7172) 78627, 8 (7172) 786276

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>