Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Магистралды мұнай құбыры дегеніміз не?

25.12.2023

«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) – магистралды мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы. Компания 5,4 мың шақырымға созылған магистралды мұнай құбырларының әртараптандырылған желісін басқарады.

Магистралды мұнай құбырлары мұнайдың үлкен жүк ағындарын ұзақ қашықтыққа (бірнеше мың шақырымға дейін) тасымалдауға арналған, олардағы жұмыс қысымы әдетте 5-7,5 МПа жетеді.

Құбырлардың жіктелуі

Мұнайды тасымалы үшін төрт құбыр түрі қолданылады:

  1. кәсіпшілік құбырлар ұңғымаларды дайындау нысандарымен және қондырғыларымен біріктіреді (диаметрі 100-200 мм; кәсіпшілік коллектордың диаметрі — 500-1000 мм; қысым 32 МПа және одан да жоғары болады);
  2. технологиялық мұнай құбырлары — технологиялық құрал-жабдықты өзара байланыстыруға арналған, олар мұнайды немесе газды механикалық қоспалардан, судан және басқа да компоненттерден тазартады;
  3. тарату мұнай құбырлары — олар магистралды құбырлардан бастап газды немесе мұнай өнімдерін тікелей тұтыну орындарына дейін салынады;
  4. магистралды құбырлар – бастапқы өңдеу орындарын тұтыну немесе өңдеу орындарымен біріктіреді қосады және ұзындығы ондаған мың шақырымға созылады.

Магистралды мұнай құбырлары дегеніміз – тауарлық мұнайды өндіру немесе сақтау жерлерінен (мұнай тиеу базасы, мұнай өңдеу зауыты, мұнай құю пункті және басқалар) тұтыну орындарына дейін айдауға арналған құбырлар, олардың ұзындығы 50 километрден асатын, диаметрі 219-дан 1420 мм-ге дейін болады.

Құбырлардың шартты диаметріне байланысты магистралды мұнай құбырлары төрт санаттан тұрады. Бірінші санатқа шартты диаметрі 1000-1420 мм, екіншісіне – 500-1000 мм, үшінші санатқа — 300-500 мм, төртінші санатқа 219 мм-ден 300 мм дейінгі магистралды құбырлар жатады.

Магистралды мұнай құбырының нысандары мен ғимараттары

Магистралды мұнай құбырының нысандары мен ғимараттарын желілік және алаң түріндегі деп екіге бөлуге болады.

Алаң түріндегі нысандар

Алаң түріндегі нысандар — бұл жерүсті ғимараттар мен құрылыстардың тұтас кешені, оларға мұнай айдайтын станциялар (МАС), соңғы пункт (СП), резервуар парктері (РП), мұнайды жылыту пункттері, мұнай құю эстакадалары жатады. Ұзаққа созылған магистралды мұнай құбырлары бірнеше пайдалану учаскесінен тұрады, олардың әрқайсының 4-8 мұнай айдау станциясы бар.

Алаң маңында мұнай алдыңғы МАС сорғыларынан тікелей кейінгі сорғыларға айдалады, ал пайдалану учаскелері арасында резервуарлар қосылады. Сонымен қоса, магистралды мұнай құбырының басында және оның соңында резервуарлық парк салынады.

Мұнайды ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде әрқайсының ұзындығы 400-ден 600 км-ге дейінгі пайдалану учаскелерін құрастыру көзделеді. Пайдалану учаскелерінің шекарасында құрамы бас МАС-қа (БМАС) ұқсас, бірақ сыйымдылығы аз резервуарлық паркі бар РП-мен аралық МАС (БМАС) орналасады.

Мұнай құбырының соңында мұнай шеткі пункт — мұнай өңдеу зауытының шикізат резервуарлық паркіне немесе мұнайды теміржол цистерналарына немесе танкерлерге тиеп жөнелтетін ірі мұнай базасына келіп түседі.

Желілік құрылыстар

Магистралды мұнай құбырының желілік құрылыстары (шын мәнінде магистралды құбырдың басты буыны) -  үздіксіз тізбекке дәнекерленген құбырдың өзі.

Магистралды құбырлар үшін диаметрі 300-ден 1420 мм-ге дейінгі тұтас тартылған немесе дәнекерленген (тік тігісті немесе спираль тәрізді) құбырлар қолданылады. Құбыр қабырғасының қалыңдығы 10 МПа жетуі мүмкін, ол құбырдағы жобалық қысыммен анықталады.

Ірі өзендердің қиылысында мұнай құбырлары құбырларға бекітілген темірбетон жүктерімен немесе қатты бетон төсемімен ауырлатылады және өзен түбінен төмен көміледі. Негізгіден басқа, бірдей диаметрлі су асты өткелінің резервтік желісі салынады. Темір және ірі тас жолдардың қиылыстарында құбыр құбырлардан «патронда» салынады. Патронның диаметрі құбырдың диаметрінен 100-200 мм-ге артық.

Мұнай құбырлары трассаларына жақын орналасқан елдімекендердің мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін өтеу үшін  салыстырмалы түрде кіші диаметрлі құбырлардан тармақтар немесе бұрмалар салынады, олар бойынша мұнай өнімдерінің бір бөлігі (кезең-кезеңімен) осы елдімекендерге жеткізіледі.

Трассаның рельефіне байланысты 10-30 шақырым аралықпен құбырда апат болса немесе жөндеу жұмыстары кезінде учаскелерді жабу үшін бекіту арматурасы (желілік ысырма) орнатылады.

Желілік бөлікте жылыту пунктері де орналасуы мүмкін. Мұнай жылу алмастырғыштарда немесе сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештерде жылытылады. Мұнайдың көп мөлшерін тасымалдау қажет болған кезде екі және одан да көп параллель желілерден тұратын мұнай құбырларының бірнеше желісі салынады. Магистралды мұнай құбырының жұмыс режимі диспетчерлік басқару пунктінен, телемеханика жүйелерінен тұратын автоматтандырылған жүйелердің көмегімен басқарылады.

Үлкен жолдың бойында диспетчері бар байланыс желісі (телефон, радиорелелік) өтеді. Оны телеөлшеу және телебасқару сигналдарын беру үшін пайдалануға болады.

Трасса бойында орналасқан катодты және дренажды қорғау станциялары, сондай-ақ протекторлар құбырдың коррозияға ұшыраудан қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ