Компания Инвесторларға Тұрақты даму Сатып алу
Баспасөз орталығы Мансап Байланыс
ҚАЗ
РУС ENG
Компания
Біз туралы Бизнес-бағыттар Жобалар
Корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару Акционерлер Директорлар кеңесі Басқарма Корпоратив хатшысы Омбудсмен Комплаенс Ішкі аудит қызметі Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
Корпоративті құжаттар
Инвесторларға
Инвесторларға Есептілік Инвестор күнтізбесі Дивидендтер Акционерлердің жалпы жиналысы Облигациялар мен кредиттік рейтингтер
IPO материалдары
IPO
Тұрақты даму
Устойчивое развитие
Экологиялық жауапкершілік
Экологиялық менеджмент Атмосфералық ауаны қорғау Су ресурстарын басқару Қалдықтарды басқару Биоалуантүрлілікті сақтау
Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік жауапкершілік Кадр саясаты Еңбекті қорғау Өндірістік қауіпсіздік Дағдарыс және төтенше жағдайларды басқару
Корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару Акционерлер Директорлар кеңесі Басқарма Корпоратив хатшысы Омбудсмен Комплаенс Ішкі аудит қызметі Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
Сатып алу
Баспасөз орталығы Мансап Байланыс
  • Баспасөз-релиздер
  • Есептер
  • Медиатека
  • Байланыстар
  • Корпоративтік газет
< Медиатека
Солтүстік-Каспий жобасы

Солтүстік Каспий жобасы – Қазақстандағы теңіз мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы ірі ауқымды жобасы. Оған бес кен орны кіреді: Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты мен Оңтүстік-Батыс Қашаған.

Алып Қашаған кен орны – соңғы төрт онжылдықта табылған ең ірі кен орны. Қашаған – әлемдегі ең күрделі салалық жобалардың бірі.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық консорциум арасында 1997 жылғы қарашада Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (СКӨБК) қол қойылды. Жобаны басқару мердігерлік компаниялар атынан іс-әрекет жасайтын «Норт Каспиан Оперейтинг компания Н.В.» (NCOC) операциялық компаниясы арқылы жүзеге асырылады.

Қашаған кен орны Атырау қаласынан 75 км жерде, су тереңдігі 3-4 м болатын қайраң аймағында орналасқан. Кен орнының коллекторы 4 км-ден астам тереңдікте жатыр және жоғары қысыммен (700 бардан астам) және күкіртті сутектің (H2S) жоғары концентрациясымен сипатталады. Бұл жағдайда күкіртті газды жоғары қысыммен кері айдау мұнай берудің артуына әкеледі.

Қашаған – теңіздегі қатал экологиялық жағдайларға және жобалау, логистика мен қауіпсіздік саласындағы мәселелерге байланысты әлемдегі ең күрделі салалық жобалардың бірі. Солтүстік Каспий субарктикалық климат жағдайында жылына шамамен бес ай мұзбен жабылған. Бұл өз кезегінде инновациялық техникалық шешімдердің қолданылуын талап етеді. ҚМГ шетелдік әріптестерімен бірге жобаны табысты іске асыруда және одан әрі өсу әлеуеті бар өндірудің орнықты деңгейіне қол жеткізді.

Қашаған кен орнын жайластыру схемасы жерүсті және теңіз объектілерінен тұрады. Жерүсті құрылыстарға «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы жатады. Теңіз объектілерінің арасында жасанды құрылыстар салынды: «Д» аралындағы пайдалану-технологиялық кешен, «А» аралы, EPC-2, EPC-3 және EPC-4 аралдың ерте өндіру орталықтары. Қашаған кен орнында барлығы 40 ұңғыма бұрғыланды, оның алтауы – айдау, ал 34-і – өндіруші.

Қазіргі уақытта ҚМГ Қашаған мега жобасында 16.88% иелік етеді.

  • Компания
  • Инвесторларға
  • Тұрақты даму
  • Сатып алу
  • Баспасөз орталығы
  • Мансап
  • Байланыс
Жедел желі
Сіз мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикаға жат мінез-құлық және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз
8 800 080 47 47
WhatsApp арқылы жедел байланыс нөмірі
8 771 191 88 16
Интернет-портал
www.sk-hotline.kz
Электрондық пошта
mail@sk-hotline.kz
Өтініш беру
Жедел желіге қызмет көрсететін тәуелсіз оператор – KPMG компаниясы
2023 © «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ
Заказать звонок