Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытайдың «China Energy Company Limited» арасындағы мәміле Румыния билігінің келісімін алды

28.07.2017

KMGI тобының бас директоры Жанат Түсіпбековтің айтуынша: «Мәмілені аяқтау «ҚМГ» мен «CEFC» ынтымақтасуы үшін берік негіздің құрылуын қамтамасыз етеді, ол Шығыс және Батыс Еуропада, сондай-ақ әлемнің басқа да өңірлерінде ҚМГИ компаниясының қызметін кейіннен кеңейтуге мүмкіндік жасайтын болады. Құрылатын бірлескен кәсіпорын «Бір белдеу - Бір жол» жаһандық жобасының барлық кеңістігінде өз қызметін кеңейту үшін Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің және Қытайдың қаржылық ресурстарының артықшылықтарын пайдалана алады. Жоба Қазақстан Республикасының аумағында ҚМГИ қызметін кеңейту үшін айрықша мүмкіндіктер ұсынады, бұл өз кезегінде біздің елге инвестицияларды тарту бойынша Үкімет бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. KMGI тобының негізгі активтері орналасқан ел ретінде Румыниядағы жобаларға жеке көңіл бөлінетін болады. Тұтастай алғанда, осындай жаһандық жоба қатысушылардың барлық елдері - Қазақстан, Румыния мен Қытай үшін мультипликативтік әлеуметтік- экономикалық нәтижеге ие болатынын атап көрсетеді».

KMGI тобы Шығыс және Батыс Еуропада энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік үшін тұғырнама болмақ. Серіктестік халықаралық деңгейде кейінгі кезеңде KMGI тобының операциялық-қаржылық нәтижелерін жақсартуға және «ҚМГ» мен «CEFC» жүзеге асырылатын қызмет пен операцияларды кеңейтуге мүмкіндік береді.

«KMGI» қызметіне негізделген жаңа бірлескен әріптестік капиталындағы «ҚМГ» мен «CEFC» үлестері тиісінше 49% және 51%-ды құрайды.

2016 жылғы желтоқсанда ҚМГ мен CEFC арасында Румыния, Молдова, Грузиядағы «Rompetrol» автожағармай құю станцияларының өзіндік желісі арқылы, сондай-ақ өзінің Қара теңіз өңіріндегі серіктестері арқылы мұнай өнімдерін қайта өңдеу, трейдинг және өткізу бойынша операцияларды жүзеге асыратын және иеленетін KMGI тобындағы акциялар үлесінің
келесі 51%-ын сатып алу туралы мәмілеге қол қойылғанын естеріңізге саламыз.

Осы мәмілені аяқтау бойынша қажетті келісулерді алу шеңберінде CEFC компаниясы Румынияның құзыретті органдарына бірқатар сұраулар жіберді және «KMG International» тобы акцияларының бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміле жасауға Румынияның Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің және Монополияға қарсы комитетінің келісімін алды. Румынияның құзыретті органдарынан алған келісу транзакцияны аяқтау процесінің маңызды кезеңі болып табылады. Қалған заңды нысандылықтарды аяқтау бойынша мәміле ағымдағы жылдың күзінде түпкілікті жабылатын болады деп күтілуде.

«ҚМГ» мен «CEFC» арасындағы келісімге сәйкес Қытай компаниясы бірқатар міндеттемелерді, оның ішінде Румыниядағы, Еуропа одағында және Еуропаға Қытайдан «Жаңа жібек жолы» елдеріндегі жаңа жобаларды әзірлеуде инвестицияларды жүзеге асыруды өзіне алады. Сонымен бір уақытта «ҚМГ» Еуропадағы өзінің негізгі операцияларын қолдау мен кеңейтуді қамтамасыз ету үшін «KMGI» еншілес компаниясының мұнайын жеткізуді жалғастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>