Қарашығанақтықтар кәсібиліктерін танытты

10.06.2016

Үстіміздегі жылдың 17 сәуірінен 18 мамырына дейін Қарашығанақ кенішінің технологиялық нысандарында жоспарлы-ескерту жұмыстары табысты жүргізілді. Жоспарлы-ескерту жұмыстары 2013 жылға дейін жылына екі рет өткізіліп келген. Сол жылдан бастап бұл жұмыстарды үш жылда бір рет өткізуге шешім қабылданған еді. Биылғы жоспарлы-ескерту жұмыстары содан бері өткізіліп отырылған екінші шара.

Биылғы жоспарлы-ескерту жұмыстарын өткізу кезінде оған 3500-нан астам қызметкер тартылып, 1 000 000-нан астам адам-сағат жұмыс жасалды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық.

Жоспарлы-ескерту жұмыстардың барлық кезеңінде жұмыс уақытын жоғалтудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.

Қол жеткен жетістіктер жобаның операторы болып табылатын Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б. В. (одан әрі - КПО) компаниясы қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді. Қарашығанақ жобасына қатысушылардың бірі болып табылатын «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ КПО еңбек ұжымына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтады.

>