Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Полимер-бензин мен полимер-керосин дегеніміз не

20.09.2024

Полимер-бензин және полимер-керосин — сұйытылған мұнай газы құрамындағы бутен сияқты қанықпаған көмірсутектерді полимерлеу нәтижесінде алынған өнімдер.

Полимер-бензин

Полимер-бензин сұйытылған газды полимерлеу арқылы өндіріледі, ал кәдімгі бензин мұнайдың түрлі фракцияларын айдау және араластыру арқылы алынады. Полимер-бензин – бұл 200°C температурадан 250°C-қа дейінгі температурада айдау кезінде алынатын төмен молекулалық салмағы бар полимерлер қоспасы. Ол негізінен олефин көмірсутектерінен (алкеннен) тұрады, құрамында парафин, циклопарафин және ароматикалық көмірсутектер аз болады.

Полимер бензині кәдімгі бензиннің қасиеттерін жақсарту үшін қоспа ретінде жиі қолданылады. Жоғары октан санының арқасында полимер-бензин отынның детонацияға қарсы қасиеттерін арттырады, бұл қозғалтқышта тұрақты әрі тиімді жануына ықпал етеді. Бұл қозғалтқыштың жұмысын жақсартуға, зиянды шығарынды мөлшерін азайтуға және жалпы отын тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Осылайша, полимер бензинін кәдімгі бензинге қосу арқылы пайдалану сипаттамалары жақсы отын алуға болады, бұл әсіресе қазіргі заманға сай жоғары тиімді қозғалтқыштар үшін өте маңызды.

Полимер-керосин

Полимер-керосин, полимер-бензин сияқты, қанықпаған көмірсутектерден өндіріледі, бірақ құрамы мен қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Ол реактивті қозғалтқыштар мен жоғары температурада жұмыс істеуді және тұрақтылықты қажет ететін басқа жағдайларда отын ретінде пайдаланылады.

Қай жерде өндіріледі?

Екі өнім де мұнай-химия өнеркәсібіндегі маңызды компоненттер болып саналады және дәстүрлі отынның өнімділігін жақсарту үшін қолданылады.

Мысалы,  Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) 3203 атауымен белгілі бутендерді олигомерлеудің технологиялық қондырғысы сұйытылған мұнай газының қанықпаған қосылыстарын полимер-бензин мен полимер-керосинге айналдыруға арналған. Бұл қондырғының ТМД-да баламасы жоқ және ол каталитикалық крекинг қондырғысынан алынатын сұйытылған газды жоғары октанды полимер-бензин мен полимер-керосинге белсенді айналдыруға мүмкіндік береді.

Аталған қондырғының негізгі параметрлері жылына 440,34 мың тонна сұйытылған газ өндіруге қауқарлы олигомерлеу блогының номиналды есептік өнімділігін қамтиды. Пропиленді, изобутенді және қалыпты бутендерді олигомерлеу процесінде мынадай өнім алынады: полимер-бензин, полимер-керосин, отын көмірсутегі газы және сұйытылған көмірсутек газы (СКГ).

Бұл қондырғы күкірт қышқылы мен фторсутекті алкилдеу технологиясының толық алмастыра алады, бұл қалдық қышқылдардың зиянды шығарындысын толығымен жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыда өндірілетін полимер-бензин тауарлық бензинді дайындау үшін жоғары октанды компонент (қосымша) ретінде пайдаланылады, ал полимер-керосин авиацияда және тұрақты әрі тиімді отынды қажет ететін басқа салаларда қолданылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ