Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіре отырып

28.06.2017

2017 жылғы 28 маусымда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогымен ұйымдастырылған «Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы көрнекті көшбасшылық» тақырыбына бас директорлардың форумы болып өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) тобына кіретін компаниялардың бірінші басшыларының бұл мәселеде ролін арттыру және қауіпсіздікті жетілдіру мақсатында бұл іс-шара жыл сайын өткізіледі.

Форумның жұмысына Директорлар кеңесі төрағасы Фрэнк Куйлаарс, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ ҰК) Басқармасы төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚМГ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшелері және «ҚМГ» ҰК» АҚ-тың басшылары, «ҚМГ» ҰК» АҚ-тың еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚМГ ЕТҰ) бас директорлары қатысты. Іс-шараның мақсаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тағы еңбекті қорғаудың және қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйін бағалау және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың компаниялар тобындағы қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жоспарларын талқылау болып табылады.

«ҚМГ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесі төрағасы Фрэнк Куйлаарс форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Ол алға жылжудың ең тиімді тәсілі – көшбасшыларды, компаниялар тобы қызметкерлерінің командасын, кәсіподақтарды біріктіру екенін және жарақаттану деңгейі ноль болатын ең қауіпсіз компания мәртебесіне ұмтылу маңызды мақсат екенін атап көрсетті. Компанияның IPO-ға шығуға дайындалуына байланысты бұл жұмыс ерекше мәнге ие болып отыр. «Компаниялар акциясы батыстық инвесторлармен тек қаржылық көрсеткіштермен ғана емес, сондай-ақ FAR (өліммен аяқталған оқиғалар коэффициенті) көрсеткіштері және LTIR (жарақаттану коэффициенті) бойынша да бағаланады» деп атап көрсетті Фрэнк Куйлаарс.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасы Сауат Мыңбаев форумда шығып сөйлеген сөзінде ҚМГ ЕТҰ басшыларының жеке жауапкершілігіне ерекше екпін берді.

Компанияның саясатына сәйкес кәсіпорындарды басқару процесінде қауіпсіздік мәселелері басымдық разрядына шығуы тиіс. Өндірістік персоналды қауіпсіз жұмыс істеудің дағдыларына үйрету керек, қауіпсіздік нормаларының бұзылу оқиғаларының алдын алу және болдырмау үшін ол оқиғаларға талдау жасау керек. Соңғы екі жылда барлық қызметкерлердің ұмтылысымен жазатайым оқиғалар бойынша есеп беру кезінде, жүйелі себептерді анықтау және тиісті шараларды қабылдау бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз. «Еңбек қорғау және қауіпсіздік саласында айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізілді деп айтуға болады»  деп атап көрсетті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы.

Жетістіктер туралы айта келіп форумға қатысушылар кемшіліктерді де, шешуі қиын мәселелерді де айналып өтпеді, өліммен аяқталған оқиғалар және жарақаттану оқиғалары бойынша нақты мысалдарды қарастырды. Өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне басшылар тарапынан немқұрайдылық бар жерде проблемалар пайда болады. Атап айтқанда, өндіріс командирлері бұл мәселе бойынша өздері жеке үлгі көрсетуі керек, өндірістік объектілерге жиі барып тұруы керек, жүйелі негізде кемшіліктерді анықтау керек, оларды реттеу бойынша бағдарламалар енгізу керек.

Осы уақыт ішінде ҚМГ ЕТҰ-ның көптеген басшылары өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бойынша өздерінің көзқарастарын түпкілікті өзгертті. 2016 жылы Топ басшыларының өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бойынша және әлемдік озат тәжірибелерді енгізу бойынша ұмтылысы ерекше болды.  Қауіпсіздік іс –шараларына оқытатын іс-шараларға бірінші басшылардың қатысуы жүз процент болды, қауіпсіздік мәселелері бойынша әлемдік стандарттарға ұмтылысы ерекше болды және ең бастысы – өндірісте еңбек қорғау бойынша жоғарғы көрсеткіштерден түсетін пайданы көре білу.

Форумның тұсаукесері автомобиь көлігінің қауіпсіздік мәселелерін, экология (көміртегі ізі, метанның шығуын басқару) мәселелерін де қамтыды.

Биылғы жылы шара форматын кеңейту және 2016 жылдың қорытындысы бойынша еңбекті қорғау саласында үздік нәтижелері үшін ҚМГ ЕТҰ құрмет грамоталарымен марапаттауды  салтанатты жағдайда өткізуге шешім қабылданды. Жеңімпаздар қауіпсіздік және еңбек қорғау (FAR, LTIR, MVCR), қызметкерлер саны, еңбек қорғау  қызметкерлерінің компания қызметкерлерінің жалпы санына қатысы сияқты көрсеткіштерді бағалаудан барып анықталды; корпоративтік стандарттар мен бастамалар енгізу, еңбек қорғау саласында нартәуекелді басқару бойынша жұмыс, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану ескерілді. Құрмет грамоталарын ҚМГ ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев тапсырды.  

Форумға қатысушылар ұйымдастырушылықтың жоғары деңгейін атап өтті. Форум – өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті басқару мәселелерінде тәжірибе алмасуға, аса өткір тақырыптар бойынша ашық дискуссияға шығуға  ерекше мүмкіндік беретін ақпараттық алаңша.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>