Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Композиттік құбырлар мұнайшыларға коррозиямен күресуге көмектеседі

19.02.2024

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту, жаңа техникалар мен технологияларды игеру бойынша белсенді жұмыстар жалғасу үстінде. Атап айтқанда, Қаламқас кен орнында болат құбырларды икемді композитті құбырларға ауыстыру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жұмыстары сәтті аяқталды.

Биыл өзінің 45 жылдығын атап өтетін Қаламқас кен орны жетілген мұнай кәсіпшілігіне жатады. Жылдар бойғы үздіксіз жұмыс ішінде айдалатын судың агрессивті қасиетіне байланысты жоғары қысымды металл коллекторлардың пайдаланудан шығуына байланысты проблемалар туындайды. Осыған байланысты компания жыл сайын металл құбырларын күрделі жөндеуге жоғары шығындар жұмсайды. Соңдықтан, қазіргі кездегі негізгі міндеттердің бірі — металл құбырларды коррозияға және абразивті тозуға төзімді басқа құбырларға ауыстыру арқылы ҚҚҰЦ жүйесіндегі жоғары қысымды құбырлардың қызмет ету мерзімін ұзарту.

Болат құбырларының қарқынды коррозиясы авариялар мен тоқтап қалуларға әкеледі, бұл технологиялық процесте үзілістер тудырып, температура мен гидравликалық режимді бұзады және нәтижесінде мұнай өндірудің бүкіл цикліне әсер етеді. Осы мәселені шешу үшін кәсіпорынның Өндірістік-техникалық департаментінің жаңа технологиялар бөлімі 2023 жылы «Fibron Pipe GmbH» компаниясының иілгіш композиттік құбырын қолдану жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға бастама білдірді. Сол себептен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы Қаламқас кен орнының ҚҚҰ жүйесіне арналған диаметрі 80 мм және 100 мм 90 атм икемді композиттік құбырларға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу туралы шешім қабылдады.

Иілгіш композиттік құбырларды «Fibron Pipe GmbH» компаниясы жасаған, олардың болат құбырларға қарағанда артықшылығы – жоғары коррозияға төзімділігі мен ұзақ қызмет ету мерзімінде. Композиттік құбырларды сынау үшін «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ қабат қысымын ұстау цехінің нысанында жоғары қысымды құбыр учаскесі таңдалды. Сынақ барысында құбырдың герметикалық нығыздығы, коррозияға, температураға және сыртқы әсерлерге төзімділігі, құбырлардың жарықтары, қабыршақтануы және деформациясы, құбырлардың ішкі қабырғасында шөгінділердің болмауы, өткізу мүмкіндігін растау (тәулігіне 1170 м³) және өзге де өлшемдері бағаланды.

Нәтижесінде, сынақ кезінде осьтік коллектордың сыналатын учаскесінде иілгіш композиттік құбырлардың герметикалық нығыздығынан немесе ағып кету себебінен тоқтауы анықталған жоқ, айдаудың технологиялық режимі, жұмыс қысымы қалыпты болды, технологиялық процесс бұзылған жоқ.

Осылайша, ММГ мамандары «Қаласкасмұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ жүйесі үшін иілгіш композиттік құбырларды енгізу бойынша сынақ оң нәтиже берді, технологиялық және экономикалық тиімділігі дәлелденді деген қорытындыға келді.

Егер болат құбырлардың қызмет ету мерзімі орта есеппен 3-5 жыл болса, онда композиттік құбырлардың қызмет ету мерзімі – кемінде 20 жыл. Кәсіпшілікте «Fibron Pipe» өндірісінің иілгіш композиттік құбырларын енгізу арқылы құбырларды жөндеу және авариялық тоқтатулардың саны азаяды. Сондай-ақ, иілгіш құбырлардың бұл түрінің басты артықшылығы – 20 МПа-ға дейінгі жоғары қысымда жұмыс істеу қабілеті (PPD жүйесінде).

Мамандардың пікірінше, бұл технологияларды қолдану экономикалық тұрғыдан да жақсы нәтиже береді.

Сәтті өткен сынақтан кейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы болат құбырларды сайып келгенде, мұнай кәсіпшіліктері жұмысының технологиялық процесіне оң әсерін тигізетін иілгіш композиттік құбырларға кезең-кезеңімен ауыстыру мүмкіндігін қарастырмақ.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ