Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесін жариялайды

18.02.2016

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылы С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанаты құрылымында, Лиман және Аққұдық блоктарындағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы жариялайды.

2015 жылы бұрғыланған С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанаты құрылымында, еңістік бағытталған скважинаның триас көкжиегіндегі өнім қабаттарын сынау кезінде 7 мм тежегіште тәулігіне 130 тонна дебитпен (тәулігіне 900 баррельге жуық) бұрқақты сусыз мұнай ағыны алынды. Триас көкжиегіндегі зерттеу жұмыстары аяқталған соң, сынақ жұмыстары юра және бор көкжиектерінде жалғасатын болады. Алдын ала бағалаулар бойынша келешектегі ресустар, алынатын көмірсутегі шикізаты 3,9 млн.тонна мөлшерінде бағаланып отыр. 2016-2017 жылдары Компания жаңа кен шоғырларын шектемелеу мақсатында екі бағалау скважиналарын бұрғылауды, қорларға есеп жүргізуді және сынақ эксплуатациясын жобалауды жоспарлап отыр. Компания 2018 жылы кен орындарға сынақ эксплуатациясын бастауды жоспарлап отыр.

С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанат құрылымындағы жаңа кен шоғыры игеріліп жатқан С.Нұржанов негізгі кен орнынан ажыраған, жүйелі бұзылуы 180 амплитудаға және одан да көп метрге. С.Нұржанов кен орыны «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) негізгі кен орындарының бірі, 1963 жылдан бері пайдаланылуда және ЕМГ мұнай өндірудің 17%-ға жуығын және 2P санатындағы қорлардың 16% жуығын қамтамасыз етеді.

Лиман блогында пермотриас кабақасты кен шоғырына сынақ жүргізу кезінде ПР-3 іздестіру скважинасынан тәулігіне 3,3 м3 (тәулігіне 20 баррель) дебитпен сусыз өнеркәсіптік мұнай ағыны алынды. Компания 2016 жылы төрт барлау скважинасын бұрғылауды, сондай-ақ қорларға жедел есептеу жүргізуді және сынақ эксплуатациясын жобалауды жоспарлап отыр. Лиман блогында қабатасты түзілімдерге сынақ эксплуатациясының басталуы 2017-2018 жылдарға жоспарланған.

Игеріліп жатқан Аққұдық кен орнына іргелес жатқан жаңа учаскедегі барлау скважинасына сынақ жүргізу кезінде тәулігіне 18 м3-ге дейін дебитпен (тәулігіне 110 баррель) сусыз мұнай ағыны алынды және нәтижесінде ортаюра түзілімдерінде жаңа мұнай шоғыры ашылды. Компания 2016-17 жылдары екі бағалау скважинасын бұрғылауды және нақтыланған игеру жобасы мен мұнай қорларының артуы бекітілгеннен кейін кен орнының жаңа учаскесін өнеркәсіптік қолдануға беру жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>