Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Үздік инновациялық идеялар конкурсы

03.08.2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті, ҚМГ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың қамқорлығымен ұйымдастырылатын, «ҚМГ компаниялар тобының денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» жыл сайынғы конкурсын өткізу туралы жариялайды.

Финалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған конкурсқа ҚМГ компаниялар тобының жекелеген қызметкерлері де, өндірістік бөлімшелер де қатыса алады. Арнайы конкурстық комиссиялар денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелерді қамтитын өтінімдерді қарастыратын болады. Әрбір ұсынылған инновацияны оны ҚМГ компаниялар тобында ендіру, сондай-ақ денсаулықты, еңбекті және/немесе қоршаған ортаны қорғау саласында озат тәжірибелерді пайдалану мүмкіндігіне қарай бағалай отырып, жеңімпаздарды таңдау жоспарланады.

Конкурспен және өтінімдерді беру жағдайларымен сайтында толығырақ танысуға болады.

Конкурстың лауреаттары қорытынды шығарудың салтанатты рәсімі барысында ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталады және қомақты ақшалай сыйлықтар алады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>