Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау МӨЗ жаңа резервуар паркі өнім қабылдауға әзір

25.03.2016

Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау аясында қазақстандық құрылыс мердігері – «НГСК «КазСтройСервис» - шикізат, бензин және дизельдік отын сақтауға арналған 52 резервуар салуда. Жаңа өндірістік алпауыттар іске қосылғаннан кейін ол, қабылдау, сақтау және дайын өнімді тиеп жөнелтуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда 39 резервуардың металды құрылымының монтажы аяқталды, 11 резервуарда гидро тәжірибелер өткізілді, 8 резервуарда антикоррозиялық сылаулар жасалды. Атырау облыстық мемлекеттік инспекциясының қатысуымен гидротесттерді өткізудің кестесі құрылып және бекітілді.

Сақтау парктерінің мақсаттары да әрқилы болады. 1,2,3 компонентті бензин парктері шикізат өнімдері мен бензин компоненттерін сақтауға арналған. Төрт парктен басқа парктердің барлық резервуарларында металл конструкциясын монтаждау аяқталды, антикоррозиялық сылаулар жасалып, жүзбелі сал қайықтар қойылып – бензиннің булануына қарсы арнайы қондырғылар қондырылып, гидро сынақтар жасауға дайындықтар жүргізілуде.

Дизельдік отын паркі қабылдауға, сақтауға және тазартылған дизельдік отынға арналған. Мұнда 2 резервуарда металл конструкциясын монтаждау аяқталды, гидро сынақтар жасауға дайындықтар жүргізілуде.

№ 3 және 4 тауар бензині парктері гидро тәжірибелер және дәнекерленген жіктерге радиографикалық бақылау жүргізуге дайындалуда. Бұл парктердің резервуарлары «Премиум-95» тауар бензинін сақтауды қамтамасыз етеді.

Атырау МӨЗ-ін модернизациялау масштабында осындай құрылыстар мен тәжірибелер бензин компоненттері паркінде, шикізат паркінде, конденсат стансасында, өрт сөндіретін сорғы стансасында және басқа да нысандарда жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>