Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мәңгілік жадымызда, мың тағзым!

06.05.2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында да Жеңіс күні қарсаңында бүкіл Қазақстан бойынша кең көлемде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес жыл сайын ардагерлерді жеке-жеке құттықтайды. Бейбіт күн сыйлаған қарт майдангерлерге қаржылай көмек көрсетіліп, сый-сияпаттар жасалады, жастар ақсақалдардың естелік әңгімелерін тыңдайды. Биылғы жылы да осы игі дәстүр жалғасын тапты. Жастар Кеңесінің мүшелері мен ҚМГ қызметкерлері Астанадағы 80-нен астам ардагерлердің үйіне барып, өздерінің шынайы алғыстары мен құрметтерін жеткізді.

Былтырғы жылы ҚМГ Жастар Кеңесінің бастамасымен қолға алынған «Сіздер бізге бейбіт күн сыйладыңыздар» акциясының аясында ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары тарапынан компания қызметкерлерінің ерікті түрде жинаған ақшалай қаржыларының есебінен Қазақстан бойынша ҰОС 150 ардагеріне материалдық көмек жасалды. Бұл акцияның мақсаты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне нақтылы көмек қолын созу болып табылады. Жастар еліміздің аймақтарындағы ардагерлермен кездесіп, оларға қаржылай және басқа да көмектер көрсетеді. Қарттар өздеріне көңіл бөлініп, назар аударылғанын да қуана қабылдайды, ұсынылған көмек те артық болмайды.

Сонымен қатар ҚМГ-ның 20-ға тарта компаниясы майдан ардагерлеріне салтанатты ас беріп, естелік сыйлықтар тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бізге бүгінгі ашық аспан мен бейбіт күнді сыйлаған жандарға қашанда құрметпен қарайды. Сол себепті, компания қан майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, бүгінде жанымызда жүрген қарт майдангерлерге құрмет көрсетуді бұлжымас парыз санайды!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>