«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2025 жылғы өндірістік көрсеткіштері
27.02.2026
Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») 2025 жылғы өндірістік нәтижелерді жариялайды.
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылғы басты өндірістік көрсеткіштер:
- ҚМГ көмірсутегінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 1,1% өсіп, 724 млн тонна м.э. құрады;
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,0% өсіп, 26 211 мың тоннаға жетті;
- Мұнай тасымалдау көлемі 0,2%-ға төмендеп, 83 330 мың тоннаны құрады;
- Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі өткен кезеңдегі 19 158 мың тоннамен салыстырғанда 20 980 мың тоннаны құрады.
| 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|
| Өндіру: | |||
| Мұнай және газ конденсаты, мың тонна | 26 211 | 23 837 | +10,0% |
| Газ, млн м³ | 11 450 | 9 554 | +19,8% |
| Мұнай тасымалдау, мың тонна | 83 330 | 83 478 | -0,2% |
| Мұнай өңдеу, мың тонна | 20 980 | 19 158 | +9,5% |
Өндірістік көрсеткіштер, егер басқаша көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелік ету үлесіне және толық шоғырландырылатын еншілес ұйымдардың 100% көрсеткіштеріне сәйкес берілген. Есеп көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеп көрсетілген. Сонымен қатар есеп-қисаптарды жүргізу кезінде мәндер жуықталмай нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез келген ықтимал түзетулер операциялық нәтижелерге материалдық тұрғыдан әсер етпеуі керек.
Көмірсутек шикізатының қоры
DeGolyer and MacNaughton тәуелсіз халықаралық компаниясы жүргізген, PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес дайындаған аудиті бойынша 2025 жылғы 31 желтоқсанда ҚМГ-ның дәлелденген және ықтимал көмірсутек қоры (2P) 724 млн тонна м.э. құрады (5 626 млн барр. м.э.) құрады. 2024 жылмен салыстырғанда 2P қорының деңгейі өзгерген жоқ, өндірілетін көмірсутек көлемінің орнын толықтыру көрсеткіші 100% құрады. Қорлар жүргізілген геологиялық-техникалық іс-шараларды қоса алғанда, қор санаттары өзгеруінің, кейбір кен орындарында атқарылған қайта бағалау жұмыстарының есебінен, сондай-ақ Қашаган және Доңға жобалары бойынша қорларды қайта есептеудің нәтижесінде толықтырылды.
PRMS1 бойынша таза қорлар (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)
| Қор санаттары, млн тонна м.э. | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Дәлелденген (1P) | 455 | 452 | +0,7% |
| Дәлелденген және ықтимал (2P) | 724 | 716 | +1,1% |
| Дәлелденген, ықтимал және болжамды (3P) | 805 | 794 | +1,4% |
| Қор санаттары, млн барр м.э. | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Дәлелденген (1P) | 3 533 | 3 497 | +1,0% |
| Дәлелденген және ықтимал (2P) | 5 626 | 5 551 | +1,4% |
| Дәлелденген, ықтимал және болжамды (3P) | 6 214 | 6 111 | +1,7% |
Көмірсутек шикізатын өндіру
2025 жылы ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,0% ұлғайып, 26 211 мың тоннаны (тәулігіне 544 мың барр.) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 19,8%, яғни 11 450 млн м³ дейін өсті.
| Мұнай және газ конденсатын өндіру, мың тонна | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| «Өзенмұнайгаз» АҚ | 5 079 | 5 098 | -0,4% |
| «Ембімұнайгаз» АҚ | 2 850 | 2 790 | +2,2% |
| «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ | 3 083 | 3 085 | -0,1% |
| Басқа операциялық активтер | 3 281 | 3 321 | -1,2% |
| Операциялық активтердің жиыны | 14 293 | 14 294 | 0,0% |
| «Теңізшевройл» ЖШС (Теңіз кен орны) | 7 802 | 5 562 | +40,3% |
| Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (Қашаған) | 3 025 | 2 885 | +4,9% |
| Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (Қарашығанақ) | 1 091 | 1 097 | -0,5% |
| Мегажобалардың жиыны | 11 918 | 9 544 | +24,9% |
| Барлығы | 26 211 | 23 837 | +10,0% |
Операциялық активтердегі өндіру
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру көлемі 5 079 мың тоннаны, газ өндіру 610 млн м³ құрады. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру көлемі 2,2%, яғни 2 850 мың тоннаға дейін, газ өндіру 18,1% артып, 242 млн м³ болды. «Ембімұнайгаз» АҚ-да газ көрсеткіштері Батыс Прорва кен орнында Бірінші іске қосу кешенінің техникалық іске қосылуына байланысты өсті. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру деңгейі 3 083 мың тоннаны, газ өндіру 435 млн м³ құрады, бұл өткен жылдың қорытындысына ұқсас көрсеткіш.
Басқа операциялық активтерде өндіру 1,2%-ға төмендеп, 3 281 мың тоннаны құрады, ал газ өндіру 11,5%, 1 142 млн м³ дейін ұлғайды. Газ өндіру көлемінің ұлғаюына Урал Ойл энд Газ компаниясының Рожков газ конденсатты кен орнының өнеркәсіптік игеруге енгізілуі, сондай-ақ Өріктау және Қазақтүрікмұнай кен орындарында газ факторы жоғары жаңа ұңғымалардың пайдалануға енгізілуі оң ықпал етті. Бұл ретте, Құмкөл тобының («Қазгермұнай» БК» ЖШС, PetroKazakhstan Inc.) ескі кен орындарында қор көлемінің табиғи сарқылуы салдарынан және Шығыс Құмкөл кен орны бойынша (PetroKazakhstan Inc.) келісімшарт уақытының аяқталуына байланысты мұнай өндіру көлемі төмендеуін жалғастыруда.
Мегажобалардағы өндіру
Теңіз кен орнында мұнай өндіру 40,3% ұлғайып, 7 802 мың тоннаны (тәулігіне 171 мың барр.) құрады. Ілеспе газды өндіру 49,9% артып, 4 514 млн м³ құрады. Көрсеткіштердің едәуір өсуі Болашақ кеңейту жобасы аясында жаңа Үшінші буын зауытының табысты іске қосылуымен және қуатын арттырумен байланысты болды.
Қашағанда мұнай өндіру 4,9% өсім көрсетіп, 3 025 мың тоннаны (тәулігіне 66 мың барр.) құрады. Газ өндіру 6,4% ұлғайып, 1 982 млн м³ құрады. Көрсеткіштердің өсуіне өндірістік нысандардың тұрақты жұмысы және 2024 жылмен салыстырғанда есепте кезеңде жоспарлы ауқымды күрделі жөндеулердің болмауы ықпал етті.
Қарашығанақта мұнай мен конденсатты өндіру 1 091 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың барр.) құрады. Бұл ретте жер қабатына кері айдауға дейінгі газ өндіру көлемі 5,5% өсіп, 2 525 млн м³ жетті. Газ өндірудің оң динамикасы газды кері айдаудың 5-компрессорын іске қосумен байланысты.
Көмірсутек шикізатын тасымалдау
Мұнайды магистральмен және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі өткен жылғы деңгейде қалып, 83 330 мың тоннаны құрады.
| Мұнай тасымалдау1, мың тонна | 2025 (100%) | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 45 120 | 45 120 | 44 887 | +0,5% |
| «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС | 19 500 | 9 750 | 9 394 | +3,8% |
| «МұнайТас» СБҚК» ЖШС | 6 129 | 3 126 | 2 953 | +5,8% |
| Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) | 70 525 | 14 634 | 13 074 | +11,9% |
| Құбыр арқылы тасымалдау көлемінің жиыны | - | 72 629 | 70309 | +3,3% |
| Каспий теңізі | 1 949 | 1 949 | 2 083 | -6,4% |
| Ашық теңіздер2 | 8752 | 8 752 | 11 086 | -21,1% |
| Теңізбен тасымалдау көлемінің жиыны | - | 10 701 | 13 169 | -18,7% |
| Барлығы | - | 83 330 | 83 478 | -0,2% |
| 1 Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін, және тиісінше, бұл көлемдер мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі. 2 Ашық теңіздерге Қара және Жерорта теңіздері жатады. | ||||
Мұнайды магистралды құбырлармен тасымалдау көлемі 3,3% артып, 72 629 мың тоннаға жетті. Өсім Теңіз кен орнында Болашақ кеңейту жобасын іске асыру арқылы КҚК жүйесі бойынша Теңіз кен орны мұнайын тасымалдау көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары бағытына қарай ішкі нарыққа мұнай жеткізудің өсуіне байланысты.
Теңізбен мұнай тасымалдау көлемі 18,7% азайып, 10 701 мың тоннаны құрады. Теңіз арқылы мұнай тасымалдау көрсеткішінің төмендеуіне негізінен 2025 жылғы наурыздан бастап Aframax түріндегі танкерлер үшін КҚК тарапынан партияларды бөлу жоспарының өзгеруі салдарынан ашық теңіздерде тасымалдау көлемінің азаюы себеп болды.
Сонымен қатар Баку–Тбилиси–Жейхан мұнай құбырындағы технологиялық шектеулерге байланысты 2025 жылғы тамыз айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай жеткізулердің уақытша тоқтауы, сондай-ақ «Тараз» және «Лива» танкерлеріне жоспарлы жаңарту жұмыстарының жүргізілуі қосымша әсер етті.
Жүк айналымы
| Жүк айналымы, млн тонна*км | 2025 (100%) | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 36 002 | 36 002 | 35 526 | +1,3% |
| «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС | 17 472 | 8 736 | 8 429 | +3,6% |
| «МұнайТас» СБҚК» ЖШС | 2 586 | 1 319 | 1 221 | +8,0% |
| Каспий Құбыр Консорциумы | 96 347 | 19 992 | 16 935 | +18,1% |
| Жиыны | - | 66 049 | 62 111 | +6,3% |
Мұнайдың жүк айналымы КҚК жүйесі бойынша экспорт көлемінің және мұнай өңдеу зауыттары үшін ішкі мұнай тасымалдау көлемінің өсуі есебінен 6,3% артып, 66 049 млн тонна*км құрады.
Көмірсутек шикізатын өткізу мен жеткізу
ҚМГ үлесіне сай өндірілген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 9,4% артып, 26 280 мың тоннаны құрады, соның 66,7% экспортқа жөнелтілді. Ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа мұнай мен газ конденсатын жеткізу көлемі 8740 мың тоннаны құрады, соның ішінде операциялық активтердің («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС) 5411 мың тонна шикі мұнайы өңдеу және мұнай өнімдерін әрі қарай сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) жіберілді.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
| Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна1 | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| АМӨЗ | 5 471 | 5 547 | -1,4% |
| ПМХЗ | 5 765 | 5 500 | +4,8% |
| ПҚОП | 3 114 | 2 872 | +8,4% |
| Caspi Bitum | 348 | 327 | +6,4% |
| Қазақстандық МӨЗ жиыны | 14 698 | 14 246 | +3,2% |
| Петромидия | 5 886 | 4 619 | +27,4% |
| Вега | 395 | 293 | +35,1% |
| KMG International МӨЗ жиыны | 6 282 | 4 911 | +27,9% |
| Жиыны | 20 980 | 19 158 | +9,5% |
| 1ПҚОП және Caspi Bitum-да өңдеу көлемі 50%, қалған зауыттарда – 100% үлесіне көрсетілген. | |||
2025 жылы КСШ өңдеудің жалпы көлемі ең жоғары тарихи межесіне — 20 980 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 9,5% артық:
- Қазақстандық МӨЗ-де өңдеу көлемі 3,2%, яғни 14 698 мың тоннаға дейін ұлғайды, өсімге ПҚОП-тың жоспарлы жөндеуге тоқтамай-ақ тұрақты жұмыс істеуі және жеңіл мұнай өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін ПМХЗ-ға мұнай жеткізу көлемдерінің ұлғаюы оң ықпал етті.
- Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу деңгейі 27,9% өсіп, 6 282 мың тоннаны құрады. Бұл едәуір өсімге жоспарлы күрделі жөндеуден кейін және 2024 жылы жеңіл гидрокрекинг қондырғысы қайта іске қосылғаннан кейін өндірістік қуаттарды қалпына келтіру жұмыстары себеп болды.
Мұнай өнімдерін өндіру
| Мұнай өнімдерін өндіру, мың тонна | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|---|
| Қазақстандық МӨЗ | Бензин | 4 600 | 4 300 | +7,0% |
| Дизель | 5 081 | 4 401 | +15,4% | |
| Басқа | 3 847 | 4 384 | -12,3% | |
| Жиыны | 13 528 | 13 085 | +3,4% | |
| KMG International МӨЗ | Бензин | 1 664 | 1 266 | +31,4% |
| Дизель | 2 534 | 2 044 | +24,0% | |
| Басқа | 1 983 | 1 499 | +32,3% | |
| Жиыны | 6 180 | 4 809 | +28,5% | |
| Жиыны | Бензин | 6 264 | 5 566 | +12,5% |
| Дизель | 7 615 | 6 446 | +18,1% | |
| Басқа | 5 829 | 5 883 | -0,9% | |
| Жиыны | 19 708 | 17 894 | +10,1% | |
Қазақстандық және румыниялық зауыттарда мұнай өнімдерін өндірудің жиынтық көлемі 10,1% өсіп, 19 708 мың тоннаны құрады:
- Қазақстандық МӨЗ-де өнім шығару 3,4% артып, 13 528 мың тоннаға жетті. Өңдеу көрсеткішінің ұлғаюы нәтижесінде жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі өсті: бензин өндірісі 7,0%, дизель отыны – 15,4% артты.
- Румынияда (KMG International) «Петромидия» және «Вега» зауыттары шикізатты өңдеу көлемін қалпына келтіру есебінен өндірісті 28,5%, яғни 6 180 мың тоннаға дейін ұлғайтты .
ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін өткізуі, мың тонна
| 2025 | 2024 | % | |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ішкі нарық | экспорт | барлығы | ішкі нарық | экспорт | барлығы | ішкі нарық | экспорт | барлығы | |
| Бензин | 1 833 | 9 | 1 842 | 1 582 | - | 1 582 | +15,8% | - | +16,4% |
| Дизель1 | 2 009 | - | 2 009 | 1 673 | - | 1 673 | +20,1% | - | +20,1% |
| Басқасы | 1 271 | 486 | 1 757 | 1 328 | 688 | 2 016 | -4,3% | -29,4% | -12,9% |
| Жиыны | 5 113 | 495 | 5 607 | 4 583 | 688 | 5 272 | +11,5% | -28,1% | +6,4% |
Қазақстанда өндірілген ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 6,4% өсіп, 5 607 мың тоннаны құрады. Оң динамика ішкі нарықта жеңіл мұнай өнімдерін өндіру мен өткізудің өсуімен қамтамасыз етілді: бензин мен дизель отынын өткізу тиісінше 15,8% және 20,1% өсті.
Полипропилен: өндіру және өткізу
| Полипропиленді өндіру және өткізу, мың тонна | 2025 (ҚМГ үлесіне) | 2024 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Өндіру | 186,6 | 123,3 | +51,4% |
| Өткізу: | |||
| Ішкі нарық | 19,4 | 11,3 | +71,3% |
| Экспорт | 161,4 | 112,1 | +44,0% |
| Өткізу көлемінің жиыны | 180,8 | 123,4 | +46,5% |
KPI зауытының өндірістік көрсеткіштері сенімді түрде өсіп келеді. Өндірістік процестердің тұрақтануы нәтижесінде полипропилен шығару деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 51,4% артып, 186,6 мың тоннаға жетті.
2024 жылмен салыстырғанда полипропиленді өткізудің жалпы көлемі 46,5% ұлғайып, 180,8 мың тоннаны құрады:
- Полипропиленді ішкі нарыққа өткізу көлемі 71,3% өсіп, 19,4 мың тоннаға жетті;
- Полипропиленді экспортқа өткізу көлемі 44,0% артып, 161,4 мың тоннаны құрады. Өнім негізінен Еуропа елдеріне, Түркия мен Ресейге жеткізіліп, соның арқасында көрсеткіштің өсті.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқи аласыз: http://www.kmg.kz/
Байланыс: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:
- Барлау мен өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (ӨО) – 100%, Доңға[1]– 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) – 50%, PetroKazakhstan Inc. (ПКИ) – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) – 50%, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – 20%, Қарашығанақ[2] – 10%, Қашаған[3] – 16,88%.
- Тасымалдау: «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ – 100%, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚТ) – 50%, «МұнайТас» СБҚК» ЖШС – 51%, Каспий Құбыр Консорциумы[4] (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) – 100%.
- Өңдеу және өзгелері: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N.V. – 100%, Петромидия – 54,62%, Вега – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС - 100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП)[5] – 49,72%, «Caspi Bitum» БК» ЖШС (Capsi Bitum) – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) – 49,5%, «Силлено» ЖШС[6] – 40%.
- Өзгелер: «KMG Drilling & Services» ЖШС - 100%, «Oil Services Company» ЖШС - 100%, «Oil Construction Company» ЖШС - 100%, «Кен-Құрылыс-Cервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%.
[1] Dunga Operating GmbH — Доңға жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдегі 60% үлеске иелік ететін 100% шоғырландырылған еншілес ұйым.
[2] «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС — Қарашығанақ жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі 10% үлеске иелік ететін 100% шоғырландырылған еншілес ұйым.
[3] «ҚМГ Қашаған Б.В.» — Солтүстік Каспий жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдегі 16,88% үлеске иелік ететін 100% шоғырландырылған еншілес ұйым.
[4] 19% үлес КМГ-ға тікелей тиесілі, 1,75% — «Қазақстан Пайплайн Венчурс» КҰ бірлескен кәсіпорны арқылы.
[5] 49,72% — Valsera Holdings B.V. компаниясындағы 50% иелік ету арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысу үлесі, ол өз кезегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) компаниясының 99,43%-ына иелік етеді. ПҚОП-қа қатысты Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік нәтижелерін бағалау кезінде өндірістегі 50% қатысу үлесі ескеріледі.
[6] 29,9% үлес КМГ-ға тікелей тиесілі, 10,1% — «KMG PetroChem» ЖШС еншілес ұйымы арқылы.