Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент мұнай өңдеу зауытына — 40 жыл

02.04.2025

Осыдан 40 жыл бұрын, 1985 жылдың 28 қаңтарында Шымкент бензині алғаш шығарылды және сол жылы 17 ақпанда кәсіпорын үшін басты оқиға болды — зауытты пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік комиссияның актісіне қол қойылды.

Алайда Шымкент мұнай өңдеу зауытының жобасын іс жүзінде іске асыру 1972 жылы ең маңызды әрі бүгінгі күні де зауыттың «жүрегі» саналатын ЛК-6У қондырғысының құрылысынан бастау алған болатын. Одан кейін, бұрынғы Кеңес Одағының әр жерінде — Украинада, Ресейде және Белорусьте — тағы бірнеше мұнай өңдеу зауыты бір мезгілде салынып жатқандықтан, стандартты емес жабдықтар цехының жобасы тоқтап қалды. Зауыттың құрылысы кейін жалғастырылып, 1973 жылы бірінші нысан — аумағында стандартты емес жабдықтарды дайындайтын цех орналасқан жабдықтар базасы пайдалануға берілді. Сол уақытта негізгі өндіріске арналған жабдықтар жеткізіле бастады.

1978 жылы тағы екі жаңа нысан — қаланың өнеркәсіптік аймағын жылу қуатымен қамтамасыз ететін, қазір де жұмыс істеп тұрған ЖЭО-3 үшін сумен жабдықтау, кәріз және тазалау құрылғылары цехы, сондай-ақ тауар-шикізат цехы ашылды. 1981 жылы ЖЭО іске қосылды. ЛК-6У кешенді қондырғының (Ленгипронефтехим институтында жобаланған, қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдейтін әмбебап кешен) құрылысы қарқынды жалғасты. 1983 жылдың сәуірінде мұнай құю кешені пайдалануға беріліп, зауытқа Омбы–Павлодар–Шымкент құбыры арқылы алғашқы мұнай жеткізілді. Алғашқы мұнайдың жеткізілуі ЛК-6У кешенінің құрылысын жеделдете түсті. Сол жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытының 323-эстакадасынан өңделген мұнай бірінші рет салтанатты түрде вагондармен жіберілді. Сол кезде әскерилендірілген газдан құтқару жасағының, зауыт басқармасының, Орталық зауыт зертханасының, әскерилендірілген күзеттің, автокөлік гаражының ғимараттары, дүкен және басқа да нысандар пайдалануға берілді. Қандай да бір нысанды, торапты немесе кешенді іске қосу туралы бұйрықтар күн сайын шығып жатты. Қазан айында өнеркәсіптік ағынды суларды механикалық және биологиялық тазалау кешені іске қосылды. 16 қарашада зауыттың метрологиялық қызметі құрылды.

1984 жылы тағы да бірқатар нысан, соның ішінде бумен, сумен, ауамен жабдықтау цехы бар: азот-оттегі станциясы, орталық конденсаттау станциясы, ауа-компрессор қондырғысы және орталық зауыт зертханасы іске қосылды. Бұл нысандар болмаса, ЛК-6У қондырғысын іске қосып, әрі қарай пайдалану мүмкін емес еді. ЛК-6У кешенді қондырғысы кезең-кезеңмен іске қосылды, 1984 жылы желтоқсанда ЭЛОУ-АТ 100-секциясының жұмысы басталды. 1984 жылы 30 желтоқсанда түнгі сағат 11-де ЛК-6У қондырғысының 100-секциясында тіке айдалған бірінші бензин алынды. Ол өңдеу нормасына толық сай келмесе де, бұл оқиға монтаждау жұмыстарының аяқталғанын білдірді.

1985 жылы тамызда тағы екі секция пайдалануға берілді: С-200 және С-300 секциялары, ал 1986 жылы қаңтарда газды фракциялау қондырғысы, С-400 секциясы іске қосылды. 1986 жылдың көктемінен бастап зауыт өңдеу қуатын жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізіп, өнімді жоспарға сай шығарып, толық схема бойынша жұмыс істей бастады.

Батыс Сібір мұнайын өңдеу үшін жобаланған ЛК-6У кешені пайдалануға берілген кезде оның бірнеше қондырғысы болды: мұнайды тұзсыздандыру және атмосфералық айдауға арналған, қуаты жылына 6 млн тонна ЭЛОУ-АТ қондырғысы; өнімділігі жылына 1 млн тонна болатын каталитикалық риформинг қондырғысы; қуаты жылына 2 млн тонна дизель отынын гидротазалау қондырғысы; жылына 600 мың тонна керосин өндіретін, керосинді гидротазалау қондырғысы; өнімділігі жылына 450 тонна болатын газды фракциялау қондырғысы. Сондай-ақ моноэтаноламинді (МЭА) регенерациялайтын блогы бар, жылына 20 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы да ұзақ уақыт цехтың құрамында болды. КСРО тарағаннан кейін зауытты шикізатпен қамту қиын мәселелердің бірі болды және зауытқа шикізатты жеткізу тізбегінде түбегейлі өзгерістер орын алды. Зауыт құрамында күкірт мөлшері орташа, парафині аз, салыстырмалы түрде ауыр болып келетін Батыс Сібір мұнайына арналып жобаланған зауытқа Құмкөл кен орнының мұнайы жеткізіле бастады. Бұл кен орны 1986 жылы ашылған және 1990 жылдың көктемінде Құмкөл мұнайының алғашқы партиясы зауытқа жетті. Құмкөл шикізаты анағұрлым жеңіл, күкірті аз және парафині жоғары, сол себепті бастапқы кезде дизель отыны мен керосинді шығаруда қиындықтар туындады. Осыған байланысты дизель отыны мен керосинді гидротазалау қондырғылары дизель отыны мен керосинді гидропарафинсіздендіру қондырғысы болып реконструкцияланды.

1994 жылы 12 ақпанда зауыт «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) АҚ болып құрылды. 2000 жылы алдағы уақытта техникалық жаңғыртуды қажет етіп тұрған зауытты «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы сатып алды. 2002 жылы ШМОС атауы «Харрикейн Ойл Продактс» (ХОП) АҚ болып, ал 2003 жылы «ХОП» АҚ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» болып өзгерді. 2002 жылы қуаты сағатына 70 тоннаны құрайтын қазандықтың құрылысы басталды. Тура бір жылдан кейін тазалау құрылыстарының құрамында мұнай шламдарын утилизациялау қондырғысы пайдалануға берілді.

Зауыттың өртке қарсы пайдаланатын сумен жабдықтау жүйесінде тазартылған өнеркәсіптік ағынды суларды қайта пайдалану схемасы іске қосылғаннан кейін буландыру тоғанына жіберілетін ағыды сулар 36%-ға қысқарды.

Баяу кокстеу қондырғысы (БКҚ) мазутты/гудронды висбрекингтеу қондырғысына реконструкцияланып, қондырғы 2002 жылы іске қосылды.

Мазутты вакуум етіп айдау қондырғысы өнімділігі жылына 1,44 млн тоннаға дейін азайтылып, реконструкцияланды. Зауыт зертханасының жаңа ғимараты салына басталды. Реконструкциядан кейін мазутты вакуум етіп айдау қондырғысы (МВАҚ) 2004 жылы іске қосылды.

2005 жылы 27 қаңтарда зауыт ресми тұлға ретінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «ПҚОП» ЖШС болып тіркелді. Сол жылы қазан айында China National Petroleum Corp. (CNPC) еншілес бөлімшесі CNPC International Ltd. (CNPCI) компаниясы PetroKazakhstan Inc. компаниясын сатып алды. Бұл өңірде мұнай өңдеу саласын дамыту жолындағы маңызды оқиға болды. Сол жылы жоғарыда айтып өткен қуаты сағатына 70 тонна болатын қазандықтың құрылысы аяқталды.

2007 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50% үлесін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы сатып алып, акционер атанды. Содан бері «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) екі мемлекеттің ұлттық компаниялары — қазақстандық ҚМГ және қытайлық CNPC компанияларының басқаруымен үлкен жетістіктерге қол жетуде.

Мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастаған жылдары АИ-76, АИ-72 маркалы бензин, Л-0,2-62, ЛД-0,2, ЛД-0,5 маркалы дизель отыны, РТ маркалы керосин, М-100, М-40 қазандық отыны, сондай-ақ сұйытылған газ — техникалық пропан-бутан қоспасы (ТПБҚ) сияқты мұнай өнімдері шығарылды. Кейін шығарылатын мұнай өнімдерінің түрі көбейіп, AИ-96, AИ-92 және AИ-80 бензині, жазғы және қысқы дизель отыны, ТС-1 авиакеросині, M-100 мазуты, вакуумдық газойль және сұйытылған газ (техникалық пропан-бутан қоспасы (ТПБҚ)), техникалық бутан (ТБ) және техникалық күкірт шығарыла бастады.

Қазақ-Қытай стратегиялық ынтымақтастығының ең табысты жобаларының бірі деп «ПҚОП» ЖШС жаңғырту болды. Жалпы 1 млрд 850 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды. Бұл ауқымды жоба екі акционерден тең негізде алынған қарыз есебінен қаржыландырылды.

Зауытты жаңғырту жобасы екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңі (2014-2017 жылдары) өнім сапасын жоғарылатуға бағыталды. 2017 жылы кәсіпорында шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысы іске қосылып, К4 және К5 класындағы бензиндердің алғашқы партиясы алынды. Бұл өте маңызды қондырғы, себебі ол канцерогенді бензолдың үлесін 5 есе азайтып, бензиннің октандық санын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде АИ-92 бензинін өндіру көлемі 652 мың тоннадан (жаңғыртуға дейін) 1,110 млн тоннаға дейін (1-кезеңі аяқталғаннан кейін) артты. Осы уақыттан бастап жоғары октанды бензин маркалары 100% шығарылатын болды, яғни АИ-80 маркалы бензині өндірісі толық тоқтады. 2017 жылы жаңғырту жобасының 1-кезеңі аясында С-300/1 қондырғысы реконструкциядан өткеннен кейін зауыт К4 класындағы дизель отынын шығара бастады.

2015-2018 жылдары — бұл мұнай өңдеу көлемін жылына 6 млн тоннаға дейін көбейтуге бағытталған жаңғырту жобасының екінші кезеңі. Prime G+ қондырғысы бензинді күкіртті қосылыстардан тазалауды қамтамасыз етіп, қазіргі заманғы стандарттарға сай жанар-жағармай өндірісінің жоғары көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік берді. 2018 жылы 1 тамызда RFCC (Resid Fluid Catalytic Cracking) каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат берілді, 15 тамызда кондицияға жеткізілген өнім шығарыла бастады, ал 30 тамызда жаңғырту жобасының 2-кезең нысандары толығымен пайдалану режиміне ауыстырылды. Нәтижесінде жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемі жылына 2,27 млн тоннаға дейін артты (бұл ретте АИ-92 маркалы бензинін өндіру көлемі жаңғыртуға дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда 3,2 есеге жуық, ал АИ-95 бензинін өндірісі 16 есеге ұлғайды). Дизель отынын өндіру көлемі жылына 1,916 млн. тоннаға дейін (1,6 есе), авиаотын өндіру жылына 400 мың тоннаға дейін (1,5 есе) ұлғайды.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының үш маңызды міндеті болды: шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылату; шығарылатын өнім сапасын К4 және К5 халықаралық экологиялық стандарттарға жеткізу; мұнай өңдеу қуатын жылына 6 млн тоннаға дейін жоғарылату. Осылайша, компания алға қойған міндеттерін толық орындады.

Жаңғырту жобасы барысында 11 технологиялық қондырғы және 29 жалпы зауыт шаруашылығы нысаны іске қосылып, шамамен 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұрын зауытта К2 класындағы жанармай шығарылатын болса, жаңғыртудан кейін К4 және К5 класындағы бензин мен дизель отыны шығарыла бастады. Зауытта тәулігіне шамамен 15 мың тонна жанар-жағармай шығарылса, соның 6 мың тоннадан астамы — жоғары сапалы бензин.

Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауыты К4 стандарты бойынша АИ-95, АИ-92 маркалы бензин, К4 стандартындағы ДО-Л, ДО-Е, ДО-З маркалы (жазғы, маусым аралық және қысқы) дизель отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған ТС-1 маркалы отын, М-100 маркалы отын мазуты, сұйытылған газ және қабыршақты күкірт шығарады.

Өндірілетін өнімнің сапасын «ПҚОП» ЖШС-нің заманауи жабдықтар орнатылған зертхананың ұжымы қадағалайды. Зауыт зертханасының құрамына сынау зертханасы және суды-ауаны бақылау мен реагенттер зертханасы кіреді.

2024 жылы ПҚОП-та 5,74 млн тоннадан астам мұнай өңделді.

Мұнай өнімдерінің өндірісі: автобензин — 2,09 млн. тонна, 2023 жылмен салыстырғанда 39 мың тоннаға артық; дизель отыны — 1,78 млн. тонна, 2023 жылдағы көрсеткіштен 23 мың тоннаға көп; авиаотын — 319 мың тонна, 2023 жылмен салыстырғанда 4 мың тоннаға артық; сұйытылған мұнай газы — 335 мың тонна, 2023 жылдағы көрсеткіштен 11 мың тоннаға көп.

2024 жылы ПҚОП жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісін 78,8%-ға және мұнай өңдеу тереңдігі көрсеткішін 85,8%-ға жеткізді. Технологиялық отын мен шығын көрсеткіші 7,9%-ға азайып, 2023 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға төмен болды.

Бұл көрсеткіштер зауыт өзінің операциялық тиімділігін үнемі жоғарылатып отыратынын және мұнай өнімдерінің сапасы жоғары стандарттарға сай келетінін растайды.

Бүгінде кәсіпорында шамамен 2 мың адам еңбек етеді.

Қазіргі уақытта CNPC компаниясымен бірлесіп, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын 2030 жылға қарай жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Жоба басым бағыттар бойынша терең өңдеу кластерлерін құруға бағытталған ҚР ірі жобаларының тізіміне енген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ