Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жолында

27.06.2016

2016 жылдың 27 маусымында Астанада «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі блоктың ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру» деген тақырыпта Екінші дәстүрлі бас директорлар форумы өткізілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – ында еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйіне баға беру, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жоспарларын талқылау мақсатында өткізілген форумға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, 40 еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары және бірқатар шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Форумды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев ашты. Ұлттық компания басшысы өз сөзінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірісте жарақат алу деңгейін азайту – әрбір басшының бірінші кезектегі міндеті екенін баса айтты.

Жиында сөз сөйлеген ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Куйлаарс қауіпсіздік компанияның басым бағыты ғана емес, сонымен бірге бірден бір негіздік құндылығы болып табылатындығын қадап айтты.

Форумға қатысушылар бұрынғы тәжірибені оқып-үйрену және өндірістік нысандарда болашақта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚМГ еншілес және тәуелді кәсіпорындарында ауыр және қайғылы жағдайларға шолу жасады. Сонымен қатар ҚМГ компаниялар тобында еңбек және қоршаған ортаны қорғауды трансформациялау бойынша өздерінің жоспарлары мен нәтижелерін бөлісті.

Кәсіби форумға қатысушыларды қауіпсіздік мәдениетінің мықты бағдарламасын қалыптастыру, өндіріске қатысты жарақаттанудың ең төменгі көрсеткішіне жету секілді жалпы мақсат біріктіргені атап өтілді.

Жыл сайынғы форум әртүрлі салада қауіпсіздік мәдениетін құру жағдайында пікірлесу мен тәжірибе алмасу үшін біртұтас саларалық тұғырнама болды. Биылғы жылғы форумда «Эйр Астана» АҚ және Еуразиялық Топ қызметкерлері қауіпсіздік саласындағы өз тәжірибелерін таныстырды.

Еңбек қауіпсіздігі тақырыбынан бөлек форумда компанияның табанды дамуы және есеп берудің ашықтығы мәселелері де талқыланды.

Форум қорытындысы бойынша кәсіпорындар басшыларына еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жеке жоспарларын жасау тапсырылды, ал оның нәтижесі келесі жылғы форумда талқыланатын болады.

#PHOTOBLOCK_809#

#VIDEOBLOCK_811#

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>