Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ББПП-пленкасы және оның экономикадағы маңызы

02.07.2025

ББПП-ны түсіндірсек — ол биаксиалды бағытталған полипропилен пленкасы — полипропиленнен (ПП) тікелей байланысты. Бұл мұнай өңдеудің қосалқы өнімі болып табылатын газ — пропиленнен алынатын, әлемдегі ең әмбебап және кең пайдаланылатын пластиктердің бірі — термопластик полимері. Полипропиленнің өзі — жеңіл, берік және химиялық төзімді материал. Оны экструзия (сығу) әдісімен балқытуға және жұқа пленкаға айналдыруға болады. Бұл жерде «биаксиалды бағытталған» термині маңызды. Экструзиядан кейін пленканы өзара перпендикулярлы екі бағытта: алдымен ұзынынан (төсемнің қозғалысы бойымен), содан кейін — көлденең созады. Бұл процесс пленка полипропиленнің ұзын молекулалық тізбектерімен бағдарланған.

Сіз қамырдың бір бөлігін созып жатқаныңызды елестетіңіз — ол жіңішке әрі үлкен болады. Полимерлік пленкамен де солай болады, бірақ молекулярлық деңгейде бұл таңқаларлық өзгерістерге әкеледі. Мұндай екі осьтік бағыттау ББПП-пленкасы ерекше қасиеттерге ие. Ол жыртылуға немесе тесілуге төзімді, берік әрі пішінін жақсы ұстайды. Материал жұқа болғандықтан оралған зат көрініп тұрады. Бұдан басқа, пленка ылғал мен түрлі иістерден қорғай отырып, заттың белгілі бір температура диапазонында тұрақты ұстап тұрады. Тағы бір маңызды ерекшелігі зат арнайы өңдеуден өткендей болып тұрады.

Өнертабыс тарихы: Өндірістің даму кезеңдері

ББПП-пленка полипропиленмен тікелей байланысты. Пропилен полимеризациясының дамуна полипропилен (изотактикалық полипропилен) алуға мүмкіндік беретін катализаторларды әзірлеген 1950 жылдардың ортасындағы Карл Циглер мен Джулио Наттың[1] еңбектері серпіліс берді. Бұл еңбек 1963 жылы  химия бойынша  Нобель сыйлығына ие болды және «Montecatini» компаниясының полимерді өндіре бастауына жол ашты.

Осыдан бастап заманауи материалдардан пленкалар жасау бойынша эксперименттер жолға қойылды. Алайда қарапайым полипропилен пленкасы көптеген бағыттарда қолдану үшін беріктік қасиеттерге ие болмады. 1960-шы жылдары полимермен және орау заттарын шығаратын компаниялар (мысалы, АҚШ-тағы «Mobil», «Hercules», Ұлыбританиядағы «ICI» компаниялары) пленкалардың химиялық қасиеттерін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жасады. Басқа полимерлер үшін қолданылған екі осьтік бейімдеу технологиясы полипропиленге сәтті бейімдеді. Бұл оның сипаттамаларын бірден жақсартуға мүмкіндік беріп, шамамен 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басынан бастап целлофанды және басқа да аз жетілдірілген материалдарды нарықтан ығыстыра отырып, қаптама өндірісіндегі ББПП-пленканы кеңінен пайдалануға жол ашты.

Бүгінде ББПП-пленканы қалай жасайды?

Заманауи ББПП-пленкасының өндірісі — күрделі әрі жоғары технологиялық процесс. Бұл бағытта Tenter Frame техологиясысы барынша кең тараған әдістердің бірі және ол бірнеше сатыдан тұрады. Мысалы былай: арнайы қоспалар қосылған полипропилен түйіршіктері жоғары температурамен[2] балқытылып, жазық саңылаулы табақшаларға сығылады. Кейіннен балқытылған табақша беттер салқындататын барабанға (чилл-ролл) түсіп, мұнда бейімделмеген пленкаға (каст-пленкаға) айнала отырып, жылдам қатайады. Содан кейін пленка әртүрлі жылдамдықпен айналатын валкалар сериясында бойлық бағдардан (MDO — machine direction orientation) өтеді; кейінгі валкалар пленканы ұзындығы бойына 4-6 есе соза отырып, бұрынғыдан да жылдам айналады. Осыдан кейін көлденең бейімдеу (TDO — transverse direction orientation) болады: пленканы шеттерінен арнайы қысқыштармен (клипсалар) ұстап, ұзын пешке — кеңейту жақтауына (tenter frame) береді. Жан-жаққа жүретін рельстермен жылжи келе, қысқыштар пленканы мұқият бақыланатын температурада көлденең бағытта 8-10 рет созады. Созғаннан кейін қысқа мерзімді қыздыру және созылған күйде кейіннен салқындату жолымен құрылымды тұрақтандыру үшін пленка термобекітуге (annealing) ұшырайды. Үлкен орамдарға (джамбо-роллдар) орар алдында пленканың беті бояумен және желімдердің адгезиясын жақсарту үшін жиі короналық разрядпен, жалын

Бұдан бас қа техологиялар қолданылады. tenter frame әдісі – ББПП-пленкасын өндірісте ең танымал техологияның бірі.

ББПП-пленкасының экономикадағы маңызы

Пленка материал өндірісін дамыту Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. БОПП-пленкасы полипропиленнен жасалады. Ал бұл шикізатты «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) шығарады. 2029 жылға қарай Қазақстанда қосылған құны жоғары полипропилен өндірісінің көлемі екі есеге өсіп— қазіргі жылдық 40-50 мың тоннадан шамамен 115 мың тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда.

Бұл елге не береді? Біріншіден, шикізатты өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығарудың классикалық үлгісі: ел полипропиленнің арзан түйіршіктеріне қатысты экспорттың орнына, бағасы әлдеқайда жоғары дайын өнімді өндіруді және әрі қарай сатуға жол ашады. Екіншіден, өз өндірісінің нәтижесінде ішкі сұранысты қанағаттандыруға, валюталық шығынды қысқартуға және азық-түлік және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, импортты алмастыруға ықпал етеді. Үшіншіден, заманауи зауыт көршілес елдер мен жаһандық нарықтар үшін әлемдік деңгейдегі өнім өндіре отырып, экспорттық әлеуетті ашады. Мұндай өндіріс аралас салаларды - қаптама, этикетка, полиграфиялық өнім өндіретін компанияларды және осы қаптаманы тұтынатын кәсіпорындарды дамытуды да ынталандырады.

Білікті инженерлер, технологтар және операторлар үшін жаңа жұмыс орындарын құру да маңызды. Бұл өз кезегінде елге озық технологиялар мен инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Әлемдік үрдіс: Өндіру, тұтыну перспективтері

ББПП-пленкасының әлемдік нарықтағы маңызы зор, оның көлемі шамамен 30 млрд АҚШ долларымен (2024-2025 жылдардағы жағдай бойынша)[3] бағаланған және бұл көрсеткіш өсуде. Пленка өндірісінде Қытай әлемдік қуатқа ие. Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыста және Үндістанда өндіру, тұтыну көлемі өсуде.

Сауда нарығында оралатын тамақ өнімдерінің, сондай-ақ бөлшек сауда түрлерінің жылдам дамуы ББПП-пленкасына деген сұранысты ұлғайтуда. Себебі ыңғайлы әрі жеңіл ораудың пленка типті құралы бұрыннан келе жатқан қатты қаптаманы бірте-бірте ыңыстыруда.

Сарапшылардың болжамынша, жақын 5-10 жылда ББПП-пленкасының әлемдік нарығының өсімі 5-6%-ға жетеді. Саланың болашағы көбіне тұрақты даму мәселелеріне байланысты. Оның үстіне өндірушілер пленкаларды барлық қажеттi қасиеттерiн сақтай отырып, ыңғайлы әрі тиімді моно-материалдық шешімдерді құру бағыттарында белсенді жұмыстар жасауда.

Қорытынды

ББПП-пленкасы — химия мен инженерлік жетістіктері күнделікті сұраныстың ажырамас өніміне айналуының жарқын мысалы. Бұл тек пластик қана емес едәуір инвестициялар мен әлеуетті қажет ететін жоғары технологиялық өндіріс. Экономикасын әртараптандырып және шикізатты терең өңдеуге ұмтылған елдер үшін ББПП-пленкасының заманауи өндірістерін құру қаржылық жағынан тиімді және стратегиялық маңызды қадам болады.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі

[1] Пластик экономикасының королі // «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ– 2024. — URL: https://www.kmg.kz/ru/press-center/articles/king-plastic/ (жүгіну күні: 21.04.2025).
[2] ББПП-пленкасы өндірісі контекстінде, экструдер (лат. extrudere — итеру, сығу) — бұл балқыту және кейіннен арнайы құрал - жазық саңылаулы экструзиялық мойын арқылы қысу жолымен, одан әрі биаксиальды бағдарлау үшін тегіс дайындама-пленканы құрай отырып, полипропилен түйіршіктерін үздіксіз қайта өңдеуді жүзеге асыратын машина.
[3] BOPP Films Market – Type, Thickness, Production Process, Application – Global Forecast, 2025 – 2034, 2025. — URL: https://www.gminsights.com/industry-analysis/bopp-films-market (жүгіну күні: 22.04.2025).
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ