Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Кеме «өкіл анасының» пайда болу тарихы

26.11.2023

Кемені қасиеттеу дәстүрі мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ежелгі Мысырда кемелер теңізге шықпас бұрын бата алған. Гректер мен римдіктер Посейдон мен Нептунды теңізшілерді қорғауға шақырған: құдайлардың құрметіне шарап ішіп, кемеге су құйып батасын берген. Осман империясында кеменің суға түсуі Аллаға дұға етумен, құрбандыққа қой союмен өткен. Иудейлер мен христиандар әдетте шарап не су ішіп, әулиелерден шапағат тілеп, шіркеу өкілдерінен бата сұраған.  

Ортағасырлық Англияда кемеге үлкен алтын тостағаннан шарап шашыратып, кеменің атын дауыстап айтып, құдайлардан кеме мен теңізшілердің амандығын сұраған. Кеме суға түскенде ыдыстан корольдің денсаулығы үшін ішіп, ыдысты суға лақтыратын. 1690 жылы алтын тостаған орнына шарап бөтелкесі пайдалана бастады.  

Англияда кемені суға түсіру құрметті рәсімін корольдің отбасы мүшелері, теңіз аға офицерлері және адмирал өкілдері атқарған. Бұл рәсімге әйелдер тек 1811 жылдан бастап, король IV Георгтың жеке рұқсатымен жіберіле бастаған. Осылайша теңіз ісінде әйелдер бақытсыздық әкеледі деген байырғы теңіз дәстүріне нүкте қойылды. Шоқындырудың заманауи түрі шампанмен жасалады. Бұл Еуропада 1860 жылдан бері белгілі.  

Өкіл анасы рөліне атақты, беделді әйелдер таңдалған. Ұлыбритания королевасы II Елизавета өзінің құрметіне аталған лайнердің өкіл анасы болған, ал кинодива Софи Лорен MSC Cruises компаниясының бірталай лайнерлерінің өкіл анасы атанған. Өкіл ана кеменің қамқоршысы әрі қорғаушысы болып есептеледі.  

Қазақстанда да бұл халықаралық флот дәстүрі орын алған. Әйгілі ақын Фариза Оңғарсынова 1999 жылы «Сұңқар» қалқымалы бұрғылау баржасының өкіл анасы болған. Дәл сол баржаның көмегімен Қашаған кен орнында алғашқы ұңғыманың бұрғылануы басталды. ТМД-дегі алғашқы теңізші әйел Жанар Ибраева 2016 жылы «Атамекен» алып жүк көлігінің «өкіл анасы» құрметіне ие болды. Маңғыстаудағы алғашқы құрылысшы әйел Ұлболсын Ахметова 2017 жылы «Алатау» әскери кеменің қамқоршысы атанды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ