ҚМГ кен орындарын сандық диагностикалау картасы
18.06.2024
ҚазМұнайГаз активтерінің «Денсаулық матрицасын» қалыптастыру және түсіну үшін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (кен орындарын барлау мен игеруді ғылыми-техникалық және инжинирингтік дамытуды, сондай-ақ оларды цифрландыруды қамтамасыз ететін ҚМГ-нің еншілес кәсіпорны, құзыреттер орталығы) сарапшылары кен орындары активтерінің ағымдағы жай-күйін нақты түсіну, барынша тиімділікке қол жеткізу үшін факторларды және оларды оңтайландыру тәртібін айқындау үшін 2023 жылы ҚМГ-нің ТОП-12 кен орнының арнайы біріздендірілген диагностикалық картасын әзірледі[1].
Мәселе өндірісте цифрлық шешімдер мен технологиялар операциялық менеджментте де, өндірістің технологиялық тізбегінде де әлсіз жерлерді сапалы және уақытылы қадағалап отыруға мүмкіндік беретіндікте. Бұл әдісті қолдану Қазақстанның мұнай-газ өндіретін компаниялары жағдайларында өзекті, өйткені ол компанияның барлық құрылымдарын қамти алады: менеджменттен жабдық ревизиясына дейін және т.б.
Технологиялық сын-қатерлерді анықтау тәсілдерін әзірлеу үшін Диагностикалық картаны ҚМГ операциялық активтерінің барлық кен орындары бойынша әртүрлі көздерден талап етілетін деректермен толтыру бойынша бірлескен үлкен жұмыс атқарылды. Бірінші кезеңде кез келген кен орнын немесе жалпы активті бағалауға болатын бағыттар бойынша негізгі критерийлер бағаланды. Критерийлерді іріктеуге қойылатын талап - олар оңай цифрлануы тиіс және кен орындарының негізгі (өзекті) проблемаларының бірін сипаттауы тиіс болды. Осылайша, Диагностикалық деп аталған карта қалыптастырылды. Диагностикалық картаның негізі сын-қатердің ағымдағы сипаттамасын немесе динамикасын жан-жақты көрсете алатын, яғни компанияның осы мәселені шешуге салатын күшін анықтай алатын технологиялық параметрлер немесе индикаторлар болып табылады.
Карта үнемі жетілдіріледі. ҚМГ-нің кен орындарының басым бөлігі игерудің соңғы сатысында екенін ескере отырып, бағыттар бойынша технологиялық параметрлердің негізгі критерийлерін кезең-кезеңімен талдау қажет. Мәселен, геология бойынша — қорларды толтыру қарқыны айқын болуы үшін, игеру бойынша - өнімді іріктеу және суландыру қарқынын көрсету үшін, өндіру бойынша — жерүсті жабдықтарының істен шығу жиілігін, өндірістік инфрақұрылымның технологиялық шектеулерін, ұңғымалардың құрылысы мен аяқталу сапасын, өндіруші ұңғымалардың жөндеу аралық кезеңін көру үшін. Барлық осы параметрлер кез келген кен орнын немесе тұтастай активті бағалауға және кен орындарының негізгі проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді. Өзекті технологиялық параметрлерді және олардың сандық параметрлерін анықтау нәтижесінде ҚМГ кен орындарының негізгі өндірістік проблемаларын диагностикалауға құрал әзірленді.
Бүгінгі таңда Диагностикалық карта бір кен орнында ғана емес, ҚМГ-нің барлық кен орындарында да өндірістік проблемалардың таралу аймақтарын анықтау үшін аса тиімді. Диагностикалық картаның таңдалған критерийлерінің әмбебаптылығын ескере отырып, әзірленген сайман кез келген басқа да кен орындарының (ҚазМұнайГаздың ғана емес) жаңдайларына да икемделуі және тиісті технологиялық проблемаларды шешуге қолданылуы мүмкін. Технологиялық шешімдерді сапалы іске асыру мұнай өндіруді тұрақтандыруды қамтамасыз етуге, кен орындарының өмірлік циклін ұзартуға және кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Диагностикалық карта ҚМГ мен оның серіктестеріне кен орындарын дамыту, процестерді оңтайландыру және өндіру тиімділігін арттыру бойынша негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Оны әлеуетті инвесторларға кен орындары мен олардың әлеуеті туралы толық ақпарат беру арқылы инвестицияларды тарту үшін пайдалануға болады.
[1] Ж.Т.Жетруов, Б.К.Хасанов, Ж.К.Нұғманов. Кен орындарының соңғы игеру сатысында технологиялық сын-қатерлерін анықтауға арналған жаңа көзқарастар // Қазақстанның мұнай-газ саласының жаршысы. - 2023. - Т. 5. - №4. - C. 37-47. doi: 10.54859/kjogi108666. URL: https://vestnik-ngo.kz/2707-4226/article/view/108666 (өтініш күні: 30.01.2024).